Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұстаздарыңыз соған тілекші
<<Сейфуллин атындағы орта мектеп>> ММ
Тақырыбы:
БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кулсултанова Б.К
Мақаншы-2011
БАСТАУЫШЫМ -БАЛБҰЛАҒЫМ
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол - 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Мұғалімнің сөзі:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат озгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:<<Талаптарыңа нұр жаусын!>> деп <<Бастауышым балбұлағым>> атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Жанерке: Армысыздар, ұстаздарменоқушылар, ата-аналарменақжаулықтыапалар!
Ұлан: Бүгінгі <<Бастауышым балбұлағым>> ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жанерке: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Ұлан: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Жанерке: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Ажар: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
Ұлан: Ендеше,енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 Әсыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.
(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Вальс!!!
Жанерке: -Ортада Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында бастауыш сыныппен қоштасып тұрған ҚР болашақ президенті, министрлері, академиктері мен профессорлары, бизнесмендері!
Вальс билейді
Ажар: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Ән: Отан туралы
Нарын: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Қымбат: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Абылай: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Алмагул: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
Абзал: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Айым: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Бекзат: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
Ән:Школа
Ажар: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
Ұлан: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі - ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
Жанерке: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
Ұлан: Олай болса, келесі бөліміміз: <<Ұстаз ұлағаты>> деп аталады.
__________________________________________
Мұхамед: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
Нургул: Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
Дарын А: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
Толғанай: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Ән:Ұстазымменің
Дилназ: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырған.
Оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең,
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием,
Таудай ғой менің талабым.
Әр жыл сайын қаруланып білімнен,
Алға дәйім мені бастап сүйредің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
Ардақтысың мектеп -- алтын бесігім!
Нұрдана: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Дарын Б: Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
Еламан: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Көрініс:
Ажар : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.
Би: Орыс биі
Ажар: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Ұлан :
Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқаны,
Төлебидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
Бекзат
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
-Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
Нарын
Дос табу оңайма? - депті қарт.
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
Дарын А
- Үйдегі алтын қазығың кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана -- ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң -- қорғаушың, інің -- сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
Алтынбек
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су -- тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Еламан
-Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата -- ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Ажар: Иә, қасиеттітіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
Жанерке: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.
Алтынбек: Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.
Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.
Ақыл, ой да,білім де, туған ана тілінде.
Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.
Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.
Саят: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
Ақбота: Тілім менің -- елдігім де, ерлігім,
Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.
Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.
Элдар Қ: Ана тілім - қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,
Өзің ғана арқылы тек таныдым
Жанерке: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
Ұлан: <<Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі>> - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыныбелгілі.
Ажар: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда.
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты.
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Ән: Учать в школе
Ұлан: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен Сіздерді марапаттаймыз.
Ажар: <<Қамқор және мейірімді>>номинациясымен бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Алмагул Бисултанқызы марапатталады.
Жанерке: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Алмагүл апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Ұлан: <<Ұлағатты ұстаз>>номинациясымен Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жанат Кәкімқызы марапатталады.
Жанерке:Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Жанат Кәкімқызы осындай.
Ажар: <<Баға жетпес, өнегелі>> номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен ұстаздарымыз Дина Нұғыманқызы, Амина Нұрмұхаметқызы, Жанат Рамазанқызы марапатталады.
Жанерке:Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқорболып жүреді.
Дина, Амина, Жанат апайларға
Алғыс айтады түлегі.
Ажар:<<Самая обаятельная и привлекательная>>номинациясымен ұстаздар: Қулянда Жарылкасынқызы, Роза Мубаракқызы, Шынар Маликовна марапаталады.
Жанерке:Учителю от нас поклон. Кто из нас
в Вас не влюблен?
Вы душевны и добры, и при этом так умны
Знайте, не забудет Вас
Выпускной четвертый класс!
Ұлан: <<Алтын қалам>>номинациясымен сурет пәні мұғалімі, тәрбие ісі меңгерушісі Гүлнар Сарқытқызы марапатталады.
Жанерке: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Гүлнар Сарқытқызы.
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
Ажар: <<Инабатты>> номинациясымен өлкетану, тіл дамыту пәні мұғалімі Анар Амантайқызы марапатталады.
Жанерке: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, Анар апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
Ұлан: <<Күміс көмей>> номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
Құмар Насімірұлы марапатталады.
Жанерке: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Құмар аға, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
Ажар: <<Тәні саудың, дені сау>> номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Қылышханұлы марапатталады.
Жанерке:Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзімен
Қуаныш ағай қашып кетсек аямады.
Ұлан: <<Смак>> номинациясымен біздің құрметті аспазшымызҒалия апай марапатталады.
Ажар:Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Аспазшы, абзал жан Ғалия апай,
Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.
Ән: <<От улыбки>>
Ажар: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Ұлан: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған -- ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Көрініс:Өнерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана, қария кісі.
Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.
Толғанай:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.
Алмагул:Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп,баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.
Толғанай:Сен неге үндемейсің?
Нұрдана: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.
Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.
3 бала:Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.
Толғанай:Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?
Нарын:Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.
Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.
Ән: Ана туралы
Мұғалім:
-Енді мен 4 жыл бойы саналы тәрбиесі, сапалы білімімен көзге түскен түлектерге арнап өлең шумақтарын оқып берсем деймін.
Ұстаздар оқушыларға грамоталар ұсынады
Не жетеді көңілдің байлығына,
Мойындатар еңбегімен жұртты мына
Ұстаздары ниеттес боп қолын бұлғап,
Сәттілік тілеп тұр ғой Жанеркеге.
Алмагул мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Мұхамедтей мықтымыз бар мақтанамыз,
Талабына рахаттанып шаттанамыз.
Қабілетімен талайды табындыртар,
Мұхамедке ақ тілекті ақтарамыз.
Нүргүл адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.
Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате ісі әрқашан мойындалар.
Әр ісіне жауапты Еламан
Арманың болашақта орындалар.
Сахнада ойнаса талдырады,
Өлең оқыса жүректі жандырады.
Сері жігіт деген атағы бар.
Ұлан артқа өз ізін қалдырады.
Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,
Мінекей ұшып барады ерке құсым.
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,
Дилназ - сен еліміздің ертеңісің
Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Абылай сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
Үлкені боп келеді жанұяда,
Сөз айтайын ендеше Нұрданаға
Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас,
Жақсының жақсысын жарияла.
Болашақ біздің жазушы,
Сөз құдыретін танушы.
Ажарды біз бағалаймыз,
Ана тілінен бес алушы.
Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
А.Дарын сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Алтынбекке мінекей кезек келді,
Қызыл тілім жыр айтып безектеді.
Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім,
Қаншама бұзық оны десек те енді.
Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Бекзат болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.
Абзал сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапты екенін сезінумен
Кімге болса да ол ардақты
Ә.Елдарспортты сүйеді
Мектеп үшін намысты бермей күйеді
Бірақ оның қай жерде жүретінін
Тек бір өзі ғана біледі.
Айым біздің арайлы,
Ақырын сөйлеп қарайды.
Үндемей жүріп басып оз,
Таң қалдырып талайды.
Аяулы Ақбота қызымыз
Аспанның жарық күніндей.
Өсе берші сен жайнап
Көктемнің әсем гүліндей.
Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін.
Әдеппен бәрін сыйлайтын,
Қымбат қызымыз жарадың.
Сыныптың Толғанай пысығы,
Алғыр,зерек, батылды.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.
Қ.Елдар біздің қандай!
Өзі сондай батыл-ай.
Сөйлегені оның
Жағады бізге балдай.
Сабақта отырады, қозғалмайды,
Мұғалімді қатты сыйлайды.
Тәртіпті біздің Саят
Бізге де қатты ұнайды.
Себепсіз қалмас сабақтан,
Көреміз сені тек алдан.
Өсе бер біздің Нарын
Ақылың бойға жарасқан.
Ақырын жаймен жүретін
Жымиып ақырын күлетін.
Әдеппен бәрін сыйлайтын.
Қуаныш ұлымыз жарадың!
-Мерекелерің құтты болсын!
Жанерке: <<Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады>> деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
Ұлан: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.
Дильназ: Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
Элдар Ә: Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
Еламан: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол,
Сүйікті бастауышым!
Жанерке:
На этом мы закончим наш небольшой рассказ
И песенку последнюю исполним мы для Вас.
<<Маленькая страна>>-это наша большая школа.
Ән:<<Маленькая страна>>
Ажар:
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты.
<<Қош бол ұстаз>> әні Жанерке мен ағасы орындайды.
Ұлан: Осымен <<Бастауышым - балбұлағым>> атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Мұғалім: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы түрған түлектер!
Ұстаздарыңыз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz