Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы: бұрыштық коэффициент k және ығысу l-тің әсері

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Екі сызықтық функция графиктерінің қиылысу және параллель болу шарттарын қорыту; сызықтық функция және тура пропорционалдықтың графиктерін тұрғыза білу;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сұрақ-жауап
ІІІ. Қатемен жұмыс
IV. Жаңа сабақ
1. Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу
2. Қорытынды шығару
V. Бекіту
VI. Оқулықпен жұмыс
VII. Үйге тапсырма
VIII. Қорытындылау, бағалау
Экспресс-сауал:
- Қандай функция сызықтық деп аталады? (y=kx+l түріндегі түріндегі функцияны сызықтық функция деп атайды)
- Сызықтық функцияның графигі қандай болады? (Сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады)
- Тура пропорционалдық қандай формуламен беріледі? (y=kx түріндегі функция тура пропорционалдық )
- Түзу мен Ох осьінің оң бағыты арасындағы бұрыш неге байланысты өзгереді? (Егер k>0, онда сүйір бұрыш; егер k<0, онда доғал бұрыш. )
- х=а және у=b теңдеуінің графигі қандай болады? ( х=а - ОУ осіне параллель түзу;
у=b - ОХ осіне параллель түзу. )
Қатені тап:
Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?
Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу
Графиктерді бір координаталық жүйеде салып, сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды шығарып көр:
- Барлық түзулер қалай орналасқан?
- Барлық формулаларда ортақ не бар?
- Әр функцияның бұрыштық коэффициентінің мәні қандай?
Тексеріп көрелік!
Дұрыс жауапты табыңдар:
Зерттеуге тағы да сауал!
- Алдыңғы суреттен өзара перпендикуляр екі түзуді табыңдар!
Бұл у= 0, 5х+3 және у= - 2х түзулері
Ал міне тағы бірнеше мысалдар
Перпендикуляр түзулердің теңдеулеріне мұқият қарап, сұрақтарға жауап беріп көріңдер:
Қандай жағдайдар екі түзу өзара перпендикуляр болады?
у= 0, 5х+3 және у= - 2х
у= - 5х+3 және у= 0, 2х+1
у=3х - 1 және у=- 1/3 х+3
Міне бірінші көмек:
Бұрыштық коэффициентке көңіл бөліңіз:
0, 5 және - 2 - 5 және 0, 2 3 және - 1/3
Екінші көмек:
Бұрыштық коэффициенттерді көбейтіңіз:
0, 5 *(-2) = -1 - 5*0, 2= -1 3* (-1/3) = -1
Сонымен, екі түзу қай кезде перпендикуляр?
Қорытынды : екі түзу перпендикуляр болады, егер олардың бұрыштық коэффициенттерінің көбейтіндісі -1-ге тең болса
Ендеше барлық зерттеулеріміздің нәтижелерін қорытындылап, нақтылайық …
- k бұрыштық коэффициенті неге «жауап береді»?
- Түзудің орналасуына l саны қалай «әсер етеді»?
к саны
у= k 1 x +l 1
y= k 2 x + l 2
l саны
Өздік жұмыс
- y=k1x+l1және y=k2x+l2екі сызықтық функциялары берілген. Мына шарттар орындалатындай k1, k2, l1, l2сандарын таңдап алыңдар:
- параллель болатын;
- қиылысатын;
- тік бұрыш жасап қиылысатын;
- беттесетін.
Сәйкес формулаларын жазып, салыңдар
Оқулықпен жұмыс
№1388(ауызша), №1391, №1396, 1400
Үйге тапсырма: №1389(ж), 1390, 1392, №1397
Қорытындылау, бағалау.