Қазақ тілі сабағы: Қазақстан қалалары және тәуелдік жалғаулары

Иманова Алма Үкібасқызы

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Cолтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Бірлік орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғауы Лексикалық тақырып: Қазақстанның қалалары .

Сабақтың айдары : Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас . (Мақал)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Отанымыздың қалаларын білу, тәуелдік жалғауларын дұрыс

жалғай білу.

2. Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс істей білу,

деңгейлік тапсырмаларды орындау, әңгіме жазу дағдыларын

дамыту.

3. Тәрбиелік : Отанды, туған жерін, ауылын сүйуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Тәуелдік жалғау кестесі, суреттер, кеспелер,

ҚР картасы, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Әдебиет, география.

Сабақтың түрі: сиқырлы конверт .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу;

- кезекшінің жауабын тыңдау;

- оқушыларды түгендеу;

ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу:

  • Балалар, қазір қай сабақ?
  • Қазір қазақ тілі сабағы.
  • Қай жыл мезгілі?
  • Қыс .
  • Желтоқсан қыстың нешінші айы?
  • 16 желтоқсан қандай күн?
  • Тәуелсіздік күні.
  • ҚР рәміздерін ата?
  • Ту. Елтаңба. Әнұран.

Сабағымыздың тақырыбы : Қазақстан қалалары және тәуелдік жалғауы.

Біздің Отанымыз -Қазақстан. Мұнда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Біздің еліміздің балалары бақытты. Қазақстанда әдемі жерлер көп. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше.

  • Балалар айтыңдаршы қарапайым жұртқа көмекке келетін, байларды алдайтын, аңыз -әңгімелердің кейіпкері кім?(Алдар көсе )
  • Әдебиет пәні сабағынан бізге таныс кейіпкер, аңыз -әңгімелер елінен қонаққа Алдар Көсе келді. Ол сендердің жауаптарыңды тыңдап XXІ -ғасыр оқушылары қандай заманда өмір сүріп, білім алып жатқанын, білігісі келеді. Алдар көсе құр қол келмепті, ол бізге қоржынымен келіпті .

- Амансыңдар ма? Құрметті балалар, бүгін мен сіздердің сабақтарыңа қатысуға келгеніме өте қуаныштымын. Сіздерден жаңалық естіп, жаңа сөздермен танысайын деп келдім. Өйткені мен басқа заманнан келдім, сіздермен бірге жаңа сөздер үйренсем деймін. Балалар сөздердің аудармасын оқып беріңдерші -деп көмек сұрайды.

Балалар біз Алдар көсеге көмектесеміз бе? -көмектесеміз.

Қоржынды ашып көрелік. Ой, балалар, қараңдаршы, ішінде көп конверттер бар екен. Алдар көсе әкелген хаттарды оқып көрейік.

1-конверт. Сөздікпен жұмыс .

ғимарат-здание кең-широкий көмір- уголь

оңтүстік -юг шығыс - восток мұнай-нефть

солтүстік - север батыс - запад күріш-рис

Сөздерді аудармасымен бірге дауыстап қайталап оқимыз, есте сақтаймыз. Алдар көсе де бізбен бірге қайталап жаттайды.

-Дима, сен сөздікті дауыстап оқы. -жақсы.

-Лера, дауыстап оқы, -рахмет.

Алдар көсе . Мен сендермен бірге жаңа сөздермен таныстым. Енді сіздер қайда тұрып жатырсыздар, ауылдарыңның аты қандай, көшелерің қандай соны білгім келеді. Өйткені, менің үйім, мекен -жайым кең дала.

Қоржынды алып ашып көрейік. . Жанар, Дима, Темірлан, Еділ, Ербол, Динара, Ләззат, Кенжебек, Лера сендерге жеке-жеке хаттар бар екен . Оқушылар хаттарын ашып оқып тақтаның алдында диалогқа жауап береді.

2-ші конверт. Диалог. Диалог сұрақтары:

1. Сен Қазақстанның қай жерінде тұрасың?(Солтүстік Қазақстан облысы)

2. Тұратын ауылың қалай аталады?(Бірлік)

3. Қандай көшеде тұрасың?(Абай)

4. Көшенің бойында нелер бар? (ғимараттар, үйлер, ағаштар )

5. Ауылдың батысында не бар? (Есіл өзені)

Алдар көсе жауапқа риза. Балалар, енді грамматикалық жаттығулар орындайық. Балалар өткен сабақтарда біз тәуелдеік жалғауларымыен таныстық, соны мысалдар арқылы еске түсірейік.

Дауыстыдан кейін . І ж. бала- м

ІІ ж. бала- ң немесе бала- ңыз

ІІІж. Бала- сы немесе жіңішке сөзде - сі жалғауы жалғанады

Дауыссыздан кейін : І ж . . . - ым/- ім

ІІ ж. . . . -ың/- ің

. . . -ыңыз/- іңіз

ІІІ ж. . . . - ы/- і

3 конверт. Грамматикалық жұмыс . Қоржыннан тағы бір хатты алып оқиық.

Хаттарды таратып беремін. Балалар, хаттарды оқып, сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып дәптерге жазамыз, (жазады) . Жұмысты жақсы жасаған оушыларға жетон беремін.

Екі баланы тақтаға шақырамын, жұппен жұмыс жасаймыз, олар сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып тақтаға жазады.

менің өлке . . . менің Отан . . .

сенің өлке . . . сенің Отан . . .

сіздің өлке . . . сіздің Отан . . .

оның өлке . . . оның Отан . . .

тақтадағы жалғаулардың қатесін тексереміз, түзетеміз.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып қазақ тілі сабағы: Әкем мен шешем - отбасы лексикасы және тәуелдік жалғаулары
8-сынып қазақ тілі сабақ жоспары Білгенге маржан Қазақстан қалалары модулі ойындық білімді жүйелеу сабағы
5-сынып қазақ тілі: көптік, септік, жіктік және тәуелдік жалғауларын пысықтауға арналған сайыс сабағы
Қазақ тілі сабағы: Отбасындағы қарым-қатынас және тәуелдік жалғауларды қайталау
5-сынып қазақ тілі сабағы: Қайталау - көптік, тәуелдік және жіктік жалғауларын бекіту
Сабақ жоспары: Қазақстан қалалары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технология элементтерін қолдана отырып көне қалалар модулі: Қазақстан қалалары және салалас құрмалас сөйлем бойынша зерттеу сабағы
2-сынып қазақ тілі сабағы: Жануарлар әлемі - үй жануарлары, тәуелдік жалғау және үндестік заңы (қайталау сабағы)
Менің бөлмем және тәуелдік жалғауы: қазақ тілі сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Менің алғашқы ұстазым - тәуелдік жалғаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz