Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Найти командасының диалогтық терезесі

№39 <<Қызылөзек>> орта мектеп

А ш ы қ с а б а қ

Тақырыбы:
Файлдар мен бумаларды іздеу

Сыныбы: 8 <<Б>>

Пән мұғалімі: Құрманбай. А.Ө

Бекітілді: Пәні: Информатика
_______________________ Сыныбы: 8 <<Б>>
Күні: 02.12.11
I. Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтарды іздеу
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер,оқулық, дәптер, интерактивный тақта, интернет желісі.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков., Стифутина Н.Ф., Информатика 8 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ.
VIII. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) <<Бәйге>> сабақ сұрау
2) <<Кім жылдам>>(практикалык түрде)
3) <<Іздеу саламыз>> жаңа сабақ
4) <<Құпия сандық>>
5) <<Алтын іздеушілер>> бекіту
6) Бағалау
7) Үйге тапсырма 5.4 тапсырма
Балалар біз өткен сабақта WINDOWS-ты баптау деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше жасырылған карточка арқылы, бірақ әрбір оқушы компьютерді өз << мәнеріне>> сәйкес- терезелердің түсін өзгертіп, жұмыс үстелінің бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып, командалар мәтіні қарпінің өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтіп, маустың қозғалу жылдамдығын орнатып және т.с.с баптауына болады.
<<Бәйге>> бұл бөлімде өткен тақырыптардан 7 сұрақ қойылады.
1.Операциялық жүйе дегеніміз не? 3. Көпміндетті жүйелер деген не?
2. Бірміндетті операциялық жүйе деген не? 4. Windows95 және WindowsNT ОЖ?
5.Windows қандай жұмыс ортасы болып табылады? тұйық жұмыс
6. Windows қандай жүйе болып табылады? графикалық жүйе
7.Unix- қандай ОЖ ? бірнеше адам пайдаланатын ОЖ
<<Кім жүйрік>> кітаппен жұмыс тапсырмаларды орындау.
1. Басқару панелін іске қосу. 4. Мауысты баптау
2. Басқару панелі терезесін ашу. 5.Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау.
3. Күнді және уақытты баптау. 6. Қыстырмалар қою.
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сіздер компьютерде файлдар мен қапшықтармен жұмыс істеген кезде олардың аттарын және олар қай жерде орналасқанын біле отырып жұмыс істесеңдер, оларды іздеуді қапшық терезесінің немесе Бағыттаушының (Проводник) көмегі арқылы іздеуге қолайлы. Бірақ сіздер іздеп отырған объект <<әйтеуір бір жерде>> деп айтатын болсаңдар немесе тіпті білмесеңдер, немесе файлдың атын ұмытып қалсаңдар, онда қапшықтар терезесінде іздеу көмектеспейді. Мұндай жағдайда WINDOWS 95-тегі Поиск деп аталатын немесе WINDOWS 98-дегі Найти деп аталатын WINDOWS көмекке келеді.
Бұл команда компьютерлеріңнің қандай жерінде болса да орналасқан құжаттардың файлдарын, программаларды, қапшықтарды және тіпті желіден тұтас компьютерді жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді. Объектіні оның аты, жасалған күні, өлшемі, типі, мазмұны немесе бұл параметрлердің жеке комбинациялары бойынша табуға болады.Команданы шақыру үшін мына әрекеттер тізбегін орындаңдар: Пуск---Главное меню---Найти---Файлы и папки
(6.17-сурет) Найти командасын іске қосу
Экранда үнсіз келісім бойынша активті жағдайға келтірілген, онда нені іздеу керек екенін көрсетуге болатын Имя и Местонахождение қосымшасы бар Найти командасының диалогтік терезесі пайда болады(6.18-сурет). Мысалы, Имя өрісінде қапшықтың атын немесе файлдың атын көрсетуге болады. (6.18-сурет) Найти командасының
диалогтық терезесі
Искать текст өрісінде, егер ізделінетін құжаттың файлының аты естеріңде болмаса, мәтіннің кейбір жеке сөздерін көрсетуге болады.
Объект табылған кезде терезенің төменгі жағында ізделініп отырған объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс ашылады
(6.19-сурет)Табылған объектісі бар
Найти командасының диалогтік терезесі
<<Іздеу саламыз>> кітаптан практика түрінде орындау
Балалар біз 82- ші бетегі тапсырманы өзіміз орындарымызда отырып орындап көрейік.
Найти батырмасының көмегімен Ученик ФИО қапшықтарыңды табыңдар.
1. Пуск--- Найти---Файлы и папки әрекеттер тізбегін орындаңдар.
2. Найти командасының диалогтік терезесінде Имя и местонахождение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
3. Имя өрісіне Ученик ФИО- өз қапшықтарыңнын атын енгізіңдер.
4. Найти батырмасын шертіңдер.
5. Егер қапшық табылса, онда терезенің төменгі бөлігінде қапшықтарыңның орналасқан жерін табу жолы көрсетіледі, сендер оны осы терезеде ашуларыңа болады.
6. Егер қапшық табылмаса, онда терезенің төменгі бөлігінде <<бұл түрде бейнеленетін объектілер жоқ>> деген хабарлама шығады.
Белгілі мәтіні бар файлды табу үшін Искать текст өрісіне ізделініп отырған сөзді (мысалы,Информатика) енгізу керек.
Іздеу нәтижесінде <<информатика>> сөзі кездесетін
барлық файлдар мен қапшықтардың аты көрсетілген
қосымша өріс ашылады.(6.20-сурет)
Файлды (немесе барлық файлдарды) оның соңғы өзгертілген күні бойынша табу үшін Дата қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер де, диалогтік терезеде (6.21-сурет) қажет параметрлерді орнатыңдар. Соңғы (өздерің көрсеткен) бірнеше айлар немесе күндер ішінде өзгертілген немесе жасалған немесе ашылған файлдарды табуға болады, сонымен қатар күндер арасындағы арақашықтықты көрсетуге болады.Содан кейін Найти батырмасын шертіңдер.
<<Құпия сандық>>
Яғни оқушылар 2 топқа бөлінеді. Жеке папка аштырып, ашқан папкаларын берілген тақырып бойынша жұмыс үстеліне сақтап, найти командасының көмегімен іздеуге көшеді.
Сақталған қапшық болса онда іздеу нәтижесінде өріс ашылады.Сағатын, күнін,т/б с.с толығымен көре аласындар.

Найти командасының көмегімен файлдар мен қапшықтардан басқа өздеріңнің желілеріңе қосылған кез келген копьютерді табуға болады. Ол үшін мына әрекеттер тізбегін орындаңдар: Пуск -- Басты меню---Найти--- Компьютеры. Диалогтік терезедегі Имя өрісіне компьютердің атын енгізіңдер немесе айналдыру батырмасымен компьютер аттарының тізімін ашыңдар да, тізімнен қажет атты таңдаңдар. Найти батырмасын шертіңдер.
Бекіту сабағы: <<Алтын іздеушілер>>
Мен барлық оқушыға бірдей алтын көмбесін жасырамын!
компьютер аты "multimedia" жұмыс үстелінде алтын көмбе жасырылып тұр.
Барлығымызға іске сәт!
Бағалау:
Үйге тапсырма: 5.4 тапсырма қайталау

Ұқсас жұмыстар
Мәтінді ауыстыру
Редактордың командалары
Wordpad-тың қосымша мүмкіндіктері
Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. кесте құру. ұяшықтармен жұмыс
PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі
Қарапайым графикалық редакторы. суретті ашу. 7-сынып
Мәтінді бағандарға бөлу
Графикалық редактор терезесі
Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру
Сабақтың әдісі. САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәндер