Ң дыбысы және әрпі. 1 сынып

Әліппе.

Сабақтың тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.

2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3 . Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер

ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі:

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты, сабақты.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық ?

-Ұұ әрпімен.

-Ендеше, Ұәрпін еске түсірейік.

а) Қ ұ с т а р, ұ р а н сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

○ ○ ○ ○ ○ ○

ә) Құрақ, тұрақ сөздерін буынға бөлу.

б) Құс, ұн сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.

в) Оқулықтағы «Құстар» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Суретпен жұмыс:

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қасқыр.

-Түлкі.

-Аю.

-Тиін.

-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Аңдар.

-Аңдар қайда өмір сүреді, оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?

-Орманда. Олар жабайы жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр, қой, жылқы)

-Жоқ.

ә) Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту) .

б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

в) Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау

г) Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.

ІV. Сергіту сәті:

Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұқсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.

V. Жаңа сабақты пысықтау:

Сұрақ- жауап:

-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Сөздерді, мәтінді оқығанда.

- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а) Оқулықпен жұмыс

аң аң шы таң жа ңа жаң ғақ

оң қам шы тоң жа ңа лық жаң быр

-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жаз. анда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаң ң әрпін әдемі етіп жазайық.

Ң әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.

ә) дәптермен жұмыс

ҮІ . Шығармашылық жұмыс:

Әр оқушы жаңғақ, аң, жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.

VІІ. Тіл ширату сәті:

Жаңылтпаш айту

1 Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыл шұңғыл.

2Атты таң,

Болма таң.

ҮІІ Ойын:

« Допты қағып алу» ойыны арқылы өткен әріптерді қайталау. Айтылған дыбыстарға байланысты сөздерді атау

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:

-Балалар бүгінгі өткен әрпімізді басқа әріптеріміздің арасынан кім шапшаң тауып береді?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-ң дыбысымен

-Ол қандай дыбыс?

-дауыссыз

-ң дыбысы мен әрпін тануда бізге қиын болды ма?

-Қандай сөздерді оқуда қиналдыңдар?

-Қандай сөздер бізге бұрын таныс еді?

- Қандай сөздерді бірінші рет естідіңдер?

-Сабақ ұнады ма?

ҮІІІ. Мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балдарды жүрекшелер арқылы бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Ғ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
П дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
К дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Қ дыбысы және әріпі
Й,и әріптерінің жазылуы
Емен ағашы
Дауысты дыбыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz