М. Әуезов атындағы орта мектепте өткізілген Қайратов Зұлқарнайдың Жас талант шығармашылық кеші

Мәкіжан Роза

Атырау облысы

Индер ауданы

М. Әуезов атындағы орта

мектеп мұғалімі

Тақырыбы: «Жас талант» шығармашылық кеші

Мақсаты:

  1. Күйшілік өнерімен көрікті, ақын жанды, қабілетті оқушы Қайратов Зұлқарнайдың шығармашылық қабілетін өзгелерге таныту.
  2. Ұлтжанды халқының өнерін қадірлей біліп, күй өнерінің құдыретін сезіп, сөз өнері - поэзияны жан-тәнімен түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Дауылпаз ақын ізбасары» атты бейнефильм, «Жас талант» үнқағазы, З. Қайратовтың «Өрімтал» кітапшасы, өнер туралы қанатты сөздер, поэзия туралы өлең шумақтары жазылған слайдтар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Әке мұраты» слайдтары.

Әдісі: шығармашылық ізденіспен жазылған сазды бағдарлама.

Түрі: ақпаратты технологиямен өткізілген шығармашылық кеш.

Жүрісі:

1 - жүргізуші:

Шамданған шақта - шашақты найза, ту ұстап,

Шайқалтып тақты, шаңдаттың талай белдерді.

Рухың биік, ұлағат болып Ұлысқа,

Тарих қалды Тайсойған, Нарын, Дендерде, - деп ақын жырлағандай, дауылпаз ақын ізбасары, қара шаңырақ атанған білім ордасы - М. Әуезов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Қайратов Зұлқарнайдың жастайынан өнерге деген құштарлығы Махамбет бабасының қүйлері мен жырларына деген сүйіспеншіліктен басталған болатын. Олай болса күйшілік өнерімен көрікті, ақын жанды, талант Зұлқарнайды өзіміз тану және өзгеге таныту мақсатында «Жас талант» шығармашылық кешін бастаймыз.

1 - жүргізуші:

  • «Жас талант» бағдарламасын Зұлқарнайға арнауымыздың себебі неде? Зұлқарнай кім? Зұлқарнайдың «Өрімтал» кітапшасында не жазылған деген сұрақтар төңірегінде ойлансақ . . . Бұл сұрақтардың жауабын (видеофильм көрсетіледі) шәкіртін қырандай баулыған ұстазы Роза Жетібайқызы жасаған «Дауылпаз ақын ізбасары» атты бейнефильмнен таба аласыз.

1 - жүргізуші:

Қазақтың бас ақыны, сөз өнерінің бастау шыңы ұлы Абай рухына тағзым етіп, ұлы бабаның сөз мұрасын жалғастырушы ұрпақ атынан жазған Зұлқарнайдың өлеңі - «Ұлы Абайға». Бұл өлеңді аудандық «Абай - Шәкәрім» оқуларының І орын жүлдегері атанған 7 «А» сынып оқушысы Біләлова Айнұрдың оқуында қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Жас болса да Зұлқарнайдың өлеңдері аудандық «Дендер», «Ұстаз айнасы» үнқағаздарында жарияланып, көпшіліктен бағасын алды. Өзін әрдайым қанағаттандыратын туған елі - Қазақ жеріне, атамекеніне арнаған өлеңі, «Қазақ жері» шығармасын 8 «Б» сынып оқушысы Түлкібаев Шалқардың оқуында тыңдаңыздар.

2 - жүргізуші:

Бүгінгі кешіміздің иегері Зұлқарнай Қайратұлын, кешіміздің құрметті қонағы - Зұлқарнайдың ата-анасы, ұлағатты ұстаздары Роза Жетібайқызы мен Қайырғали Қабдығалиұлын төрге шақырамыз.

2 - жүргізуші:

Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы, - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, мектептің жас таланты Зұлқарнай ақындарға еліктеп, өзін толғандырған тақырыптарға өлеңдерін арнады. Соның бірі - тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - киелі ұғым» атты өлеңі аудандық жас ақындар мүшәйрасында Бас жүлдеге ие болған болатын. Осы қасиетті тәуелсіздікке арналған өлеңін Зұлқарнайдың орындауында тыңдаңыздар.

(«Тәуелсіздік - киелі ұғым» өлеңін оқу, презентацияны көрсету) .

2 - жүргізуші:

Қыран құстың баласы,

Ұшса келмес ұяға.

Асыл ердің баласы,

Жауды көрсе шыдамай,

Көзін салар қияға,

деген қанатты сөздері ұрпақ есінде қалған, өр рухты өлеңдерімен қатар жігеріңді жанитын дауылпаз ақын Махамбеттің Жайық толқынындай жалынды күйлерін шебер орындап, аудандық, облыстық Махамбет оқуларында күй бағамы бойынша Бас жүлде иегері, бірнеше мәрте жүлдегер атанған Зұлқарнайдың орындауында Махамбеттің күйлерін назарларыңызға ұсынамыз. ( Махамбет күйлерін орындайды)

2 - жүргізуші:

Қуат алып Абайдың жыр күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен, -

деп Мұқағали жырлағандай, Абай үлгісінен нәр алған жаны сұлу Зұлқарнайдай мектебіміздің мақтанышы атанар шәкірттерінің бірі, аудандық ақындар айтысының ІІІ орын жүлдегері Ишанова Гүлнәзіктің осындай ақын ағаларына арнаған арнау өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

1 - жүргізуші:

О, туған жер, қасиетті мекенім,

Топырағыңнан нәр алып мен өсемін.

Арман қуып жырақ кетсем өзіңнен,

Сағынышпен құстай ұшып жетермін, -

деп, өзі жырлағандай, түтіні ыстық туған жердің атын облыста талай шығарған Зұлқарнай үшін биылғы жыл ерекше табысты болып есінде қалуында үлкен ұстаздық әрі ағалық көмегін аямаған Қайырғали Базаров ағайдың еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ағайдың тынымсыз еңбегінің арқасында Зұлқарнай облыстық «Алтын домбыра» күйшілер байқауында лауреат атағын иеленіп, республикалық сайысқа жолдама алса, облыстық Махамбет оқуларында «Ұлы арман» күй бағамы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Мың алғыс сізге шәкірттік көңілден. Күй өнерінің құдіретін жүрегімен сезінген Зұлқарнайдың орындауында «Қазақ күйлерінен» попури тыңдаңыздар. (Қазақ күйлерінен попури тарту)

2 - жүргізуші:

Атам қазақ өнерді қатты қадірлеп, өнерлі жандарды мақтан тұтқан. Сондай туған жердің атын шығарған қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовты өзіне үлгі тұтқан Зұлқарнай ақын ағасына деген сағынышын «Ағаға арнау» деген өлеңінде жыр шумақтарымен кестелеген болатын. Оны мектебіміздің даңқын облыста асқақтатқан, өзіне Махамбет жырларын мәнеріне келтірте оқуда Зұлқарнай ағасының зор көмегі тиген шәкірті - сынды қадір тұтатын інісі, облыстық Махамбет оқуларының Бас жүлдегері Ержан Сағынбаевтың оқуында қабыл алыңыздар.

(Гитарамен Т. Досымовтың әнін орындап, тілегін айтады) .

1- жүргізуші:

Мектебіміздің танымал әншілерінің бірі, республикалық конкурста «кішкентай Біржан сал» атағын иеленген дипломат 7 «А» сынып оқушысы Ералы Әлиханның орындауында « Анажан » әнін тыңдаңыздар.

2-жүргізуші:

«Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз-ұстаз» деген өсиетті сөзді бойтұмардай ұстанған осы қара шаңырақ- М. Әуезов атындағы орта мектептің ұстаздар қауымына осындай жаны ізгі, білімді шәкірттерді тәрбиелегендеріңіз үшін басымызды иіп, шексіз алғысымызды білдіре отырып, шәкірттік ыстық ықыласын қабілетті шәкірттерінің Зұлқарнай өзі шығарған «Ұстазға» атты күйімен білдіруге рұқсат етіңіздер. (Күй тарту)

1-жүргізуші:

Адамзат, ең алдымен, ана алдында қарыздар. Олай болса,

Анажан-баршамыздың тірегіміз,

Мәңгілік-таусылмайтын жыр-әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан

Ана үмітін ақтау біздің тілегіміз, -


Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов атындағы орта мектептің Жас ғалым ғылыми-практикалық ұйымының 2008-2009 оқу жылы бойынша есеп-баяндамасы
№81 орта мектепте өткізілген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Жырлайды жүрек әдеби-сазды кеші
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 2016 жылғы 2-12 ақпанда өткізілген Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы онкүндігінің қорытынды есебі
2016 жылғы 23 желтоқсанда М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте өткізілген Қош келдің ертегілер еліне атты жаңа жылдық ашық шара (0 в сынып, тәрбиеші Ергебек Ж.Ә.)
Ұстаз - ұрпақ мақтанышы: №4 М. Әуезов атындағы орта мектептің 9 т сынып тәрбие сағаты
Иман айнасы: Қ.Топаев атындағы орта мектепте өткен мұсылмандық парыздар мен қажылық туралы кездесу кеші
І. Үргенішбаев атындағы орта мектепте өткізілген Ана махаббатымен әлем тербелген сабақ-сайысы (2013-2014 оқу жылы)
7 сынып физика: §31 Дененің салмағы және салмақсыздық - сабақ жоспары (М. Әуезов атындағы №251 орта мектеп, А. Жакипова, 08.12.2015)
Қасиетті ана тілім: М. Шаханов атындағы жалпы орта мектептегі тіл мерекесінің қорытынды кеші (Арыс ауд., 22 қыркүйек 2012)
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде өткізілген 8-сынып оқушылары арасындағы Жас эрудит физика сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz