Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жолын болсын, жас ұрпақ
Оқыған жастар - елдің тірегі.
<<Ел боламын десең, бесігіңді түзе>>
М.Әуезов
Елімізде тоталитарлық жүйенің қыспағын көрмеген, коммунистік идеологияның шарпуына шалынбаған жаңа жас ұрпақ өсіп келеді. Бұлар - тәуелсіздіктің белбалалары.
Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады.Осы пікірін Астанада Тәуелсіздік сарайында сайлаудан кейін өзінің Республика Президенті қызметіне кірісу салтанатында тағы да білдірді. Елбасы: сайлауда болашағымыз - жастардың белсенді түрде маған дауыс бергені мені ерекше тебірентеді, деді үлкен мақтаныш сезіммен.
Неге еліміз жастарға ерекше көңіл бөліп отыр? Өйткені, ел тұрғындарының 30 пайызын 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бұл - өте маңызды. Ұлы жазушымыз М.Әуезовтің <<Ел боламын десең, бесігіңді түзе>> деуі де сондықтан болса керек.
Отаншыл, мемлекетшіл жастардың өсіп келе жатқаны өзін қуанышқа бөлейтінін айрықша сезіммен бөліп айтты. Өйткені жастар сайлауалды ұйымдастыру жұмыстарында да, дауыс беру күндерінде де үлкен белсенділік танытты. Үгіт-насихат жұмыстарына қызу атсалысты. Бұрын жастар дауыс беруге асықпайтын. Күннің екінші жартысында сайлау учаскелеріне келетін. Бұл жолы қарттармен жағаласып, таң сәріден сайлау учаскелеріне ағылды. Өздерінің азаматтық парызын өтеуге асықты. Әсіресе, бірінші рет дауыс беретін тәуелсіздік құрдастары Президенттік сайлауға ерекше ықылас білдірді. Ел басқару ісінен тыс қалмау сезімі жас ұрпақтың бойынан анық байқалды. Бұл жастардың ұлттық санасының марқайғанынын, саяси мәдениетінін артқандығының нақты көрінісі болды.
Жастар - елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздік белбалалары басатын болады.
Ұрпақтар сабақтастығы - тарихи процесс, обьективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл ұрпақ прагматизмді, тиімділікті, жаңалыққа, инновацияға иек арта келеді. Кешегі күні үлкен бейнетке түсетін, қол күшімен атқарылатын процестерді енді техника күшімен атқарады. Қалам-қағазға жүгініп, қолмен есептеп жататын шаруалар техника үлесіне көшті. Компьютер арқылы қажетті мәліметтерді таба алады, алысқа хабарды интернет, ұялы телефон арқылы жібере алады. Бүгінгі ұрпаққа бұл қиындық келтірмейді, техника құлағында еркін ойнайды. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мұның себебі де бар, Елбасы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз берді. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетті. Бұл жергілікті билік өкілдеріне де үлкен сабақ болды. Олар да жастар саясатына үлкен бетбұрыс жасады.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев <<Мен жастарға сенемін>> деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан еді. Жас қырандар - балапан қанат жайып ұмтылған, көздегені көк аспан, мен жастарға сенемін, мен сенемін жастарға, алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда, мен жастарға сенемін, деп жырлаған еді...
Ақынның жастарға қайрылуы, ұлт тағдырын солардың ісімен байланыстыруы бекер емес-ті. Өйткені жастар жігерге толы, жаңалыққа құмар, жасампаз еңбекке ынталы, жаңалықты қабылдауға зерек, қайрат-жігері мол. Сондықтан да ақын жастарға үміт артты, соларға сенді. Мұны <<Мен жастарға сенемін>> жеп жырға қосып, бар дауыспен халыққа үн қатты.
Ал ХХІ ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев <<Нұр Отан>> халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХІІІ сьезінде осы сөзді қайталап, жастарға арнайы қайырлып үн қатты. Әрине, Елбасының жастарға сөз арнауы бұл бірінші рет емес. Соңғы жылдарда ол жастарға бірнеше рет өз сөзін арнады. Жылдағы дәстүрлі Жолдауларында, келелі жиындардағы сөздерінде жастар саясатына айрықша назар аударғаны белгілі. Бұларды қоспағанда Қазақтың Әл-Фараби атындағы, Л.Гумилев атындағы университеттердің студенттері мен профессор-оқытушыларының алдында оқыған дәрістері жастардың тікелей ғылым, біліммен қарулануына арналды. Сондай-ақ өткен жылы желтоқсанда <<Назарбаев университеті>> коммерциялық емес акционерлік қоғамының студенттері мен профессор-оқытушылары құрамы алдында оқыған дәрісі жастардың елімізді интеллектуалды ұлтқа айналдырудағы рөліне тікелей қатысты болды. Елбасының бұл дәрістері академиялық аудиториялық лекция шеңберінен тыс ұлт көсемінің жастарға арналған ақыл-кеңесі, әкелік-аталық өсиеті іспеттес болды. Студенттер мен профессор-оқытушылар алдындағы айтқан ойларын <<Нұр Отан>> партиясының ХІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде одан әрі дамытты, нақтылап берді. Еліміздегі жастар саясатынын бағытын, мазмұнын, ертеңгі өрісін тереңдете түсті.
Партия съезінде Н.Назарбаев жастар саясатына байланысты бірқатар жаңа ұсыныстар жасады. Біріншіден, <<Нұр Отанның>> Қазақстан жастары арасындағы жұмысын жандандыра түсуге кеңес берді. Елімізде <<Жас Ұлан>> атты біртұтас жастар қозғалысын ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ ол партия басшысына <<Жас Қыран>> атты балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құруды ойластыруды тапсырды. Бұл болашақ жаңа атпен дүниеге келетін ұйым еліміздегі бытыраңқы жастар ұйымдарының басын біріктіріп, қоғамдағы жастар саясатын жүзеге асырудың белсенді ұйтқысына айналмақ. Оның өзінің бағдарламасы, белгілі құрылымы, уставы, жұмыс істеу әдістері болуға тиіс. Сөйтіп ол жастардың қоғамдағы белсенділігін қамтамасыз етуге қызмет етпек.
Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жүзеге асуы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін есептелсе, екіншісі 2017 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы кезеңде біз заң жобаларын жетілдіреміз. Тарқатып айтқанда, жастарды баспанамен қамтамасыз етудің ұлттық жобасын әзірлеп, әсіресе, жас отбасыларға ерекше көңіл бөлеміз. Осы ретте жастарды тәрбиелеудің жүйелі тетігін, яғни оларға балабақшадан бастап тәрбие берудің жайын қарастырып жатырмыз. Баланы қай жастан бастап шет тіліне үйреткен жөн, деген мәселе қызу талқылану үстінде. Ұлттық компанияларға кадр даярлау үшін конкурстар өткізу жайы қалай жүзеге асқаны жөн. Жеңілдікті ипотекалық несие беру, спорттық және өзге де инфрақұрылымдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жайы да талқыға түсуде. Нәтижесінде қазақстандық жастар үшін барлық жағдай жасалуға тиіс. Денсаулығына байланысты қазір көптеген жастарымыз әскерге де алынбайды. Оларды алғашқы әскери дайындықтан өткізіп, өзінің әскери борышын өтей алатындай етіп шынықтыру қажет.
Қазіргі таңда жоғары білім алушылар қатары өте көп те, ал жұмысшы мамандықтарын игергендер қатары кемшін соғады. Нақты экономикадағы рыноктың сұранысына орай жоғары білімділер мен жұмысшылар арасындағы теңгерімділікті қалыптастыруымыз керек. Өкініштісі сол, ауылдық жерлерде спорттық, мәдени және өзге де инфрақұрылымдар толық қамтамасыз етілмеген. Екінші кезеңде қала мен ауыл жастары арасындағы осындай теңсіздіктерді жоюға қол жеткізу басты мақсатымыз. Әсіресе, интернетті игерудегі теңдей мүмкіндік қалыптастыру ерекше қолға алынатыны көңілге қуаныш ұялатады.
Ең бастысы - жастарымызды арақ ішуден, темекі шегуден жирендіру арқылы саламатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру. Соның ішінде жастардың арасындағы радикалды көңіл-күйді төмендету, діни секталардың жетегінде кетіп қалмауын ойластыру жайына да ерекше назар аударылады.
Әр азаматқа өнімді еңбек ету үшін, терең білім алу үшін мықты денсаулық керек. Өз денсаулығын сақтау үшін әркім өзі қамқорлық жасау қажет. <<Назарбаев университеті>> студенттер алдында оқыған дәрісінде Елбасы жастарды біліммен бірге спортпен шұғылдануға, өз денсаулығын шынықтыруға шақырды. Өйткені дені сау, сыртқы тұлғасы келісті болып өсу үшін спорттың маңызы күшті. Денсаулықсыз ешбір азамат көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл үшін елімізде денешынықтыру мен спортты дамытуға үлкен маңыз беріліп отыр. Азиада ойындарын өткізуге арналып көптеген спорт құрылыстары салынды. Енді осы спорт алаңдары мен ғимараттардың бос тұрып қалмауы керек. Оларды жастар тиімді пайдаланулары қажет.
Мемлекет жас ұрпақтың осы заманғы біліммен сусындауына барынша жағдай жасап отыр. Таяудағы бес жыл көлемінде 20 интеллектуалды мектепті қосқанда 400 жаңа мектеп салынбақшы. Елімізде техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесі қалыптастырылуда. Үдемелі инновацияны дамыту және индустрияландыру бағдарламасы бойынша көптеген жаңа өндіріс орындары салынбақ. Сонда жұмыс істеуге жоғары білімді инженер-техниктермен қоса орта білімді кәсіби жұмысшы мамандар даярлау қажеттілігі туып отыр. Кәсіби жұмысшылар техникалық орта білім орталықтарында, колледждерде даярланбақ. Жастардың бәріне университет, академия бітіру міндет емес. Техника тетігін жақсы меңгерген, жаңа технологиямен жұмыс істей алатын маман жұмысшылар біздің экономика үшін ауадай қажет. Қазір елімізде жұмыссыздық көрсеткіші 8 пайыздан асады деп есептеледі. Көптеген жастар жұмыссыз жүр. Ал кейбір өндіріс ошақтары білгір жұмысшы мамандықтарына зәру. Сондықтан да жалпы оқушылар санымен жалданбай, қажетті кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды қолға алу керек. Ал бізде шынын айту керек, жұмыс берушілермен, кәсіпкерлермен нақты жұмыс жүргізілмейді. Оларға қандай мамандық бойынша, қанша маман, оның қаншасы жоғары білімді, қаншасы арнайы орта білімді болуы керек, бұл жағымен жергілікті қалалық, аудандық, облыстық билік жүйелі түрде айналыспайды. Соның салдарынан жастар заңгер мен есеп-санақ мамандықтарын алуға ықыласты. Бұл мамандықты алған қаншама жастар жұмыс таба алмай жүргенін бұлар біле бермейді. Жоғары және арнайы орта білім ошақтары жастармен нақты жұмыс істеулері керек. Әйтеуір оқушы саны үшін күреспей, қоғамға бүгін таңда зәру мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға күш салулары керек. Ол үшін оқу орындарының басшылары қоғамда қалыптасқан коньюнктураны жете зерттеп, халық шаруашылығының қай саласына қандай мамандар, жұмысшы-қызметкерлер жетпей жатқанын зерттеп, мамандық беру жөніндегі өз профильдерін қайта қараулары керек.
Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы.
Егер сол 1999 бен 2013 жыл аралығын алар болсақ, жұмыссыз жүрген жастар саны төрт есеге дейін төмендегенін нақты мысал етіп келтіре аламыз. Біздегі жағдай бойынша жұмыссыз жастар саны әзірге тұрақты. Бұл үрдіс міндетті түрде төмендеуге бет алатыны анық. Тұжырымдаманың мақсаты да сол, сапалы маман иелерін қалыптастыру. Білімді де білікті жастарды қалыптастыра білу - уақыт талабы.
Жастарымыз өз Отанын сүйетін, денсаулығы мықты әрі білімді болуы шарт. Елбасымыздың <<Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам>> атты бағдарламалық мақаласында бұл мәселе туралы былай айтылған: <<Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет>>.
Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.
Жолын болсын, жас ұрпақ. Ел тағдыры өз қолында. Мұны әркез жадыңда ұста. Жастараға біз сенеміз!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz