Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтын күздің жыры сен

<<Алтын күз, қош келдің>> атты мерекелік қойылым
Шиемін мен шиемін
Піскенше тон киемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін
Топтың аты : <<Шиелер>>
Сыныбы: 9
Сынып жетекшісі: Салтанат Қошыманова
Қатысатын шиелер :
1. Жаннұр
2. Бибінұр
3. Толғанай
4. Малика
5. Еңілік
6. Балнұр

Таныстыру
Біз шиеміз, шиеміз
Сіздерге бас иеміз
Алдарыңа шығарған
Өнер деген киеміз
Егеменді елім бар
Өкпетідей жерім бар
Өнерімен өрелі
Жеңетұғын сенім бар

Шие, шие, шие
Бізге керек дәрісің
Бақшадағы барымсың
Мәуелі бір талымсың
Өмірімнің нұры сен
Алтын күздің жыры сен
Базарымның базарымның базарымның сәні сен
Бүгінгі алтын күзге күліп келген
Үштөбенің шаң көшесімен асығып жүріп келген
Гардеробқа киімін іліп келген
Бір қызық боларын біліп келген
Ах бүгін күлейін деп екі жеңін қолтығына дейін түріп келген, көрермендер
/Хормен/ - Ассалаумағалейкум
Не деген амандасу мынау
Өкпеті өкпеті болғалы бері
Көрерменге залымыз толғалы бері
Адаммен жаман құсап амандаспай
Адаммен адам құсап амандасқанымыз жөн емес пе? Ағайын
Біз күзгі салаттардан бас тартпайтын
Қалжыңнан басқа сөз айтпайтын
Шырынға , тосапқа үйір
Жемісті уақытында қамбаға жинайтын
Қамбаны лықа толтырмай тынбайтын
Күлкіге үйір
Тілі сүйір
Қауымды өнерге қарқ қылатын
Қарсыластарды да өнермен жеңетін
Әзілге, өнерге үйір шиелерміз
Ендеше алтын күз көңілдеріңізді көтерсін
Оқушылардың мұғалімдер алдындағы парызы өтелсін
Жылына бір келетін Алтын күз мерекесі құтты болсын.
/Әндетіп/
Бір ағашта екі алма
Мен де алмайын сен де алма
Бірлігіміз жарасар
Берекелі ел барда
Алма ағаштың гүліндей
Текеметтің түріндей
Жолын тауып жүлдеге
Жетейікші сүрінбей

Алтын күздің <<Бес жаңалығы>>
1 Айтайын айт дегенде әриайдай
Көп айтса әриайдай көңілге жай
Айтсам мен 5 жаңалық өсек емес
Фактімен сөйлеймін ғой шындыққа сай

Ей саған халқым-ай
Беу құлақ түргін-ай
Беу күзгі салқын-ай

2. жан-жақпен сөйлесе алмай дымым құрып
Телефонда айтқан сөзім өсек болып
Поштаға бармайтын күн жақын қалды
Әр үйге цифравой телефон құрып

Ей саған халқым-ай
Беу телефоның ай
Құтты болсын-ай

3. Аллаға сыйынып мен сөз бастайын
Ақ жолға түсейікші кел достарым
Ақ мешіт ашылды ауыл хақ төрінде
Шұғыла шашсын дейміз жүректерге

Ей саған халқым-ай
Ақ ниеттерің- ай
Қабыл болсын-ай

4. іргеміз ыдырамай бүтінделсін
Көшкен ел қайта елге көшіп келсін
Ұрпағы бабалардың, аталардың
Кіндік қан тамған жерде өсіп өнсін.

Ей саған халқым - ай
Көшпе елім-ай
Туған жерің-ай

5. күз болып көтеріңкі көліл күйде
Ынтымақ жарасады істе бірге
Жәрмеңке өтті кеше берекелі
Айтайын көп алдында <<Алтын күзде>>

Ей саған халқым-ай
Жүрсең шалқып-ай
Бағаң артық-ай

6. 100 пайыз арнамыз бар қазақ тілді
Өнері, тілі, діні кәделі де
<<Мәдениет>> арнасы да ашылыпты
Өркениет елге өнер мәуелі де

Ей қазақ елім-ай
Беу ана тілің-ай
Өркен жайсын-ай

7. Айтайық 5 жаңалық кезегімен
Игі істер көп болсыншы өз елімде
Жақсының жақсылығын айта отырып
Нұрын-ай тасыттық біз өлеңменен

Ей саған елім-ай
Артып сенім-ай
Келем өніп-ай
Көрініс

Ассалаумағалейкум, Алатаудай атамыз, ақша бұлттай анамыз. Ұлын ұяға қызын қияға қондырған шежіредей әкелер бақ-қуаттысыздар ма?
Армысыздар асау тайдай ағаны жауға бермес жеңгелер, кейде гендерлік саясат құрып дауға берсе де жауға бермес жеңгелер.
Сәләматсыздар ма?
Зрәстите, здрәстите,здрәстите. Здравленки буду, халлау, гуд монин, гутен авенд, гутен так, саллаумалейкум, яхшимисиз, ни хау , зи, анион ханша, зизу-зизу
Не болды ей?
Не деп кеттің
Ой аға тұрайын ба енді Аға Көке, жеңгей деп Қазақстандағы барлық ұлтпен бірақ амандасайын деп едім. Күз болса мынау келіп қалған. Уақыт жоқ. Науқан кезінде жеке-жеке амандасуға.
Ей шырағым олармен содан кейін амандаса жатармыз . алдымен өзімізді түгендеп алайық та.
Иә,иә
Иә, ошақтың бұты үшеу болғанмен өзі біреу,жігіттің жұрты үшеу болғанмен өзі біреу, күздің айы үшеу болғанмен атауы біреу
Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар. Бөлесі бардың нағашысы бар, бәрінің алтындай бағасы бар . Қарға тамырлы қазақтарым амансыздар ма?
Қызым үйде болғанмен, қылығы түзде дейді ғой. Қара көз қарындастар-ау, қызғалдақтай қыздар-ау, күмічтей сыңғырлап күліп-ойнап жүрсіздер ме?
Мінекей дүниені дүбірлетіп, таңды сібірлетіп, шөбін жинауға үлгертпей дігірлетіп, сап-сары алтындай жапырақтарды дірілдетіп мінекей алтын күз мерекесі де келіп жетті.
Ду қол жапалақ ағайындар
Ал достар осы варениені жылына бір-ақ рет жасаймыз е?
Иә. Бұл да Алтын күздің кереметі емес пе?
- жылына бірақ рет күзде жасаймыз, бірақ артынша ұмытып кетеміз. Неге?
- мен де онша ұната қоймаймын.
- менде де сондай алып бара жатқан көп қызығушылық жоқ
- а-а барлықтарыңызда солай ма?
-иә
- содан кейін сендерге бір айтайын дегенім осы варениені жесем болды ішім кеуіп кетеді.
-басеке менде де солай . маған да жақпайды.
-иә-иә мен де былай ауыз тиемін. Басеке қалай айтсақ та кесірі бар әйтөуір.
- содан кейін мен сендерге бірдеңке айтайын осы варениені жесем бірақ сендер ешкімге айтпаңдар менің көзім қарауытып кетеді.
- ойбай мен де айтпай жүрмін ғой . Менің де көзім былтыр варениені көп жеп көрмей қалды.
-әне көзге де зиян екен көрдің бе?
-әй қойыңдар тосаптың пайдасы да бар емеспе?
-а-а-а басеке тосап жеп едім көзім көріп кетті міне.
- а солай ма?
- иә тосап жесең әсіресе ауырғанда денең сергіп, өзіңді күшті сезініп, былай чувствует етіп қаласың
-чу-чу еткен деген не деген сұмдық . бұл деген асқазанға, адам ағзасына өте пайдалы диетикалық тағам емес пе?
- достар негізі мен сіздерге айтайын Барды бар деу керек, жоқты жоқ деу керек. Жақсыны жақсы деу керек, жаманды жаман деу керек.Кім дайындайды осы тосапты шақыр бері.
Ей қыз тосапты сен бе дайындайтын?
Иә
- жақындап тұр бері.
Бұдан кейін осылай дайындайтын болсаң мен сені жұмыстан қуып жіберем. Білдің бе?
-өте дұрыс басеке
Құртыңыз дедім ғой баяғыда.
Көзге көрінбейтін болсын.
Не кінам бар. Дәмді, ағзаға пайдалы дәруменге бай тосап әзірлегенім үшін бе?
Ах/ах/ах достар-ай-достар-ай алтын күздің ең дәді тағамы тосапты сылтауратып сендерді сынап едім мен не десем со деп менің ығыма жығылғандарың қалай? Үшеуіңе ербеңдеп бастарыңа не күн туды.
Басеке үшеу емес ана екеуі.
Басеке енді сіз бізге қожайынсыз дегендей біздің күніміз тосапқа емес сізге түсіп тұр ғой
Солай ма ? достар күндерің кімге қараса да жыл бойы ас ретінде пайдаланатын ең дәмді, ең пайдалы күзде дайындалатын тосаптан артық ас жоқ. тосаптан артық ас жоқ. Менің басымнан артық бас жоқ.
Күннен артық шам жоқ
Тосаптан артық дәм жоқ
Басқа тағамдарда мән жоқ.
Олай болса Алтын күзде күлімдеп, тойлайықшы бүгін кеп
Погеребқа банканы салайықшы түгендеп
Мінеке қараңызшы қаламызға қала қосылды
Байлығымызға байлық қосылды.
Егініміз көп шықты , мая-мая шөп шықты
Түбекті теуіп, шүмекті сындырып баламызға бала қосылды.
Басымызға басқосылып, малымызға мал қосылды.
Пенсияға шығып шалымызға шал қосылды.
Енді міне көгімізге күн шығып, ынтымақ ұйымына төраға болдық. Ресей, Беларус, Қазақстан Кедендік одақ құрды.
Біздің де Алтын күзге өкпеміз жоқ.
Тілейік те, күлейік, күлейік те білейік.
Күлкі көңіл көркі ғой Күліп ойнап жүрейік
Әрине күлген де жақсы.
Бірақ кімнен кейін күлгенді білген де жақсы
Құдай бізді күлкіден айырмасын
Өткен күн елес
Келер күн жұмбақ
Қазіргі күн қымбат ағайын
Олай болса Алтын күз мерекесі тағы да құтты болсын .

ШҚО
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
<<Өкпеті>> орта мектебі
Сынып жетекшісі
Қошыманова Салтанат

Ұқсас жұмыстар
«Алтын күз» байқауы
Армысың алтын күз! 1 сынып
Алтын күзім мезгілім, Алтын күзім жемісім
Құтты болсын мерекесі Алтын күз
Алтын астық айнала
Алтын күз сценарий
Алма терген балалар
Арайлы, алтын күз!
Қыркүйек. Қазан. Қараша
<<кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!>>
Пәндер