Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов орта мектебі

2011-2012 оқу жылы
<<Географиялық алаң>> интеллектуалды ойыны

11 <<А>>, <<Б>> сыныптары
Өткізген: Қайреденова Г.А
география пәні мұғалімі
Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов орта мектебі

2011-2012 оқу жылы
<<Географиялық алаң>> интеллектуалды ойыны

11 <<А>>, <<Б>> сыныптары
Өткізген: Қайреденова Г.А
география пәні мұғалімі

Пәні: география
Сыныбы: 11 <<А,Б>>
Пән мұғалімі: Г.Қайреденова
Өткізген күні: 15.02.12.

Тақырыбы: Географиялық алаң

Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2. Жаңаны білуге қызықтыру;
3. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
4. Тез ойлана білуге үйрету;
5. Географиядан алган білімдерін ортага салу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта <>
бағдарламасымен.
Бағалау жетондары: Көк жетон- 1 ұпай.
Сары жетон-3 ұпай.
Қызыл жетон-10 ұпай.
Ойынның жүру барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топтарға болу, белгіленген
орындарына отырғызу, әділ-қазылар алқасын
белгілеу,барлық қатысушылардың назарын
аудару.

ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ- қазылар құрамымен таныстыру.

ІІІ Негізгі бөлім

1 тур: <<Біздің әлем>> топтардың тұсаукесер рәсімі
<> бағдарламасымен жасалған презентация бойынша топтар өз құрамдарымен таныстырады.

2 тур: <<ИӘ, ЖОҚ>> ойыны
Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жауап тез -тез берілу керек.

І топтың сұрақтары
1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км Иә
2.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді Жоқ
3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә
4.Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ
5.Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә
6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә
7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді
ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды Иә
8.Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан Иә
9.Түркияның астанасы- Стамбул Жоқ
10. Ең ежелгі материк Гондвана Жоқ

ІІ топтың сұрақтары
1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет болып жарияланды Иә
2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді Жоқ
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені Иә
4. Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады Жоқ
5.Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Иә
6. БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан Жоқ
7. Испания -Пиреней түбегінде орналасқан Иә
8.Қазақстанда 16 облыс бар Жоқ
9.Иранның астанасы-Ереван Жоқ
10. Ең ежелгі мұхит - Тетис Жоқ

3 тур: <<Елтану>> ойыны
Әрбір топқа тақтада 6-дан елдердін мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақтада <> құралдарын пайдалана отырып оларды бір-бірімен сәйкестендіруі керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.
І топтың сұрақтары
АҚШ- <<Бостандық статуясы>>
Қытай- <<Қытай қорғаны>>
Франция- <<Эйфель мұнарасы>>
Ұлыбритания- <<Вестминстер- парламент үйі>>
Испания- <<Тореадор>>
Италия- <<Колизей>>

ІІ топтың сұрақтары
Үндістан- <<Тадж Макал>>
Түркия- <<Босфор көпірі>>
Германия- <<Бранденбург қақпасы>>
Жапония- <<Фудзияма>>
Ресей- <<Қызыл алаң>>
Чехия- <<Карлов көпірі>>

4 тур: "Қара жәшік"
Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі , сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады ,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай,

І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл
өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны-Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай

5 тур: <<Бұл қай ел>>
Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады ,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.

І топқа сұрақ:

Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы-материктегі аса ірі агломерациялардың бірі . Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған.Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта- ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауап: Египет

ІІ топқа:
Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан.Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады.Ауыл шаруашылығының басты саласы -көкөніс және жеміс-жидек өсіру.Мал шаруашылығының негізі- сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.
Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.
Жауап: Нидерланд

6 тур: "Қара жәшік"

І топқа:
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте
жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте"даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны-Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да
пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.

ІІ топқа:
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды
Екінші көмек: Емге де пайдаланады.
Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Индонезия.
Жауап: Қалампыр дәні.

7 тур: " Географиялық ассоциация"
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап карап қандай географиялық ұғымды білдіріп турғанын табулары керек.Ойлануға
30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай

1.Толқын,қауіп-қатер,жылдамдық, апатты құбылыс,жер сілкіну.
Цунами
2. Өзен, теңіз, булану,бұлт, жауын- шашын, күн.
Дүние жүзілік су айналымы
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
Курортты жерлер
4.Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5.Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
6. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
Жылы ағыстар
8. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико.
Шұңғымалар
9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар

ІІ топқа:
1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп-қатер.
Айсберг
2.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
Сарқырама
3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
Желдер
4.Гвинея, Бискай, Парсы.
Шығанақтар
5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар
Шөлдер
6. Ганг, Евфрат,Колумбия, Хуанхэ, Дунай
Өзендер
7. Чад, Байкал,Гурон, Эри,Виктория
Көлдер
8.Тайга,саванна, тундра
Табиғат зонала

9.Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген , Каир
Астаналар
10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар
Бұғаздар

8 тур: <<Интеллектуалды жекпе-жек>> капитандар сайысы.
16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезекпен- кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез-тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1.Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4.Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхтиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7. Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест
9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада)
11.Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз
13. Ең биік тау көлі? Титикака
14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз
15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия
16. Ең терең шұңғыма? Мариан

ІІІ Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Сайыстың барысы
Т О Л А Ғ А Й
Суретшілер әлемінде сайысы (сыныптан тыс шара)
"тапқыр достар" географиялык мектепішілік сайыс
Өнерлі болсаң, озып көр Г. Р. ҚҰДАБАЕВА
«оқу -білім бұлағы» сайысы
Білім мен парасат сыны
Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Спорт біздің досымыз!
Отбасылық марафон
Пәндер