Бала сезімінің қыры мен сыры: эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған тренинг-сабақ

«Сеславино» шағын жинақты жалпы орта мектебі

Тренинг-сабақ

Тақырыбы: «Бала сезімінің қыры мен сыры»

Педагог -психолог: Құрманова Е

Даубаба ауылы

2011-2012 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас ауданы «Сеславино» шағын жинақты жалпы орта мектебі педагог-психологы Құрманова Елзира Құттыбайқызы

Тренинг- сабақ

Тақырыбы: «Бала сезімінің қыры мен сыры»

Мақсаты: оқушылардың таным процестерін оның ішінде шығармашылық қабілеттерін адалдық, достық қасиеттерін, тіл байлығын, сезімімен сенімін дамыту.

Көрнекіліктер: Ватман, бүктемелер, музыка, жұмсақ ойыншықтар, қима қағаздар.

Ұйымдастыру: оқушыларды ыңғайлап отырғызу, көңіл-күйлерін сұрап, жылы сөздер айтып, сезімдерін ояту. Ережелермен таныстыру.

1-жаттығу. «Менің қиялымдағы сыйлық»

Балалар шеңбер болып отырады. Балаларға сұрақ қойылады.

-Балалар, сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?

-Сыйлық алғанды ше?

-Ендеше бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жай ғана жұмып отырыңдар. Айтылған сөздерді сезіне біліңдер. Мінеки қозғалыс байқалды. Біз жай ғана көтеріліп өздеріңді жеңіл сезініп ұша бастадыңдар. Төменде мектеп, үйлер, адамдар кіп-кішкентай болып көрінді. Сендер толқындай қалықтап айналадағы бұлттармен қатарласып ұшып келесіңдер.

Өте бір керемет әлем бардай. Кенет, алдарңнан үлкен бір есік ашылды. Кең және жарық бөлме көрінді. Онда көптеген әшекей заттар және үлкен-үлкен қораптар жатыр . Сендер бір-бір қораптан алдыңдар. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Талдау: 1Қандай сезімде болдыңдар?

2. Қораптағы сыйлықтың қандай зат болғанын қалайсың?

3. Сен өз достарыңмен сыйлықты бөлісесің бе?

2-жаттығу: Әріптер ойыны- «ТАП»

Әріптер жазылған қағаз ілінеді. Көзі байланған бала бір әріпті алады . Баланың көзін шешіп, екінші бала сұрақ қояды. Бірінші бала мүдірмей сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі керек.

Мысалы:Атың кім?

Қала аты?

Жеміс аты?т. с. с.

Талдау: 1. Балалар ойын ұнады ма?

2. жауап беру қиынға соқты ма?

3. Қошемет сөздер

3-жаттығу: «Жұмсақ ойыншық сыры»

Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап кезекпен алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байланысты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек. Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.

Талдау: 1. Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?

2. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?

3. Жан- жануарлардың Бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?

Пікірлесу:Балалардың сезімдерін, алған әсерлерін бөлісіп, әңгімелесу арқылы анықтау.

Тілек айту: Балалар жылы сөздер айтып өз тілектерін бір- біріне гүл беріп білдіріп шығады.


Ұқсас жұмыстар
Студенттік өмірдің қыры мен сыры: мамандық таңдау және кәсіби қалыптасу
Аутотренинг пен педагогикалық тренинг: өзін-өзі сенімділік, коммуникативтік және эмоционалдық дағдыларды дамыту
Патронаттық тәрбиедегі оқушыларға арналған өзін-өзі тану мен әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту бағдарламасы
Көңілді көктем: әлеуметтік-танымдық, математикалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған оқу іс-әрекеті
Психология әлеміне саяхат: оқушылардың зейінін, қабылдауын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған тренинг
Көңіл-күйдің факторлары және эмоционалдық реттеу: инклюзивті сыныпқа арналған тренинг
ОЖСБ-ға дайындыққа арналған сенімділік пен эмоционалдық реттеу тренинг-сабағы
Танымдық белсенділікті дамытуға арналған мектептегі тренинг жоспары
Бала құқықтары бойынша мектептегі құқықтық тренинг сабақ жоспары
Ата-аналарға арналған тренинг: Ана мен отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz