Алғыр информатик сайысын өткізу әдістемесі

«Алғыр информатик»

Медиева Нұргүл

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы

Абай орта мектебі

1. Мақсаты: оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін сараптау, ойлау,

есте сақтау, қабілеттерін дамыту, жылдам жауап беруге компьютерлік

сауаттылыққа тәрбиелеу.

2. Әділ қазылар алқасын сайлап алу.

Сайыс кезеңдері:

І тур - «Көркем сурет»

Бұл турда оқушылар PAINT графикалық редакторында сурет салады. Оқушылардың барлығына бірдей сурет беріледі. Жылдам әрі суретті айнытпай салған оқушы жеңімпаз болып есептеледі. Ең жоғарғы ұпай - 7 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

ІІ тур - «Сиқырлы пернелер»

Бұл кезеңде оқушылар MS WORD мәтіндік редакторында мәтін жазады, мәтінді пішімдейді. Мұнда да оқушыларға бірдей мәтін беріледі. Ең жоғарғы ұпай - 6 ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

ІІІ тур - «Қиын тапсырма»

Оқушылар MS Excel электрондық кестесінде кесте құрып, диаграмма тұрғызады. Оқушылардың тапсырмалары бірдей. Ең жоғарғы ұпай - 5ұпай. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

Тапсырма:

Кестедегі берілген деректерді енгізіп, диаграмма құрыңыз:

Планеталар
Период
Ара қашықтық
Диаметр
Салмағы
Спутник
Планеталар: Юпитер
Период: 11, 86
Ара қашықтық: 778
Диаметр: 142, 6
Салмағы: 1906, 98
Спутник: 16
Планеталар: Сатурн
Период: 29, 46
Ара қашықтық: 1426
Диаметр: 120, 2
Салмағы: 570, 9
Спутник: 17
Планеталар: Уран
Период: 84, 01
Ара қашықтық: 2869
Диаметр: 49
Салмағы: 87, 24
Спутник: 14
Планеталар: Нептун
Период: 164, 8
Ара қашықтық: 4496
Диаметр: 50, 2
Салмағы: 103, 38
Спутник: 2

Сергіту сәті

Экраннан анимациялаық бейне клип көрсетіледі. Сайысқа қатысып отырған барлық оқушылар, көрермендер, әділ қазылар алқасын тұрғызып, анимациялық бейнеклип бойынша жаттығу жасату.

ІҮ тур - «101 жұмбақ»

Бұл турда сайысқа қатысушы оқушыларға информатика пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады. Әр жауабы дұрыс табылған жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда барлығы 4 оқушы қалады.

1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті (Пернелік)

2. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның бар екен

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «Ғ» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)

3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

4. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор)

5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның (Тышқан)

6. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғы жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

7. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

8. Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

9. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

10. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

Ү тур - «1001 мақал»

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Бұл турда 3 оқушы қалады.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)

6. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

7. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

ҮІ тур - «Ойлан тап»

Бұл турда қалған екі оқушыға екі сөз: «Информатика», «Кибернетика» сөздері беріледі. Осы сөздерден оқушылар сөздер құрастыру қажет. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі. Көп сөз тапқан оқушы жеңімпаз болып есептеледі.

ҮІІ. Қорытынды.

6 турдан да өтіп, ең көп ұпай жинаған оқушы - «Алғыр информатик» атанып, марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Жас информатик білімділер сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
Оқушылар арасындағы Алғыр алтау интеллектуалды сайысын өткізу жоспары 2016-2017 оқу жылы
8-сыныпқа арналған Үздік информатик сайысының сабақ жоспары мен өткізу бағдарламасы
Толағай көңілді мәре сайысын өткізу жоспары
Шоқан Уәлиханов ОМ Үздік информатик - 2015 сайысының сценарийі мен өткізу жоспары
Информатика әлемі сайысын өткізу жоспары
№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Анасын көріп қызын ал сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
№62 орта мектепте 6-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс Математикалық биржа сайысын ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz