Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Есікті ашыңдар
Сабақтың тақырыбы:Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:Өз білімдерін пайдалана білуге,іздемпаздыққа,еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ертегі
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,тапсырмалар, сурет, үлестірмелі тапсырмалар, ешкі және жеті лақ, плакаттағы тапсырмалар
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа назарын аудару.
Бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Сабағымыздың мақсаты:Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2.Психологиялық дайындық.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек ?
Балалар: - Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
- Балалар, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік.Бір-бірлерімізге жақсы тілектер айтсақ бүгінгі сабағымызда <<Жеті лақ>>ертегісіне саяхат жасаймыз.Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: <<Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын>>,-дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.
Лақтар:
-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.
Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді.Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді,бірақ таба алмады.Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын.Сондықтан ол зытыа жөнелді.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді.Пеш ішінен лағын тауып алды.Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады.
-<<Лақтарым,шұнақтарым,көлге біткен құрақтарым!Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!
Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады.Ешкі сен оқушылардан көмек сұра.Ашық хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын.Әр тапсырмаға 2 лақтан жіберемін деген екен.Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын деп жазыпты.Балалар көмектесіңдерші,-дейді ешкі
-Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?
-Иә
Ендеше 1-тапсырма
Ойын <<Құрастыр>> (суреттен сөйлем құрап жаз)
Күн ашылды
Бала күркіреді
Құлын ойнады
Аспан кісінеді
(тақтаға орындау)Бір,екі,үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сәуір айында болған мерекені еске түсірейікші.Дұрыс 12 сәуір ғарышкерлер күні.Ең бірінші ғарышқа Ю.А.Гагарин ұшты,ал қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев екен.Осы кісілерге арналған Тұңғыш қазақ ғарышкері өлеңін мәнерлеп оқиық.
Әубәкіров ағаның
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам-жан ағам
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
-Осы өлеңде адамның аттары бар ма?
-Олар қалай жазылған?
-Неліктен?
-Дұрыс кісінің аты-жөні бас әріппен басталып жазылады.Тағы қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады? Жер-су аттары.
-Балалар шаршап қалған сияқтымыз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
Балдырған баламыз (өздерін көрсетеді)
Досты көп табамыз (құшақ жаяды)
Өзара достасып, (бір-біріне қарайды)
Сенімді боламыз. (қол алысады)
2-тапсырма
Буындардан сөз құраймыз
-Неше адамның аты құралды?
-Сегіз (8)
-Ендеше 8 санының құрамын айта қойыңдаршы.
8
8
8
8
8
-Балалар ендігі кезек есепте.Есептің неше құрамды бөліктері бар,атаңдаршы.
-Дұрыс шарты,сұрағы,шешуі,жауабы.
-Олай болса мен есепті оқимын сендер мұқият тыңдаңдар.
Балалар мектеп жанына 6 үйеңкі және 4 емен ағаштарын отырғызды.Балалар мектеп жанына неше ағаш отырғызды?
Үйеңкі-6
Емен-4
Барлығы-?
Шешуі:6+4=10
Жауабы:10 ағаш
-Балалар келесі мамыр айының алғашқы мерекесін кім біледі?
-1-мамыр достық,бірлестік,ынтымақтастық күні.Біздің Республикамызд көп ұлттар тұрады.Қазақта мақал бар <<Бірлік болмай-тірлік болмас>>ендеше қазір бірігіп ойланып мына мысалдарды шығарып,салыстырайық.
2*9-2 3+5*5 2*4+5
1*6-2 4-2*3 9*5-4
2*5+1 2+2*5 5*4+5
<<Әріпті және санды өрнектер ойыны>> әріпті өрнек дегенде 1 рет шапалақтау,санды өрне дегенде 2 қол партада.
3-тапсырма
Сергіту сәті
Жел соқты
Жаңбыр жауды
Жел басылды
Күн ашылды.
-Бізді қоршап тұрған не?
-Табиғат
-Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат
Тірі Өлі
Тірі табиғатқа.өсімдік,жануар,ағаш
Өлі табиғатқа.жер,су,ай,күн,жұлдыз,ауа,тас.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын еске түсірейікші (наурыз,сәуір,мамыр)
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.
Қар ериді.Күн ұзарады.Ағаштар бүршік жарады.Мал төлдейді.Жылы жақтан құстар оралады.
-Қыста ұйқыға кететін қандай жануарларда білесіңдер?
-Аю,бақа,борсық,тышқан,кірпі.жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес.Кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып,қайта келіп,жатып жүреді.
Аңдардың дұрыс қоректенуін сәйкестендірейік.
Түлкі өсімдік
Қоян сәбіз
Бұғы қоян
Тиын балық
Қасқыр жаңғақ
-Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Дала құстары Үй құстары
Шағала Тауық
Қырғауыл Әтеш
Бірқазан Үйрек
Дуадақ Қаз
Тырна Күркетауық
Аққу
Шіл
-Бақаның неше мекені бар?(суда,жерде)
-Жорғалаушыларға нелер жатады?(кесіртке,жылан)
-Бунақденелілерге ше?(қаңқыз,көбелек,ара,құмырсқа,қоңыз,шыбын)
-Аңдардың көктемгі тіршілігі жайында не айтамыз?
-Көктемде сүтқоректілер (төлдейді,күшіктейді,қоздайды)
-Киіктің лағын не деп атаймыз?
-Құралай желі қай уақытта болады?
-Адамның сезім мүшелеріне нелер жатады?
-Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.
-Көз-көру мүшесі
-Құлақ - есту мүшесі
-Мұрын иіс сезу мүшесі
-Тіл-әрә сөйлеу мүшесі
-Тері-сезу мүшесі
ІІІ.Қортындылау
-Қасқырдың берген барлық тапсырмасын орындап ешкіге көп көмегімізді тигіздік.Ешкі тәрізді тағы көмек сұраған адамдар болса көмек көрсетеміз бе?
-Иә,міне бүгінгі сабағымызда қасқырдың тапсырмаларын орындадық.Тапсырмалар қиын болды ма?
-Қай тапсырма қиын болды?
ІҮ.Рефлексия
-Сабақ сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?
Ү.Бағалау жақсы қатысқан балаларды бағалау
-Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтарға арнап музыкадан өткен <<Үйретеді бізді мектеп>>өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз.
Қарағанды қаласы
Жалпы білім беретін №30
орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Кузембаева Ляззат
Дюсенбаевна

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz