Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Физикалық шаманы
Тақырыбы: <<Жұлдызды сағат>> физика - информатикалық интеллектуалды шоу
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен
қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін
арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне тәрбиелеу
Түрі: Танымдық ойын сабағы
Пән аралық байланыс: Математика, физика, орыс тілі, ағылшын тілі т.б.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне жазбалар, оқушылардың шығармашылық жұмысы, демонстрациялық
құралдар.
Барысы:
1 - жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған физика мен информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің <<Жұлдызды сағат>> атты физика - информатикалық интеллектуалды шоуымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Физика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Физика - құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттың,қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
1 - жүргізуші
Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде -
Ақпараттық заманың.
2 - жүргізуші: Интеллектуалды шоу 7 - 11 сыныптар аралығында өтеді. Шоу жоспарымен танысайық.
Жоспар: І бөлім:
7 - сынып: <<Құпия сандық>> Информатика
<<Сәйкесін тап>> Физика
8 - сынып : <<Санау жүйесі>>Информатика
<<Формулалар елінде>> Физика
9 - сынып: <<Қанша тілді білесің?>> Информатика
<<Тапқыр болсаң талас жоқ >> Физика
10 - сынып: <<Жұмбақтар шешу>> Физика
<<Кім жылдам?>> ойыны >> Информатика
11 - сынып: Сен білесің бе?>> Физика
<<Шығармашылық жұмыс>> еркін тақырып. Информатика
ІІ бөлім: Зертханалық жұмыс
1 - жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды , - дей келе ортаға сайысымызға қатысушы
7 - сынып оқушыларын шақырамыз. Сайыскерлер дайын болсаңыздар, алғашқы айналым информатика пәні бойынша <<Құпия сандық>>
І тур: <<Құпия сандық>> (құрылғының атын, атқаратын қызметін айту)
2 - жүргізуші:
Азаматтық ақыл кенін ашқандар,
Архимед, Ньютон мен Паскальдар.
Сусындаған өзің сынды ұстаздан,
Ізгі ісің мәңгі өшпейтін дастандар , - олай болса келесі айналым физика пәні бойынша <<Сәйкесін тап>>
ІІ тур: <<Сәйкесін тап>> (Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіріп орналастыру)
Физикалық шама
Өлшем бірлігі
υ
Па
S
с
t
м
ρ
Н
m
Кг/м3
F
кг
V
м/с
P
м3
1 - жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
2 - жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға , - дей келе келесі кезекте ортаға 8 сынып оқушыларын шақырамыз.
Алғашқы айналым информатика пәні бойынша <<Санау жүйесі>>
І тур: <<Санау жүйесі>>
1) 2910 - екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. (111012)
2) 11011012 , 11101112 - сандарын ондық жүйеге ауыстырыңыз. (10910,11910)
3) 3Е5А116 - санын ондық жүйеге айналдыру жолын көрсету керек.
(3*164+Е*163+5*162+А*161+1*160)
4) 0,62510 - ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз.(0,1012)
5) 10112 - он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз. (В16)
6) 1012+0112 - сандарын қосып, нәтижені ондық жүйеге айналдыр.(10002=810)
7) 10102 - 1012 - екілік сандарының айырмасын тап. (1012)
1 - жүргізуші:
Ойланайық азырақ,
Уақытыңды үнемдеп.
Кім шығады, қанекей,
Жауабын <<мен білем>> деп , - олай болса, келесі айналым физика пәні бойынша <<Формулалар елінде>>
ІІ тур: <<Формулалар елінде>> (Жасырылған жерге физикалық шамаларды орналастыру және нені анықтайтын формула, кімнің заңы екенін айту)
υ = ...t; , , , , , , , ,
2 - жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын үш тілдерде беруге.
Қазақ,орыс, ағылшынды білсеңіз,
Ұпай жина, шәкірт саған несібе , - дей отырып, ортаға 9 сыныпты шақырамыз.
Алғашқы айналым <<Қанша тілді білесің?>>
І тур: <<Қанша тілді білесің?>> (Жұмбақтың жауабын үш тілде айту)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтіуір, мышь, mouse)
Компьютермен енеді
Қағазға басып береді. (баспа құрылғысы, принтер, printer)
Мәліметті сұраған
Экранға шығарған (бейнебет,монитор,monitor)
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді (терезе, окно,windows)
Қабат - қабат қаттама
Ақылын болса аттама (кітап, книга, book)
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат,природа, nature)
Қоршаған орта орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзім
Кіп - кішкентай күн көзін ( шам, лампа,lamp)
1 - жүргізуші:
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді болса егер
Бүл кезеңнің жеңімпазы болады -дей келіп, келесі айналым физика пәні бойынша <<Тапқыр болсаң, талас жоқ>>
ІІ тур: <<Тапқыр болсаң, талас жоқ>> ( Берілген сұрақтарға тез жауап беру)
1. Қысымды немен өлшейді? (Барометр)
2. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі? ( Шоқжұлдыз)
3. Электронның заряды қандай? (Теріс)
4. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (Тізбектей)
5. Қандай да бір кеддергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары? ( Жаңғырық)
6. Кернеу қандай құралмен өлшенеді? (Вольтметр)
7. Жиілігі 20000 Гц тен жоғары толқындар (Ультрадыбыстар)
8. Сыйымдылықты қандай құралмен өлшейді? (Конденсатор)
9. Металдарда электр тогын таситындар? (Электрондар)
10. Микраскоп қандай аспап? (Өте ұсақ көруге арналған)
11. 1 кН - да неше Н бар? (1000 Н)
12. Күш импульсі неге тең? (Ғ*t)
13. Пішінін сақтамайтын көлемін сақтайтын дене? (Сұйық)
14. Бір дене екінші денемен жанасқанда, қозғалғанда пайда болатын күш?(Үйкеліс күші)
15. Массасы 2 кг 3 м/с жылдамдықпен қозғалатын дененің импульсі неге тең? (6 кг*м/с)
16. Ауырлық күшінің бағыты? (Төмен)
17. Ток күші 5А, кедергісі 2 0м. Кернеу неге тең? (10 В)
18. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді ? (орын ауыстыру)
19. Жарық жылдамдығы неге тең? (с=3* 108 м/с)
20. Протонның заряды қандай? (Оң)
21. Бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт ( Тербеліс периоды)
22. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (Параллель)
23. Элементар заряд неге тең? (1,6*10-19Кл)
24. Радионы ойлап тапқан ғалым? (Попов)
25. Индуктивтілікті қандай құралмен анықтайды? (Катушкамен)
26. Телескоп қандай аспап? (Аспан денелерін бақылауға арналған оптикалық аспап)
27. 1МВТ-та қанша ВТ бар? (миллион Вт)
28. Дене импульсі неге тең? (m*v)
29 .Пішінін де, көлемінде сақтайтын дене? (Қатты)
30. Дененің тепе - теңдік күйінен ең үлкен ығысуы ( Амплитуда)
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте физикалық көріністі тамашалаңыздар. Сахнада үтік пен плитка өзара артықшылықтарын айтып мақтанып жатады.
.... Қожайын келіп шамды жағады, плитканы қосады, үтікті қосады , ешқайсысы қосылмайды. <<Е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой >> , - деп оны жөндеп қосады. Плитка ысып, шай қайнайды.
1 - жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалаған жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар, - дей келе ортаға 10 сыныптарды шақырамыз. Алғашқы айналымда <<Жұмбақтар шешу>>
І тур: <<Жұмбақтар шешу>>
Қол ұстасқан шамдардың,
Мін таппайсың бойынан.
Бірі қалса сүрініп,
Бәрі кетер ойыннан. (Тізбектей жалғау.)
Тізбектегі ток күші
Тармақтарға бөлінер,
Өткізгіштер біріккен ,
Ол нүктені түйін дер.
Бұл жұмбақтың жауабы
Қандай жалғау шешіңдер. (Паралель жалғау.
Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген бірлік өлшемін (Джоуль.)
Ток күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманы
Ғалым атына теңеді. (Ампер.)
Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді ( үтік)
Құйрығы інге кірсе беті өртенген,
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген (Электр пеші)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға келеді (Күш)
Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп)
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (ток)
Жасадым деп жұмысты,
Ақысын бізден алады.
Ай - сайынғы шығынды
Есептеп тез табады (есептегіш)
2 - жүргізуші:
Бүгінде информатика,физика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Ал, достар, зерделікпен меңгеріңдер!
ІІ тур: <<Кім жылдам>> ( Берілген торкөздердегі әріптерден операторлар атауларын табу)
R
E
A
D
R
O
F
I
F
B
N
E
H
T
E
L
E
E
S
L
E
T
A
G
R
W
E
C
I
E
I
E
H
N
H
R
R
N
P
I
D
A
W
T
A
E
L
E
R
(Begin, Else, End, For, If, Read, Repeat, Then, While, Write, Char, Real)
1 - жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, - дей келе ортаға 11 - сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
І тур: << Сен білесің бе? >> (Тұрақты шамаларды айту)
1. Вакуумдегі жарық жылдамдығы қандай? (с=3*108 м/с)
2. Гравитациялық тұрақты (G=6,67*10-11Н*м2/кг2)
3. Авогадро тұрақтысы ( NA=6,02*1023 моль-1)
4. Больцман тұрақтысы (k=1,38*10-23 Дж/К
5. Универсал газ тұрақтысы (R=8,31 Дж/(моль*К)
6.Фарадей тұрақтысы (F=9,65*104 Кл/моль)
7. Планк тұрақтысы (h=6,626*10-34 Дж*с)
8. Ридберг тұрақтысы (R=1,097*107 м-1)
9. Электр тұрақтысы (ε0=8,85*10-12 Ф/м)
10. Элементар заряд (е=1,6*10-19 Кл)
2 - жүргізуші:
Информатика - болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
ІІ тур:<<Шығармашылық жұмыс>> (Оқушылар информатика пәнінен еркін тақырыптар бойынша әзірлеген презентацияларын қорғайды )
1 - жүргізуші: ІІ бөлімде зертханалық жұмыс.
Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!
Ізденімпаздықпен кешке қатысуларыңыз да - бос емес!
2 - жүргізуші:
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да ұлт болып білінбек.
Ғылыммен тереземіз теңдік ап,
Болашақтың атар таңы күлімдеп.
1 - жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін рахмет!
2 - жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz