Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қоғамдағы өзекті мәселе суицид
ШҚО, Семей қаласы
Ғалымова Раушан Манатқызы,
Құрылыс колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы
С ы н ы п т а н т ы с і с - ш а р а
Тақырыбы: Қоғамдағы өзекті мәселе "суицид"
Тәрбие сағатының мақсаты:
* Оқушыларға суицид ұғымын түсіндіру, алдын - алу мәселесіне байланысты, теориялық практикалық ақпараттар беру.
* Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен
істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу - жақсылықтың нышаны екенін ұғындыру. Өмірге деген құштарлығын арттыру.
* Отанын, елін, ата - анасын құрметтеуге үйрету.
Әдіс - тәсілі: ситуациялық сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану,
психологиялық тренингтер.
Пән аралық байланыс: құқық негіздері, өзін - өзі тану, адам және қоғам,
мәдениеттену.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Мультимедиа аппараты, слайдтар,
нақыл сөздер, приборлар, жүрек макеті.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз. Топ жетекші Ғалымова Р.М:
- Құрметті оқушылар мен көрермен қауым! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы ерекше деп ойлаймын. Өйткені өздерін көріп отырғандай қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып отырған тақырып бұл суицид, яғни адамдардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі. Сондықтан тәрбие сағатымыздың тақырыбы <<Қоғамдағы өзекті мәселе "суицид">>.
Бүгінгі күнде өздеріңізге белгілі, қоғамда шешімін таппай келе жатқан мәселелер өте көп. СПИД ауруы, нашақорлық, ішімдік, шылым шегу - қоғамымыздың айықпас дертіне айналды, оны барлығымыз жақсы білеміз.
Енді соңғы 4-5 жыл көлемінде тағы бір проблема туындады, қоғамға айықпас дерт болып жабысып, күн өткен сайын шешімі қиындап келеді. Ғылыми атауы "Суицид" адамның - өзіне-өзі қол жұмсауы.
Суицид деген термин 17 ғасырда пайда болған. Бірақ 18 ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек 20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда <<суицидология>> атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.
Зерттеушілердің пікірі
Өзін-өзі өлтіру ісін зерттеген психолог, социолог мамандар көп болған. Психологтар өзін-өзі өлтіру оқиғаларының 60 пайызы көбіне-көп жылдың көктем, жаз мезгілдерінде іске асады деуде.
Әлем бойынша өзін-өзін өлтіру мәліметі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін үш топқа бөледі:
1. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші өте төмен елдерге (100 мың адамнан жылына 10
адам). Оған Грекия, Италия, Гватемала (0,5), Филиппин (0,5), Албания (1,4), Доминикан республикасы (2,1), Армения (2,3) жатады.
2. Өзін-өзі өлтірудің ең төменгі көрсеткіші мұсылман елдерінде. Айталық, Мысырда (0,03), Кувейт (2,1). Африка елдерінде де бұл көрсеткіш жоққа тән.
3. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші орташа елдерге (100 мың адамнан жылына 10-20 адам). Аустралия, АҚШ-ты (10.4) жатқызуға болады.
4. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жоғары және өте жоғары елдер (100 мың адамнан 20- дан көп адам). Жапония (27,1), Венгрия (35,9), Эстония (40), Ресей (39,4 - жыл сайын 60 мың адам), Литва (42,1), Латвия (42,5).
Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен.
Қазақстанда жасөспiрiмдер арасында суицид өршiп тұрған аймақтар:
- Шығыс Қазақстан облысында - 25
- Алматы облысында - 22,
- Қарағанды облысында - 21,
- Оңтүстiк Қазақстан облысында - 19,
- Ақмола облысында - 18,
- Ақтөбе облысында - 18
- Жамбыл облысында - 16.
Мысалы: Өскемен қаласында соңғы 3 жылда балалар мен жеткіншектердің суицидке бару жағдайлары көрініс тапты. Оны саны қарқынды түрде өсуде. Тек 2010 жылдың 1 кварталында осындай 4 жағдай болды.
Өскемен қаласы суицидтің саны бойынша Семей, Риддер, Зырян қалаларынан басып озады. 2009 жылы облыс бойынша барлығы 80 жағдай тіркелді, соның ішінде 46 тылпыныс пен 34 орындалған суицид. 2010 жылы 1 кварталда 19 жагдай болды, мұндай қарқынмен жылдың аяғында 100 бірлікке жетеді, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 20-ға артық.
Өзін-өзін өлтіру себептері:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббаттағы ыза,
айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу,
қорлық-зомбылық, кемсітушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б.
Тағы бір себеп - ата-ана мен балалардың арасындағы түсініспеушілік...
Отбасы жауапкершілігі
Бала тәрбиесіне ең әуелі ата-ана мүдделі болуы қажет. Бала мектептен тыс уақытта немен шұғылданатынын, қайда барып, не істейтінінен хабардар болып, бағыт-бағдар беріп отыру -- әрбір ата-ананың қасиетті парызы.
Өзін-өзін өлтіру тәсілдері:
ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 80 тәсілін анықтаған. Кең тараған ең негізгі тәсілдері мыналар: асылу, суға кету, улану (у, химиялық зат немесе дәрілік препараттармен), ғимараттан, көпірден, жартастан т.б. биік жерлерден өзін тастап жіберу, қару арқылы өзін-өзі өлтіру, өзін-өзі өртеп жіберу, әдейі нәр татпай ашығу, суық қару қолдану: Сэппуку Харакири (Жапониядағы өзін-өзі қанжарлау), қылышқа құлау (Көне Римде кездескен), тамырын кесу (көп қан жоғалтып қансырап өлу), техникалық құрал қолдану, пойыздың, машинаның астына түсу, тоққа ұрыну т.б.
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар:
Біріншісі - шынайы суицид.Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
Екінші түрі - жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, <<өлем>> деуі.)
Үшінші түрі - жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм т.б).
Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:
- <<барлығы>> -20%
- Жақын адамым - 12%
- Бастық - 8%
- Ешкім емес - 4%
Яғни бұл-эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, <<сол керек!>>-деп кек қайтарған болады.
О: <<Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі>> Сол қымбат қазынаны адам өмірін қорғау әрбір азаматтың алдында тұрған мәселе.
Өз құрбыларыма қояйын деген сұрағым - <<Неліктен біздің азаматтарымыз осындай бейбіт заман тұрғанда өз өзіне қол жұмсауға, асыл өміріне балта шабуға тым әуес?
О: Бұл мәселенің маңыздылығы өте үлкен. Мәселен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылы халыққа жолдауында елімізде қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту үшін барлық шара жасалуда.
№1 Жағдаят. <<Досын ажалдан құтқару>>
Хаттағы баяндаған оқиғаға байланысты әскердегі жігіттің өз - өзіне қол жұмсау кезіндегі көрініс.
ҚАЙРАУ
Ғазиз достым! Өмір деген Қатал Ұстаз емес пе?
Қаталдықпен түрлі сынын қатар ұстар емес пе?
АҚЫЛ, САБЫР, ТАЛАП, ЕҢБЕК, ПАРАСАТТЫ серік қып
Төтеп берсең Жеңіс шыңы қолын тосар емес пе?
Биікке ұмтыл, өр талаппен, жалтақтама артыңа,
Рух-жігермен намысыңды қайсарлана қамшыла!
Тауқыметтен жеңілуге ешқандай да құқың жоқ,
Тәуекелдің қанатымен қақ жарып өт шаншыла!
Сен де достым, қасіретке мойынсұнып налыма,
Буырқана қайраттанып тағдырыңды ал өз қолыңа!
Тағдыр саған у ұсынса елге шипа дәрі ет,
Сәтсіздіктен БАҚЫТ жаса, халық үшін мойыма!
№ 1 Психологиялық тренинг <<Өмір мәні>>
* Өмір - сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;
* Өмір - сұлулық, сүйсіне біл;
* Өмір - арман, жүзеге асыра біл;
* Өмір - парыз, орындай біл;
* Өмір - ойын, ойнай біл;
* Өмір - байлық, бағалай біл;
* Өмір - махаббат, ләззат ала біл;
* Өмір - құпия, сырын аш;
* Өмір - қайғы, көтере біл;
* Өмір - күрес, жеңе біл;
* Өмір - бақыт, баянды ете біл.
Осының бәрі болу үшін адамға не керек?
Сыйлы, қадірлі болуға септігін тигізеді;
Адамдардың сенімін туғызады;
* Жақсы мінез
Өзіңнің, өзгелердің өмірін қуанышқа бөлейді.
* Жақсы мінез, жылы сөз - жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Беәпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы - жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
* Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
Жақсы мінезді адамды сабырлы және ұстамды адам дейміз.
Басқанын сөзін байыппен тыңдайды;
* Сабырлы және
ұстамды адам өз ашуын тежей біледі;
әр ісін ойлап, ақылмен шешеді.
* Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін -өзі ұстай білу - сабырлылықтың белгісі.
* Қандай жағдайда болсын, қызбалыққа салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау - ұстамдылықтың белгісі.
Адам өмір сүргеннен кейін отбасысыз, махаббатсыз болмайды.
Сүйіспеншілікті сезінуді үйретеді;
Жақсылыққа жетелейді;
* Отбасы -
Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;
Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге
қамқор болуға тәрбиелейді.
* Адамға ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сйыластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
* Отбасын жасайтын және нығайтатын күш - махаббат: әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда махаббат басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз - орасан зор еңбек.
Адамның өмірге құштарлығын арттырады;
Өзгелерді сыйлауға негіз болады;
Ата - анаға сүйіспеншілікті білдіреді;
Отан, елді құрметтеуге үйретеді;
* Махаббат -
Табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.
Махаббат мәні
А. Самиғоллаұлы
* Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені де сүйе алсаң,
Жете аларсың МАХАББАТТЫҢ мәніне.
* Махаббатсыз өмір - өмір емес, бос тірлік қана, махаббатсыз өмір сүруге болмайды
№2 Жағдаятты талдау.
Өмір туралы аңыз
Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:
- Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер, - деп тапсырма береді.
Сөйтіп, үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады.
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс - қуысын бойлап, ыдысты толтырады.
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады.
Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:
Менің осы әрекетім жайында және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы ойларыңды тыңдағым келеді,-дейді.
Сұрақ: Данышпан оқушыларына қандай ой түйеді?
Оқушылар өзара кеңесіп:
рі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, Отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да, әрқашан да адам өміріне мағына беріп, мәнге толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызы бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз - адамның күнделікті өміріндегі ұсақ - түйектер, яғни күйбең тіршілік, - деп жауап береді.
-Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты өз өмірін кәкір - шүкірмен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ - түйекке жұмсау үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата - аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайтуы керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді.
Мұғалім:- Менің сендерден бір ғана тілерім бар. Ірі тастарыңды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары - құм ғана.
Қорытынды: №2 Психологиялық тренинг. <<Жүректен жүрекке>>. Оқушылардың бір - бірлеріне білдірген жылы лебіздері.
Оқытушының қорытынды сөзі: <<Саған ұнамайтын және ашуландыратын мәселе бар ма?>> сұрағына жауап беру мақсатында экрандағы слайдқа назар аударыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz