Түстер (color)

«Кәусар» тобы

Күні: 16. 11. 2012ж

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Ағылшын тілі

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Colors (Түстер)

Мақсаты: 1. Білімділігі: түстерді ажырата білуге және ағылшын

тілінде айтуға үйрету

2. Дамытушылығы: ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айту,

нақты айту, сөз қорын байыту, есту қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиешілігі: шет тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: бейнелеу, дене тәрбиесі, ана тілі

Билингвистикалық компонент: Red - қызыл

yellow - сары

green - жасыл

blue - көк

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, қимыл әрекет, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, дидактикалық ойын

Қажетті құралдар: интерактивтік тақта, әр - түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған әр - түрлі түсті гүлдің жапырақтары, шар, доп, үнтаспа мен музыкалық центр

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Іс - әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Ұйымдастыру

Амандасу: (Greeting)

  • Good morning children!

Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады

  • Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning our teacher

We are glad to see you

Thank you children, sit down please

(Рахмет балалар, отыра қойындар)

Шаттық шеңбер:

Балалар бізге қонаққа ағылшын елінен ақ қоян келе жатыр (осы кезде ақ қоян секіріп келіп) :

  • Good morning friends. I am white rabbit. And I want to meet you.

Балалар ақ қоян сендермен танысқысы келетінін айтып жатыр. Қане бәріміз шеңберге тұрайық, доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік(балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

  • «What is your name?» Сенің атың кім?
  • «My name is …» Менің атым . . .

Ақ қоян: Thank you, I am glad to meet you. And it is for you.

- Жарайсыңдар балалар, ақ қоян сендермен танысқанына өте қуанышты екен. Және ол мына мультфильмді сендер көрсін деп алып келіпті. Қане балалар барлығымыз мультфильмді назар қойып көрейік.

Балалардың іс - әрекеті:

Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады

Балалар орындарына отырады

Балалар допты қағып алып, атын ағылшын тілінде айтады да допты қайтадан мұғалімге лақтырады

Барлығы тып - тыныш мультфильм көреді

Іс - әрекет кезеңдері: Ізденуші - ұйымдастырушы
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Жаңа тақырып:

Балалардан мультфильмнің не жайлы екенін сұрау.

Балалардан үрленген шарлардың қандай түсті екенін сұраймын. Балалар қазақ тілінде жауап береді.

-Жарайсыңдар балалар, түстерді ажырата алады екенбіз. Бүгін біз осы түстердің ағылшынша айтылуын үйренеміз.

Look at me!

Listen and repeat after me!

(Тыңдаймыз және менен кейін қайталаймыз)

Мұғалім түстердің суреттерің көрсетіп, түстерді атап береді. Балаларға 3-4 рет айтқызып қайталаттырады.

Red - қызыл

yellow - сары

green - жасыл

blue - көк

Жаңа сөздермен жұмыс жасау:

Дидактикалық ойын: «Гүл жинау»

Мұғалім балаларға әр -түлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекепен бір - бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақты үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады.

Мақсаты : есту қабілетін дамыту

Сергіту сәті:

Тақтада бейнеролик көрсетіліп тұрады, балалар сол роликке қарап орындайды.

Шығармашылық жұмыс:

- Балалар мына суретті Дымбілмес салыпты, түстердің бәрін орнын ауыстырып жіберіпті. Қане Дымбілместің суретін дұрыстап бояп берейікші.

Балаларға боялмаған сурет беремін, бір суретті 2 бала бірігіп бояйды.

Мақсаты : түстерді ажырату, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Балалардың іс - әрекеті:

Балалар жауап береді

Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, мұғалімнің айтқанын бірнеше рет қайталайды

Балалар естіген түсін тауып, тақтаға іледі

Қолмен жаттығу жасайды

Суретті барлығы бірігп бояйды

Іс - әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциялаушы
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Қорытынды бөлімі:

  • Балалар бүгін қандай тақырып өттік?
  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Біздің қоянымызда өте қуанышты, бүгінгі өткен сабағымыз оғанда ұнапты.

Балалар бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, жарайсындар!

  • Балалар қоянымызды шығарып салайық, оған не дейміз?
  • Good bye, good bye!
Балалардың іс - әрекеті:

Балалар сұраққа жауап береді

Goodbye!


Ұқсас жұмыстар
Графиктік процедуралар. 8 сынып
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Delphi тілінің негізгі компоненттері
Құрал - саймандар терезесі
Жарайсыңдар балалар, енді өздеріңді таныстырыңдар
Мониторлар және олардың түрлерімен жұмыс
Суретті бояу
Графикалық операторлар. бояу шаблондары. боялған фигуралар салу. паскаль.9 сынып
Web-парақ ішіне суреттерді орналастыру
Каскадтық стильді кестелерді код жасауда қолданады Кейбір оқушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz