Алтынмен есептесу тапсырмасы

Алтын сақа
Мақсаты: «Алтын сақа» ертегісі арқылы көңіл аударуға, елестетуге,, қисынды ойлауға тәрбиелеу,
құрастырушылық қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, әр балаға жететін күрке суреті, мысық бейнесі(2-нұсқада), оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап, танграм.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өзгеше екенін байқаған боларсыздар.
-Өткен заманда бір бай болыпты, оның тек қана бір перзенті бар екен. Бай бір күні жылқысын суғаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен.
1. Сұрақ. Неге өкпенің түсі қызыл, көк емес?(Өйткені өкпенің ұсақ қан тамырлары арқылы қан жүреді. Қан түсі қызыл. )
2. Сұрақ. Неге өкпе жүзіп жүр, неге батып кетпейді? (Өйткені өкпе судан жеңіл. Ішінде ауа бар, ауа судан жеңіл болғандықтан су бетінде өкпе қалқып жүреді. )
Бай жылқыларын қанша айдаса да көлдегі жүзіп жүрген өкпеден қорқып суға жақындамайды. Бай ұзын құрығымен жүзіп жүрген өкпені басқанда, ол суға батып кетіп, кішкенеден соң жалмауыз кемпір болып шығады да,
байдың жағасынан ала түседі. Байдың көзі алақандай болып қорқып кетеді де
-Ат басындай алтын берем, қоя бер, -дейді.
3. Сұрақ. Ат басындай алтын қанша кг. болады?Алтын тығыздығы 19300кг/м³, ат басының көлемі 14000см³ деп алыңдар. (270кг шамасында)
Жалмауыз кемпір жібермейді. Осы жылқылардың бәрін ал дегенде оған да көнбейді
. -Сонда не берем?-дегенде,
-Жалғыз балаңды бер, жіберейін, -дейді.
Бай жалғыз баласын бермек болады. Жалмауыз кемпір байды қоя береді.
-Ертең көшкенде, жұртқа баламның алтын асығын тастап кетемін, сен сол жұртқа күрке тігіп, сол сақаның жанында отырарсың да келгенде ұстап аласың, -дейді бай.
Мұғалім: Міне мынау жалмауыз кемпірдің күркесі. Суретін дәптерлеріңе салып алыңдар(Балаларға бір-бірден күрке суреті беріледі. Балалар өз беттерімен орындарында отырып дәптерлеріне өлшемдері бойынша салады. )
Ертеңіне ауыл жаңа қонысқа көшіп барған соң, бала ойнайын десе алтын сақасын таба алмайды.
-Кеше көшкенде жұртта қалған болар. Атпен барып алып келе ғой, - дейді әкесі.
Бала жүгенін алып жылқыға келсе, шеттегі қотыр тай балаға қарай келеді. Бала тайды ұстап жүгендегенде қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда құнан болады, ер салғанда дөнен болады. Айылын тартқанда бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып көзді ашып жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе,
жалмауыз кемпірдің күркесінің ішіндегі ошақтың қасындағы алтын сақасы жарқ етіп көзге түседі.
4. Сұрақ. Алтын сақа неге жарқ етіп көзге түседі. (Ошақтағы оттың сәулесі алтын сақадан шағылып бала көзіне түседі. )
Сақа жанында отырған кемпірден:-Шеше, анау жатырған сақамды алып беріңізші, -дейді.
Кемпір:-Шырағым. өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, -дейді.
Бала:-Мен аттан түссем-міне алмаймын, мінсем-түсе алмаймын, -дейді. Сонда баланың тайы күркенің алдына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, қолын созып жіберіп, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Әрі-бері қуып, жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып атып жібергенде, тайдың бір аяғын жұлып түседі. Тай үш аяғымен қашып жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда тайдың тағы бір аяғын жұлып алады. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, бір үлкен биік бәйтерекке әлсіреп азар жетеді. Бала секіріп түсіп бәйтерек басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтерек түбін кешке дейін қазады. Бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жақындайды. Бала төбесінен ұшып бара жатырған қарғаларға:
-Үйдегі бес төбетіме хабар айта кетіңдер, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, -дейді.
Қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде төбеден бір топ үйрек ұшады, бала оларға да айтады. Оларда үндемей ұшып кетеді. Бір кезде бір қарлығаш бәйтерек үстінен әрі-бері ұшып жүреді де баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып тапсырады. Бұл қарлығаш бала қыстауында қолынан тамақ жеген қарлығаш екен. Сол достықтың куәсі ретінде төбеттерге келіп бала сәлемін жеткізеді. Сәлемді естіген төбеттер шапқаннан шауып отырып бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек құлайды. Баланың төбеттері кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып талап жоқ қылады. Бала төбеттеріне мініп ауылына аман-есен жетіп, әке-шешесін, мысығын қатты қуантады.
Тапсырма
( Мысық суретін 15-20 секунт көрсетіп алып тастау керек. Оқушылар алдарындағы танграм элементтерінен мысық суретін құрастырады. )
Мұғалім: Сабақ аяқталды. Төмендегі сөйлемді жалғастырыңдар:Мен бүгін үйрендім
Математикалық почта
Мақсаты: Оқушылардың почта терминдерін білуі, ұлттық дәстүрді білуге тәрбиелеу, құрастырушылық қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, әр балаға жететін қол шатыр бейнелі тапсырмалар, қанатты сөздердің жасырын түрлері, танграм бөліктерінен құрастырылған «Тайбурыл» суреті, оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап, танграм.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақта математикалық почтаға өткен аптада келген хат, хабар, сәлемдеме,
корреспонденцияларды ашып танысуымыз керек. Оларды кімдер жіберді екен. «Математикаға» бейім адамдар жіберген болар. Оларды ашу үшін ең әуелі төмендегі мақал-мәтелдердегі жасырынған сандарды табайық.
1. Жеті рет өлшеп, рет кес. (Бір)
2. Уәде еткенді, жыл күт. (үш)
3. Бір тал кессең, тал ек. (он)
4. Жеті атасын білген ұл, жұрттың қамын жер. (жеті)
5. Білекті бірді жығады, білімді жығады. (мыңды)
6. түгел болса, төбедегі келеді. (Төртеу)
7. Жыланды кессең де, кесірткедей қауқары бар. (Үш)
8. жасар бала алыстан келсе, шал алдынан шығар. (алты, алпыс)
9. Жігіт адамға өнер де аз. (Жетпіс)
10. ауыз сөздің тобықтай түйіні. (Тоқсан)
Осы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Мұғалім: Міне енді келген почталарды қарайық. Бірінші менің қолыма бандероль түсті. Бандероль- бұл қағаз қорапқа салынған кішкентай ғана почта арқылы келетін сәлемдеме. Оны кім жібергенін шешелік.
Оқушылар төмендегі тапсырмаларды бір-бірден алып өз беттерімен орындайды да ең үлкен жауапты және соған сәйкес келетін қолшатырды тауып оны дәптерлеріне көшіріп салып бояу карандашпен бояйды.
Мұғалім: Мына келесі тапсырмалар Тараз қаласындағы Марат деген құрдастарыңнан келіпті. Шамамыз келгенінше шешіп көрелік. Мазмұны:
1. Сіз нешедесіз?
Одан сұрағанымда, ол:-3 жылдан соң 3жыл бұрынғы жасымнан 2 есе артық болам, -деді. Ол нешеде? (9)
2. Қай күн?
Егер бұл күн дүйсенбіден кейінгі, немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күн болмаса, ал ертеңнің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, бұл қай күн? (Жұма)
Мұғалім: Мына келесі тапсырмалар Ақтау қаласындағы Әсет деген ағаларыңыздан посылка түрінде келіпті. Посылканы ашып шамамыз келгенінше шешіп көрелік. Мазмұны:
1. Қанттарды бөл
Бұрынғы өткен заманда елді бір қатыгез хан билепті. Ханның айдай сұлу, әсем жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде хан жаршыларын ел ортасына жіберіп: «Кімде-кім менің қызымның айтқан жұмбағын шешсе, сол адамға күйеуге беремін. Шеше алмағандардың басы кесіледі» деген бұйрығын таратқызады. Хан қызына ғашық болған көптеген бозбалалар келіп, өлім құшады. Жұмбақ шешілмейді. Бұл хабар елден елге, жерден жерге жетіп, ақыры Тазша баланың құлағына шалынады. Күнделікті тіршіліктен опа таппаған ол хан қызына келеді. -Есебімнің жөнін айтайын, -дейді хан қызы.
-Міне, төрт кесе, он шақпақ қант. Осы ыдыстарға қанттарды тең етіп бөлместен салуың керек. Тазша бала аз кем ойланып, қыздың жұмбағын шешеді. Хан уәдесінде тұрып Тазшаны өзіне күйеу бала етеді. Жұмбақ қалай шешілді?
2. Жұмбақ сандар
Екінші баланың аяғының ұшындағы сан қандай?
(Қол ұштарындығы сандар қосындысынан, аяқ ұштарындағы сандар қосындысын алғанда бастағы сан шығады)
Мұғалім:
Бұрынғы өткен заманда телефон, факс, телеграф,
байланыстың қазіргі түрлері дамымаған кезде почтаны атпен тасыған. Қазір Танграмды пайдалана отырып осы аттың бейнесін құрастырыңдар. (Мұғалім суретін көрсетіп, алып тастайды. Оқушылар көргендері бойынша құрастырады. )
3. Мысық қанша?
«Пират бақыты» кемесінде бірнеше теңізші мен бірнеше мысық бар. Олардың арасында сондай-ақ, аспаз бен бір аяғы жоқ мүгедек теңізші бар. Барлығын қосқанда 15 бас, 41аяқ шығады.
Сұрақ:Кемеде неше мысық болған?
(6 мысық) .
Мұғалім: Сабақ аяқталды.
Қыс туралы не білеміз?
Мақсаты: Табиғат құбылысын, физикалық құбылыстарды түсіне білуі, көңіл қоюын, ойлауын, есін, елестетуін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, қанатты сөздердің жасырын түрлері, оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап, танграм.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың не туралы екендігін білу үшін төмендегі жұмбақтарды шешеміз.
1. Аспаннан ақ ұлпа борады, қырқаны ақ сейсепке орады. (Қар)
2. Ашыққа шықсам тұрғызбас, ықта тұрсам байқалмас. (Ызғырық)
3. Теңізден қыста көрдім бір тау, кеше жоқ, бүгінгі бұл не тау. (Сең)
Бас әріптерінен ҚЫС деген сөз құрамыз.
І. Иә, жоқ ойыны
Мұғалім: Жылдың осы мезгіліне тән ұғымдарды айтамын. Егер оған келіссеңдер қолдарыңды соғасыңдар, келіспесеңдер соқпайсыңдар. Мұқият назар аударыңдар, себебі ойын жылдам жүргізіледі.
-Жаңа жыл мерекесі көңілді.
-Егін жиналуда,
-Аяз,
-Мұз,
-Ұзақ түн, қысқа күн,
-Боран, ызғырық,
-Терезедегі оюлар,
-Ағаштар қар жамылады,
-Аққала,
-Нөсер,
-Тұздалған қырыққабат,
-Өзендердің қатуы,
-Кей жануарлар ұйықтайды,
-Жапырақтар түсе бастайды,
-Шық түсті,
-Соғым,
-Қарбыз пісті,
-Жапырақтар көктеуде.
ІІ. Викториналық сұрақтар
Қыс мезгіліне байланысты сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап беруге дағдыланып, мағынасын түсіндіруге тырысыңдар.
1. Ыссы су жылдам қата ма, салқын су жылдам қата ма? (Ыссы су)
2. Қыста заттың үш күйінің ең көп кездесетіні қайсысы?(Қатты)
3. Мұзды жылдам еріту үшін оны тонмен орап тастау керек пе?(Жоқ, тон жылылықты өткізбейді)
4. Қыста неге ауыздан бу шығады?Жазда ауыздан бу шыға ма?(Бу әуелі конденсацияланады, сосын кристалданады. Жазда да шығады, бірақ ол бу түрінде)
5. Тайғақта қозғала алмай жатырған ауыр жүк машинасын қозғалту үшін не істейміз?(Жанасатын жерлердің үйкелісін арттырамыз)
6. Неге аязды күні аяқтың астындағы қар сықырлайды?(Қар қатты дене, ол сынады)
7. Адамның қасын, шашын, мұртын аязды күні қырау шалатыны неліктен?(Тыныс алғанда шыққан бу суық ауамен кездесіп конденсацияланады)
8. Қандай күштің әсерінен бұлттан пайда болған бұршақ жерге жауады?(Ауырлық күші)
9. Қаңтарда ыстық, шілдеде суық болуы мүмкін бе?
Қаңтарда ыстық, шілдеде суық болатын Жердің оңтүстік жарты шарында, экватордың аржағында болады. Бізде солтүстік жарты шарда қыс болғанда, Оңтүстікте жаз
ІІІ. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Мұғалім: Күнтізбе бойынша қыс үш айға созылады. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Келесі тапсырма осы айларға, осы мезгілге сай мақал-мәтелдерді айтып, оның мағынасын шешу.
-Күн қаңтардаадымындай ұзарады. (Қарға)
-Қаңтар жылдың басы, ортасы. (Қыс)
-Жылды аяқтайды, қысты бастайды. (Желтоқсан)
Енді қыс мезгіліне байланысты жұмбақтарды шешеміз.
-Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)
-Ұшып жүрген ақ шіркей, ызыңдамайды, шақпайды.
(Қылаулаған қар)
-Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем. (Шана)
-Жылтырайды сайда, сынбайтын айна. (Мұз айдыны) .
ІV. Логикалық жұмбақтар
1. Сәске кезі болатын. Апам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы мұзын сол кесеге түсіріп алды. Алайда мұз жарты сағаттан соң да ерімеген күйде шықты. Неліктен деп ойлайсың?(Кәседе ұнтақ шәй болған)
2. Қысты күні өлімтікке тойған екі қарға біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар бір-біріне:Достым, мен сені көріп отырмын, -дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?
(Олар бірі біріне қарсы қарап отырған)
3. Қыста мысықтары тоңған соң үй иесі үйге кіргізгенде, олар бұрыш бұрышқа топтасты. Бөлменің әр бұрышында бір мысық отыр. Әр мысық алдында үш мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
4. Елеуішпен су тасуға бола ма?(Болады, қар, мұз күйінде)
5. Ашық ыдыстағы мұз қысты күні далада тұрса да біршама уақыттан кейін жоғалып кететіні неліктен?(мұз бөлшектері уақыт өте келе ауаға тарай береді, сөйтіп бара-бара көлемі кішірейе береді де жоғалып кетеді. )
6, Бір көйлек жылы ма, әлде, бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма?(Үш көйлек жылы, себебі әр көйлек аралығанда ауа қабаты қалады, ауа қабаты жылуды нашыр өткізеді)
7. Үйді жылытуға арналған батареяларды неліктен төменге орналастырады?(Себебі. төменде суық ауа орналасады, оның тығыздығы көп, батареялар жылынған соң жылы ауа жоғары көтеріледі)
8. Қалың қармен шаңғысыз жүру қиын. Ал шаңғымен қалың қарға батпаймыз. Неге?(Шаңғы табанының ауданы үлкен, яғни қарға аз қысым түседі. Адам аяғы табанының ауданы кішкентай, сондықтан қарға үлкен қысым түсіреді. )
9. Үйдің 4 қабырғасы бар. Әр қабырғада бір терезеден. Барлық терезе де оңтүстікке қарап тұр. Бір терезеден аю қарап тұр. Аюдың түсі қандай?(Үй солтүстік полюсте орналасқан. Сондықтан ол үйдің терезелерінің барлығы да оңтүстікке қарауы дұрыс. Ал, солтүстікте тек қана ақ аю болады)
10. Аллергия . Соңғы 2-3 жылда жылдың соңғы күндерінде Гүлжайна аллергияға ұшырады. Ол дәрігерге қаралғанда «ауыстыр » деді. Ауыстырған соң аллергиядан құтылды. Дәрігер нені ауыстыр деді?(Табиғи шыршаны жасанды шыршаға)
Мұғалім: Бүгінгі сабақта қыс туралы көп мағлұмат алдық. Қыс қарымен сәнді. Қыста қысқы ойындарды табиғат аясында ойнауға болады. жалаңаш қолмен металдарды ұстауға, оларды тілмен жалауға болмайтынын сендер білетін боларсыңдар. Үйден қысқа байланысты бір жұмбақ, бір мақал-мәтел ойластырып. бір ребус құрастырып келерсіңдер.
Жұмбақ дүңгіршек
Мақсаты: Ғылым салалаларынан білімдерін кеңейту, көңіл қоюды, қисынды ойлауды, есті дамыту, шағын топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап.
Сабақ жүрісі
Мұғалім: Бүгін мен сендерді «қайдағы мен жайдағысы» бар жұмбақ дүңгіршекке шақырамын. (Оқушылар назарын тақтадағы жазуға және түрлі түске безендірілген жапырақша тауарларға аударту. )
Әркім өзіне жүректері қалаған жұмбақтарды таңдайды. Дүңгіршекке топтасып, ұйымшылдықпен бару үшін 3-5 оқушыдан(өз қалаулары бойынша) шағын топтарға бөлініңдер. Әрбір шағын топтан кезектесіп дүңгіршекке барып, өз қалауларың бойынша тек қана бір жапырақша тауарды аласыңдар. Сонан кейін орындарыңа барып 2 минуттай уақытта жұмбақты ақылдаса отырып шешесіңдер. Егер топ болып 2-3 минутта шеше алмасаңдар не қате шешсеңдер онда ол сұрақ бүкіл сынып талқысына ұсынылады. Уақыт біткен соң шағын топтардың жасаған жұмыстары туралы есептері тыңдалады. Талқылауға бүкіл сынып қатысады.
І. Жапырақша
Қызғылықты сұрақтар
1. Егер қара теңізге қызыл доп түсіп кетсе допқа не болады?(Жүзіп жүреді)
2. Нан несіз піспейді? (Қабықсыз)
3. Қай жылы адамдар әдеттегіден көбірек тамақтанады? (Кәбиса жылы)
4. Тоннан жылырақ не? (Екі тон)
5. Қара мысыққа қай уақытта үйге кіру оңай?(Есік ашық тұрғанда)
6. Құсты үркітіп алмас үшін, бұтақты қалай сындырып алады?(Құс ұшып кеткенше күтеді)
7. 31 ақпан күні не болады? (жоқ, мұндай күн болмайды)
8. Әтеш өзін құспын деп айта ала ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
9. Аш қарынға неше жұмыртқа жеуге болады?(Біреу, қалғандары аш қарынға емес)
10. Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (Бос)
11. Кімнің бассыз қалпағы, етіксіз аяғы бар? (Саңырауқұлақтың)
12. Машина қозғалып келе жатырғанда қай дөңгелегі айналмайды?(Артық)
ІІ. Жапырақша
Сыңары қайда?
Авторлық роза
Жібек тиын
Ынталы оқушы
Соғып шығарылған орамал
Аса қуатты күлкі
Ақ шашты кеш
Тамаша зымыран
Үлпілдек қабық
Хош иісті кемпір
Қарбыз мысық
ІІІ. Жапырақша
Сөз құрастыр
а) Маса (шама) шана
Саты ( . . . ) тапанша (таса)
ә) Көлеңке (көмір) темір
Лақап ( . . . ) шылапшын (лашын)
б Тамақсау (тамшы) шашылу
Шұбалаң ( . . . ) азаттық (шұбат)
в) Оспақ ( соқа ) дуадақ
Нөсер ( . . . ) немере (өнер)
ІV. Жапырақша
Ребус шешу
ҚОЗҒАЛЫС сөзіне
V. Жапырақша
Артық пішін қайсысы?
Жауап:1) 6-пішін артық өйткені ол басқаларға қарағанда
жұлдызшалармен безендірілген
2) 5-пішін артық басқаларға қарағанда
ол тік бұрышты үшбұрыш емес.
VІ. Жапырақша
Тізбекті жалға
Мұғалім: Ең әуелі жұмбақтарды шешеміз. Сол жұмбақтардың шешуінің бас әріптерін алып шеңбердің ішіне бір-бірден орналастырғанда шыққан сөзді табу керек.
1. Көкке шықса бұлт, Жерге түссе шаңыт. (Тұман)
2. Белі бүкір, Алысқа түкір. (Мылтық)
3. Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
4. Секіруді қоймаған, Ойынға бір тоймаған. (Лақ)
5. Таңғы кез емес, батты күн, бола қойған жоқ әлі түн. (Ымырт)
6. Телпек киген жырық ерін, Шыр айналып жейді жемін. (Ұршық)
7. Екі жүз жылдың жартысы. (Ғасыр)
( Ұғымтал. )
VІІ. Жапырақша
« Бірігу заңдылығын тап»
Мұғалім: Сөздерді сыңарына қарай топтастырыңдар, сосын бірігу заңдылығын түсіндіріңдер.
а) Ыстық, оқушы, автор, жол, шығарушы, аптап, уйренуші, сүрлеу.
(ыстық-аптап, оқушы-үйренуші, автор-шығарушы, жол-сүрлеу. Сөздер синоним ұқсастығына қарай біріккен)
ә) қатаю, ұсақ, арзан, ыстық, суық, ірі, еру, қымбат.
(қатаю-еру, ұсақ-ірі, арзан-қымбат, ыстық-суық. Сөздер антоним қарама-қарсы мағыналары бойынша біріккен)
VІІІ. Жапырақша
« Көңіл қою»
Мұғалім: Бала терезеден желбіреп тұрған жалауды көріп тұр. Жалау тік төртбұрыш пішінді. Астындағы суреттердің қайсысын бала көре алмайды.
(2-номерлі жалауды көре алмайды)
ІХ. Жапырақша «Тоңазытқышты толтыр»
Мұздатқыш.
Тұрса тегеш беті ашық,
Күн ыстықта қызынар.
Шұбат быршып, сүт ашып,
Жып-жылдам ақ бұзылар. Тұрсын деп қаз қалпында,
Мұздатқышқа қоямыз. Шөлдегенде артынан,
Қанып ішіп тоямыз.
М. Әлімбай.
Мұғалім: Супермаркеттен алған кез-келген «С» әрпінен басталатын тамақтармен тоңазытқышты толтыру керек. Мыс: сәбіз, сары май т. с. с. (10 тамақтан кем емес)
Мұғалім: Бүгінгі сабақта дүңгіршектен алған жапырақшалардағы жұмбақ жауаптарын шешуге белсене қатысқандарыңызға рахмет. Келесі сабағымыз аналарға арналатын болғандықтан ана туралы әндерді естеріңізге түсіріп келіңіздер.
Анама арналған гүл
Мақсаты:
Анаға деген құрмет, сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдерін, көңіл аударуды, қисынды ойлауды, сөйлеуді дамыту.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта, мақал-мәтелдер мен Роза гүлі бейнеленген үлестірме карточкалар(әр бала үшін), оқушылар үшін тор көз дәптер, қаламсап, бояу карандаштар.
Сабақ жүрісі
Ана.
Ғ. Орманов.
Мәпелейсің мені анам. Сен жалықпай жетелеп,
Қолыңдағы құсыңдай. Мен жаттыға жетермін.
Құлпыра өсіп, дем алам Айтқаныңды екі етпей,
Құшағыңда қысылмай. Ақ сүтіңді өтермін.
Үмітіңдей көзіме Біліп тұрсың жан анам,
Көп қарайсың үңіліп. Міндеті үлкен ботаңның.
Еркелеген сөзімде Күтері сол баладан,
Ертеңіміз тұр күліп. Ана менен Отанның.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz