Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыныптан тыс жұмыстарының талаптары

Жоспар:
Кіріспе бөлім
I. Шет тіліндегі сабақтан тыс психологиялық педагогикалық (аспектін) мақсаты.
Негізгі бөлім
II. Шет тіліндегі сабақтан тыс жұмыстарының принциптері.
2.1 Шет тіліндегі сыныптан тыс жұмыстарының тәрбиелік формалары.
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарының талаптары.
2.3 Шет тілінде сабақтан тыс жұмыстарында Интернет пайдалану.
III Қорытынды бөлім
IV Пайдаланған әдебиеттер
V Қосымша

Шетел тіліндегі сыныптан тыс жұмыстары бұл үлкен білімді, тәрбиелілікті жетілдіретін жұмыс. Бұл жұмыс шетел тілін толықтырып, жетілдіріп қана қоймайды сонымен қатар оқушылардың ойлауын, творчестволық белсенділігін толықтырып, тілдің мотивациясын және басқа елдердің мәдениетін көтереді.
Сыныптан тыс жұмыстарды құрастырғанда мұғалім ең алдымен оқушылардың жасы психикасын ескерген жөн. Сыныптан тыс жұмыстарының тақырыбын тандағанда ол тақырып басқа пәндермен байланысты бай тақырып болуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстары мыныдай міндеттерді атқарады:
Оқушылардың білімін, дағдысын, білімділігін жетілдіру.
Оқушылардың көзқарасын жетілдіру.
Творчествалық белсенділігін, қабілеттілігін арттыру.
Оқушылардың өз еліне Отанына сүйіспеншілігін ояту, сол атақты елдердің атын құрмет тұтып, сыйлауға тәрбиелеу.
Орта буында яғни (7-9 сыныптар) оқушылар өздеріне қызықты, қымбат жаңа дегендерді тану үшін белсенділігін арттырады.
Жоғарғы буын (10-11 сыныптар) оқушылар өздерін жан-жақты қалыптастырады, толық білімді меңгереді.
Сыныптан тыс жұмыстарының принциптері.
1) Мазмұны мен талаптары құрастырғанда түсінікті анық болу керек.
2) Сыныптан тыс жұмысына оқушылар өз еркімен келеді және олар өз еркімен міңдеттерді атқару тиіс.
3) Шет тіліндегі сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың өлен айтуға, тақпақ оқуға, ән тындауға және оны түсінуге, альбомдарды, стенгазеттерді безендіруге, әр түрлі көріністерге спиктакльдерге костюм дайындауға сүйіспеншілігін, дағдысын арттыру керек.
Сыныптан тыс жұмыстарының 3 түрі бар: жеке, топтық, массалық.
Жеке сыныптан тыс жұмыстары жеке оқушымен жүргізіледі, егер ол оқушы ақпарат немесе баяндама (Отан туралы) немесе атақты адамдардың өлең тақпақтарын жаттаүанда, көрнекі құралдар, альбомдар дайындағанда жеке жұмыс жүргізіледі.
Топтық түрі бұл күнделікті оқушылар тобы, жалпы өздерінің қызығушылығымен жиналған. Бұл топтық түрге: әртүрлі вокалдық, драмалық, аудармашылық сыныптан тыс оқу үйірмелер жатады.Онда оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Массалық түрі оған мынадай кештер жатады: фесттваль, конкурс, карнавал т.б. Жарыстық кештерге мыналар жатады: конкурс, ойын, жарыс, көрініс т.б.
Оқушыларды қиылыстыратын түріне мұражай, кітапхана, кинотеатр және клубтар жатады. Сыныптан тыс жұмысына шет тілі апталығы да жатады. Бұл апталықты белгілі бір уақытта өткізеді. Онда белгілі бір бағдарлама құрылады оның өзінің мақсаты мен мазмұны болады. Бұнда комитет мүшелері қатысады олар шет тілі мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушісі және ата-аналар.Сыныптан тыс жұмыстар яғни оқушыларды білімділігі мен дағдысын толықтырады, және олар осы білімділік пен дағдыны толық қолдау білу керек.
2.3 Бүгінгі танда Интернет пайдалану (сынып тыс жұмысында) өте қарапайым және тийімді. Жана технологияға байланысты, мемлекетіміздің жағдайы көтерілуіне байланысты бүгінгі күні қалалық немесе аулдық мектеп болсың (Мультимедия) компютерлік сабақтар өткізіледі. Онда оқушылар барлығын өз көзімен көріп, сурет арқылы көріп, наушник арқылы тындауға болады. Бұл Мультимедия кабинеттері барлық жерде ашылмаса да болашақта ашылатынына сенімдіміз. Интернет арқылы оқушылар өзіне керекті материалдарды, қызықты ойындарды, көрнекіліктерді т.б. өздеріне шығарып ала алады. Интернет арқылы оқушылар шет елдегі адамдармен қарым - қатынаста бола алады ал өте тиімді және женіл деуге болады. Интернеттен оқушылар мен мұғалімдер әртүрлі тиісті ақпараттар табаалады: мұражай, экология, мерекелер туралы.
Сонымен қатар сыныптан тыс жұмысың тағы бір маңызды түрі ол Жоба (Проект). Бұл жоба сабақта да өткізіледі, сонымен сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Жоба түбінде әрқашан бір күрделі мәселе (проблема) болады. Жоба тек тақырыппен қамтылып қоймау керек. Осылай оқушылардың көнілің мазмұн айтумен қосу керек. Осы уақытта оқушылар ойы бұл мәселені қалай шешу, қалай дәлелдеу болады. Жобада жалпы оқушылар бір елді немесе бір тақырыпты талғымен дәлелден, қорғап, жан - жақты ашып беруі тиіс. Оқушы бір ел туралы материал жинаса - ол Жоба. Газет шығарса - Жоба. Шет тіліне кеш өткізсе ол да Жоба.
Қорытындылай келе шет тілінде сыныптан тыс жұмыс ерекше орын алады. Ол екі басты мәселені шешеді: 1-ден қызығулышықты артыру, білімін толықтыру , дағды мен іскерлікті жетілдіру.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қызығушылығын(шет тіліне) артуруға мүмкідік жасайды, олардың практикалық дағды мен іскерлікті жетілдіру. Сыныптан тыс жұмыстын үш массалық, таптық және жеке түрлерін танып білуге болады. Массалық түріне 1) эпизодиқалық және периодикалық массалық кеш. 2) Тұрақты массалық түрі.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі айырмашылығы оқу жұмысынаң.
1) Оқушылардың осы сын тыс жұмыстарға өз ерклерімен қатысу, өз міндеттерін атқару.
2) Бұл сыныптан тыс жұмыстарда сабақ үстінде секілді қатаң тәртіп жоқ, (уақыты, орны, түрі).
3) Үлкен өзімшілдік және оқушыға берілген тапсырмаларды өз еркімен орындау белсенділіктерін арттыру.
Сонымен қоса бүгінгі танда шет тілін сыныптан тыс оқытқанда, жана технологияға байланысты интернеттін рөлі зор.

Жоспар:
Кіріспе бөлім.
I Баланы ерте жасынан шет тіліне үйретудің маңызы.
Негізгі бөлім.
II Шетел тілін ерте жастан оқыту мәселелері.
2.1. Шетел тілін бастауыш сыныптан оқыту тиімділігі.
2.2. Ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын ояту.
2.3. Оқушылардың оқу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
III Қорытынды бөлім.
IV Пайдаланған әдебиеттер.
V Қосымша.



Шетел тілін ерте жастан оқыту бүгінгі танда өзекті мәселелердің бірі болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму үстінде.
XXI ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етуде. Шетел тілін білмеген адамға жаңаша өмір сүру мүмкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік деңгейде бұл факт өзінің Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықталған. Тұжырымдамада <<Білім берудің деңгейлері мен мазмұнында отра білім беру елдің үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімнің кәсиби дағдылырдың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, қабілетін дамытуға және өз бетінше дұрыс, адмгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.>>
Психолог Е. В. Жиркованың пікірінше, шетел тілін оқыту және баланың абстрактілі ойлау қабілетін дамытуда баланың сурет салу, сөйлеу қабілетін, есептеу қабілеті шетел тілімен байланысты жоғарылайды. Сол жастағы балалармен салыстырғанда шетел тілін оқыған балалардың оқу қабілетінің деңгейі өте жоғары деген пікір айтады ғалым.
Төменгі сатыда балалардың түсінуі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған И. Н Борисенко, Л. Робертс <<Сөйлеу және ес механизмдері>> атты еңбектерінде <<тоғыз жасқа дейінгі балалар сөйлеу шеберлігінің маманы. Баланың миы тілге арнайы икемді болады, бірақ ол есейе келе азаяды >> деген. Ал И. Н. Борисенко оқушыларды шетел тілін оқуға үйретуді жүргізген эксперимент нәтижесінде бұл жастағы балалар салыстыруға, сараптауға, қорытынды жасауға, жалпы және жеке жұмыс жасауға белсенді, қабілетті деп анықтайды.
Шетел тіліне оқыту процесінде пәнаралық байланыстың, әсіресе шетел тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жасөспірімдерді тілге үйрету. Оқушы шетел тілдерін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихы мен мәдениетімен таныса отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең түсінетің болады.
Шетел тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім. Жас өспірімдердің:
* тез қабылдауы;
* Еліктеуге бейімділігі;
* Қиялының әртүрлілігі;
* Ойлау ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;
* Танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы;
* Есте сақтауы;
* Қызығушылық қасиетінің молдығы мен әртүрлілігі;
* Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;
* Еліктеуіш қасиетінің басым болуы;
* Сезімтал болуы;
* Іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы;
Жоғарыда айтылған қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш сыныптан бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Шетел тілін ерте жастан оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет.
* Тындап түсінуді
* Сөйлеуді (монолог және диолог түрінде)
* Оқуды
* Жазу, хат жаза алуды
Шетел тілін ерте жастан оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз блып табылады.
Шетел тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық.
Біз неліктен шетел тілін оқытуды сыныптан бастауымыз қажет деген сұраққа жауап беруді, бастауш оқушыларының психологиялық ерекшкліктерін қарастырудан бастайық. Академик Л.В. Щербаның айтуы бойынша адамның көптеген психикалық қасиеттері тап осы кезде, яғни, бастауыш сынып жасында қалыптасады және әдетке айналады.
Кіші сынып оқушылары өте сензитивті және сезімтал болады. Сабақтардағы <<жеңістері>> әсіресе шетел тілі сабақтарындағы олардың психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы: шетел тілі сабағында-ақ оқушылар танысу диологы кезінде бірнеше сөйлемдерді ағылшын тілінде айтып үйренеді. Бұл оқушылардың бойында шетел тілін үйрену, меңгеру құштарлығын оятады.
Белгілі ғалым Н. Д. Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
* Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
* Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
* Оқытушы тұлғасы;
Шетел тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылғын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.Оқушылардың шетел тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
* әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
* Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктерімен байланысты болуы керек.
* Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
* Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
* Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану.
Көрнекіліктер - бұл оқушылардың шетел тіліне деген мотивациясын арттыратын техникалық және техникалық емес құралдар. Көрнекіліктер, яғни әдемі суреттер, макеттер мен аппликациялар, тақырыптық альбомдар, стенддтер, магнит тақталары, фланелографтар, техникалық құралдардың ішінен үнтаспа, компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа сыныптары, телевизор, бейнефильм т.б. шетел тілін оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек көрсетеді. Мектепте шетел тілі атмосферасы болмағандықтан тек көрнекіліктер арқылы ғана объективті әлем модельдендіріледі. Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оқу процесінің мақсаттарына жету үшін объективтік шындықты модельдейді.
Шетел тілін ерте жастан оқытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі ойын. Ойын барысында бала өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған әлеуметтік ортадағы нормалар мен әрекеттерді қабылдайды, яғни, ойын бала үшін танымдылық, бағдарлық қызмет атқарады. Ойын балалардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттырады, сабақты түрлендіреді, қызық етеді, оқушыларды зеріктірмейді, олардың білімге деген құштарлығын, талпынысын арттырып, яғни, қабылдау, есте сақтау және зейінін дамытады. Ойынның келесі бір ерекшелігі, ол сабақта оқушылардың өздерін еркін ұстауға белсендіреді, қысылмай сөйлеуіне, ойын еркін жеткізуге жағдай туғызады, қиялын дамытады. Кіші сынып оқушыларын ағылшын тілін оқытуда біз сабқта төмендегідей ойындар түрлерін қолданамыз:
* Шешуін тап!
* Джунгли шақырады,
* Топ, команда жарасы,
* Кроссворд, ребустарды шешу,
* Кім тез алма (жидек, саңырау құлақ, гүл т.б.) жинайды?
* Ұшты, ұшты, не ұшты?
* Пісті, пісті, не пісті?
* Түлкі мен қояндар,
* Тізбек ойын,
* Сымсыз телефон,
* Фишка лақтыру ойыны,
* Өзенмен саяхат,
* Аукцион ойыны,
* Тілмаш,
* <<Снежный ком>> ойыны,
* <> ойыны,
* Сахналық қойылымдарды көрсету,
* Гид- аудармашы т.б.
Енді мен 2-4 сыныптарда ағылшын тілі сабағында қолданылған кейбір ойындарға тоқталып кетпекпін.
<<Андар мен үй жануарлары>> тақырыбын өткенде <<Джунгли шақырады>> ойынын оқушыларға ойнатуға болады. Оқушылар осы ойын барысында жаңа сөздерді естерінде жақсы сақтап қалып, сөйлемдер құрап, андарды сипаттай алады, яғни, ол андардың қайда жүретіні, немен қоректенетіні, олардың салмағы, төзімділігі, қанша жыл өмір сүретін т.б. мәліметтерді бере алады.
Шетел тілін ерте жаста оқытуда біз көрнекіліктер, ойындармен ғана шектеліп қоймаймыз, сонымен бірге тақпақтарды, жаңылтпаштарды, әндерді де сабақта кеңінен қолданамыз. Мысал ретінде, екі жаңылтпаш, бір тақпақ беруге болады. Бұл оқушылардың тыңдау, есте сақтау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырып, ары қарай дамытады.
Шетел тілін ерте жастан оқыту да оқушылардың бойында шетел тіліне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті арттыру үшін, мұғалім қалыптасқан тұлға болып, шығармашылықпен жұмыс істеп, әлемде болып жатқан жаңалық элементтерін сабақ беруде енгізіп, әдіс - тәсілдерді алмастырып, оқушыларды сөз әрекетінің әр түрін меңгеруге даярлау керек.
Жас өспірімнің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетке, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу процесінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды реакциялардың көп болуы, шетел тіліне деген қызығушылықты арттырады. Т. А. Дегтерева өз мақаласында сабақты қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегідей факторлар әсер ететінін көрсетеді:
* мазмұндық, машықтану формаларының әр түрлілігі;
* оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі;
* оқытушы тұлғасы.
Шетел тілі оқытушысы оқушылардың мотивацисын (қызығушылығын) арттыру үшін тиімді де, уақытты үнемдейтін әдіс-тәсілдерді пайдалануы қажет.
Ғалым-әдіскер Н.Д. Гальскованың айтуынша шетел тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
* оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетінде қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
* оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;
* оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру;
* оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
* сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
* сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер ), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар, сызбалар, кестелер, крассвордтар) кең қолдану;
* әсіресе ойындар мен ойын элементтерің жиі қолдану;
* сабақта жаңа педогогикалық технологияларды (жоба әдісін және т.б.) пайдалану.
Біз бастауыш сыныптың өзінде-ақ шетел тілі сабағында оқушыларға төмендегіндей жоба тапсырмаларын береміз. Мысалы, <<Менің жанұям>>, <<Біздің мектеп>>, <<Менің күн тәртібім>>, <<Менің досым>>, <<Тамақ>> т.с.с. тақырыптарын өткен кезде, оқушылар сауалнама жүргізіп, коллаж даярлап, жобаларын сабақта қорғайды.
А) Сауалнама жүргізу
Сен сыныптасыңнан оның жанұяы туралы сұра:
Аты-жөні
жасы
мамандығы
жұмыс орны,
оқу орны
қызығушылығы

Ә) Сен сыныптасыңнан оның досы туралы сұра:
Аты-жөні
жасы
ата-анасы
сыныбы
қызығушылығы

Психологтар балалардың есту, көру, түсіну, қайталау қабілеттері ерте дамитындықтарын дәлелдеген. Балалар салыстыру, сараптау, түсіну құралдарын толық меңгеретіндіктері Л. В. Тихомирова мен А. В. Басовтың <<Развитие логического мышления у детей>> еңбектерінде көрсетілген.
Жалпы отандық және шет елдік ағартушылар өздік жұмыс мәселелеріне көп көңіл бөлген. К. Д. Ушинский өздік жұмысты ұйымдастырудың міндеттерін белгілеп. Ес, ойлау қабілетін ояту үшін оқушылардың әрекетін бағыттай отырып, оқыушының жаңа танымын дамыту керектілігіне баса назар аударған. Өздік жұмысты зерттеуші ғалымдар қатарына С.Н. Архангельский, Ю.К. Бабанский, М.Г. Горгунов, Е.Я. Галант, С.Н. Зиновьев, А.Г. Молибог, Н.Д. Нандров, О.А. Нильсон, И.И. Пидкасистый, Ю.А. Соломин, Т.И. Шамоваларды жатқызамыз.
Өз бетімен оқу іс-әрекет дағдысын, қабілетін қалыптастыруда В.А. Сухомлинский <<бұл тәсіл ақыл ойды дамыту мен тәрбиелік маңызы өте жоғары оқыту түрі>> деп пікір айтқан.
<<Өздік>> сөзінің мағынасын ашсақ тәуелсіз әрекетке қабілетті болу, бөтен әсерден ерікті, бос, еркін болу, жеке шығармашылық күшіне ие болу деген сөз. Бұл анықтамадан жалпы, оқушының өздік әрекет етуге қабілетті болуы қажет деген қағиданы түінеміз.
Педагогтар мен психологтардың дәлелдеуінше өздік жұмыс балалардың ойлау әрекеттерін белсенді ете түседі және оқудың сапасын арттырады. Т.В. Рогованың пайымдауынша П.И. Пидкасистый ізімен түсінетін болсақ <<өздік жұмыс әрекеті кезінде баланың пәнге деген қызығушылығы арта түседі және жеке тұлғаның мінезі қалыптасуына себеп болады >>. Өйткені әрбір оқушы өз тапсырмасын орындауда ақпарат құралдар көздерін қолдана отырып, қажетті нәтижеге жету үшін өздігінен жұмыс істейді, ал бұл баланы жауапкершілікке итермелейді.
Біздің пайымдауымызша шетел тілін оқытып, үйретуді бастауыш қазақ мектептерінің 3-4 сыныптарынан бастап шетел тілінде сөйлеуге үйретуде жоба әдісі өздік жұмыс түрінде оқушылардың білім сапасын көтеруіне себеп болады. Бұл кезеңдегі балалардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту мүмкіншіліктері мол екендігін көреміз.
Қорыта келе, айтпақ ойым - шетел тілдерін ерте жастан оқыту өте тиімді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 2004. - 2,3бет.
2. Шатилов С.Ф. <<Методика обучения английскому языку в средней школе>> М., 1977ж.
3. Гальскова Н.Д. <<Современная методика преподавания иностранных языков>>; М., 2000г.
4. Мильруд Р.П. <<Методика преподавания английского языка>>; М., 2005г.
5. Филатова В.Н. <<Некоторые аспекты раннего обучения иностранным языкам>>.
6. Иностранные языки в школе, 1998ж. №3
7. Р.Ф. Исаева. Проблемы обучения детей-казахов иностранному языку в раннем возрасте. 1968, 8бет.
8. А.С. Сажина. Фонетические аспекты на раннем этапе.
Иностранный язык в школе - 1998 - №4, 18с.
9. Дегтерева Т.А. Как подготовить интересный урок иностранного языка.
М.: Просвещение, 1978.
10. Солнцева Н.А. Проблемы мотивации: консептуальные основания. Высшее образование в России, 2002.
Қазақстан Республикасының Білім, денешынықтру және спорт бөлімі
Шет ауданы.

Баяндама:

Дайындаған: Калаганова С.О.

Дарья орта мектебі.

2010-2011 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Апталықты өткізу жоспары
Ғылыми жоба жарысы
Мұражай мұраларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Менің тәрбиеге көзқарасым
Техникалық қауіпсіздік ережелері
Электр тогымен закымданғанда көмек көрсету
Информатиканы оқыту әдістемесі
Сабақ кестесінің үлгілері
Пәндер