Сандық ақпараттарды өңдеу: Калькулятор бағдарламасын іске қосу және пайдалану

«Абай атындағы орта мектебі» ММ-сі

«Жыл мұғалімі-2013»

Тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу.

Калькулятор бағдарламасын іске қосу.

Калькулятормен жұмыс жасау

f398b295261c

Өткізген: информатика пәні мұғалімі Н. Медиева

Бейнеу, 2013ж

Сабақтың жоспары

7«Ә»-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске

қосу. Калькулятормен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру,

калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және

сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық

амалдарды қолданып есептер шығару.

2) тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

3) дамытушылық мақсаты: Оқушыларды калькулытор қолданбасымен жұмыс жасауға

дағдыландыру

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, флипчарт, смайликтер т. б.

Техникалық құралдар: ДК-лер, бейнепроектор, интерактивті тақта

Конференцияның күн тәртібі:(сабақтың барысы)

1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)

2. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)

3. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)

4. Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үйге тапсырма беру)

5. Конференция қорытындысы (сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау)

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Мен бүгінгі сабағымызды елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіз ел тірегі - білімді, дарынды, өнегелі, ұрпақ» деген сөзімен бастағым келіп тұр.

1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)

Тест сұрақтарына жауап беру(тест сұрақтары экранда слайдта көрініп тұрады, оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы бар сәйкес түстерді көтеру арқылы айтады)

1. Блокнот программасын қалай қосамыз?

■ Пуск - Все программы - Стандартные - Блокнот

■ Пуск - Стандартные - Блокнот

■ Пуск - Стандартные - Все программы - Блокнот

2. Блокнот қолданбасында мәтінді сақтау командасы:

■ Файл - Окрыть

■ Файл - Сохранить как . . .

■ Файл - Создать

3. WordPad бағдарламасы қандай редактор?

■ графикалық

■ мәтіндік

■ кестелік

4. Мәтін үзіндісін көшіру үшін қай команданы орындаймыз?

■ Правка - Копировать

■ Правка - Вырезать

■ Правка - Вставить

5. WordPad-ты қосу үшін орындалатын әрекет қайсы?

■ Пуск - Стандартные - WordPad

■ Пуск - Все программы - WordPad

■ Пуск - Все программы - Стандартные - WordPad

6. Бұрын сақталған құжатты ашу командасы:

■ Файл - Окрыть

■ Файл - Создать

■ Файл - Сохранить

7. Блокнот қандай программа?

■ өте кішкентай мәтіндік редактор

■ мүмкіндіктері зор мәтіндік редактор

■ кестелік процессор

8. Мәтін үзіндісін қиып алу үшін қолданылатын команда

■ Правка - Копировать

■ Правка - Вырезать

■ Правка - Вставить

2. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)

Сандық ақпаратты өңдеу

Калькулятор бағдарламасын іске қосу

Калькулятормен жұмыс жасау

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолджанбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т. б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу - Программалар - Стандартты - Калькулятор.

(Пуск - Все программы - Стандартные - Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмаларын шерту арқылы орындалады.

Қарапайым калькулятор

Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

- соңғы енгізілген цифрды өшіреді

- индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді

- барлық енгізілген ақпаратты өшіреді

- енгізілген мәндерді бөледі

- енгізілген мәндерді көбейту

- енгізілген мәндерді азайтады

- енгізілген мәндерді қосады

- орындалған амалдардың нәтижесін шығарады

- квадрат түбірді есептейді

- санның процентін табады

- экрандағы санның кері мәнін есептейді (2*1/х=1/2)

3. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)

1-тапсырма

Сандық әткеншек.

Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстырамыз.

37 санының қызықты қасиеті

37*3=111

37*6=222

37*9=333

37*12=444

37*27=999

2-тапсырма

Калькулятордың функционалдық батырмалары


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Сандық ақпараттарды өңдеу және калькулятор қолданбасы
5-сынып: Калькулятор бағдарламасын қолдана отырып арифметикалық және алгебралық амалдарды орындау - практикалық сабақ
Компьютерлік графика: графикалық ақпараттарды өңдеу және кескін түрлері
Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу: тіркестермен жұмыс және стандартты функциялар
6-сынып: Adobe Photoshop интерфейсі мен негізгі операциялары - іске қосу, жаңа құжат құру, көлемін орнату, сақтау және өңдеу
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Adobe Photoshop интерфейсі және негізгі мүмкіндіктері: іске қосу, жаңа құжат құру, өлшем орнату, сақтау және өңдеу
Компакт-дискіден бағдарламаларды орнату және іске қосу
Сандық ақпаратты өңдеу: блокнот пен калькуляторды оқытуға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
11-сынып информатикасы: Ақпараттарды өңдеу, іздеу және таңдау - іздеу әдістері мен таңдау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz