Ара мен шыбын. Сабақтың әдістері

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\2.jpg

Қырықбаева Гүлім Айтмұхамбетқызы.

Әсет Найманбай орта мектебі.

Ш. Қ. О. Үржар ауданы, Мақаншы ауылы.

Тақырыбы : Ара мен шыбын.

Мақсаты: Өлең түрінде берілген шағын шығарманың маз- мұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.

2. Қазақ жастарының рухани көсемі болған, ел тағдырына алаңдап, көп қыр- лы ісімен, даналық саясатымен көзге түскен А. Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру.

3. Оқушылардың көркем сөзді, салихалы ойды өз сөздік қорларына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эс- тетикалық талғамын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі , Венн диаграмма -

сы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына карта, ой қозғау, 5жолды өлең, сахналық қой-ылым, зертханалық жұмыс, тест.

Сабақтың типі: Аралас

, Көрнекілік: Слайдтар, микроскоп, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

1. Кластың сырт бейнесіне көңіл бөлу.

2. Психологиялық ахуал.

3. Амандасу. Слайд №1. Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз.

Қайырлы күн! Амандасып аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру: Слайд №2.

-А. Байтұрсынұлы кім?

-Аудармашы, ақын, ғалым, ағартушы.

-И. Крылов қандай мысалдар жазған?

-Ащы шындыққа толы, күлдіргі пьесалар жазған.

-А. Байтұрсынұлының шығарған кітабы қалай аталады?

-«Қырық мысал» 1909 жылы шыққан.

Жаңа сабақты меңгерту. Слайд №3.

1. Сөзжұмбақ шешу. Слайд №4.

2. Ой қозғау. Слайд №5.

-Қонақ деген кім?

-Арнайы шақырумен немесе шақырусыз келген адам.

-«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

-Келген қонаққа қуанып, жылы жүзбен дастархан жаятын адам.

-Қонақтың қандай түрлері бар?

-Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.

Автор өмірбаяны. Слайд №6.

Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 ж. ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясының театр факультетінде оқыған. Мамандығы актер болған- дықтан өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Республикалық «Ара» газетінде қызмет істеген. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар одағының сыйлығы- мен марапатталған.

Инсерт әдісі. Слайд №7.

Не білесің? «Ара мен шыбын».

Ара.

-Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.

-Демтүтік арқылы ауамен демалады.

-Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына бұтақтарға салады.

-Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.

-Шаққан жері қатты ісіп кетеді.

Шыбын.

-Ауада ұшады, жерде жорғалайды.

-6 аяғы, 2 қанаты бар.

-Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған.

Сергіту сәті . Слайд №8.

Оқулықпен жұмыс:

1. Мәтінмен таныстыру.

2. Тізбектей оқу.

3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсініктерін толықтыру.

Қазақстан картасымен жұмыс. «Тұғырлы Тәуелсіздігімізге 20 жыл»

Слайд №9.

Егемендігімізге 20 жыл толды. Осы жылдарда тарихи есте қалатын жағ- дайлар болды . Өткен жылдар жемісіне тоқтала отырып, оқулықтағы тапсыр- маны орындайық. Біз Қазақстанның барлық қалаларымен интернет жүйесі арқылы тікелей байланысқа шығамыз . Егер сұрақтарға дұрыс жауап берсек, онда факстегі тапсырманы орындау мәртебесіне ие боламыз.

Астана . Астана қаласының тұсаукесері қай жылы болды?

-Шыбын араға не деді?

Алматы. 1992 ж елімізде қандай жарқын істер болды?

-Шыбынның қонақ күтуге дайын еместігі жайлы не делінген?

Семей. 1995 ж Семей қаласында қандай тарихи оқиға болды?

-Неліктен ара қонақ болып баруға келіспеді?

Қарағанды. Ата заң қай жылы қабылданды?

-Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?

Ақтөбе. Қ. Р. валютасы «теңге» қай жылы айналымға енді?

-Мысалда адамның қандай іс-әрекеті байқалады?

Сахналық көрініс. «Бал араны соттау» Слайд №10.

Топпен жұмыс. 1-топ Венн диаграммасы.

2-топ 5 жолды өлең.

3-топ «Ара, шыбын» эссе жазу.

Зертханалық жұмыс. Тест. Слайд №11.

«Егер мен. . . . . . . . . . болсам» Слайд №12.

Сабақты қорыту. Слайд №13.

Ара мен шыбынның пайдасы мен зияны.

-Араның уынан дәрі-дәрмек жасалады.

-Ревматизм, радикулит, бронхит ауруларына ем.

-Улы безінен «Апитоксин» деген түссіз, сұйық ереітінді бөлінеді.

-Шыбынның бір қанатында індет болса, екінші қанатында шипа болады.

-Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс жолдары арқылы сыртқа шығады.

Үйге тапсырма: 1. Мысалды рөлге бөліп оқу.

2. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме беру.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Абай өсиеті бойынша сабақты қорыту
Ара мен шыбын
Ара мен шыбын О.Әубәкіров
Ара мен шыбын. 4 сынып
О.әубәкіров «ара мен шыбын». ана тілі. 4 сынып
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Жылқы мәтінін оқу
Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы
Санның бөлігін табу жайлы ақпарат
«жылқышы» әңгімесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz