CorelDRAW бағдарламасының ішкі ортасымен танысу: сабақ жоспары

Үлкен Шыған орта мектебі

Тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен танысу.

Информатика пәнінің мұғалімі М. Н. Халишева

Сабақтың тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік Оқушыларды CorelDRAW ішкі ортасымен таныстыра отырып, бағдарламада құжат құру, сақтау, өңдеу жолдары туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық Оқушылардың векторлық графикамен жұмыс істеу

принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы (лекция -

әңгіме және ойын элементтері)

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау:

Интерактивті тақта, слайд, флипчартта, тесттік тапсырмалар.

1. «Адасқан сөздер» - анықтамаларды қайталау

2. «Тапқырлар сайысы» - тесттік тапсырмалармен жұмыс

3. «Кім мықты?»-диаграмманы толтыру

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

Жаңа сабақтың мазмұнын интерактивті тақтадан көрсете отырып түсіндіру.

Тақырыбы: “CorelDRAW ішкі ортасымен танысу. ”

CorelDraw графикалық редакторы - геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т. б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама.

Мұнда әрбір объект өзіне тән түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында қарастырылады.

Бағдарламаны іске қосу командасы:

Пуск - Все программы - CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3 немесе жұмыс үстеліндегі арнайы жарлығынан қосуға да болады.

Сонымен CorelDraw бағдарламасы - негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.

CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:

Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұхбат терезе ашылады.

Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.

Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1. CDR деп сақталады.

Жұмыс терезесінің құрылымы:

  1. Тақырып жолы: CorelDraw X3 - [Рисунок1] деген автоматты түрде ашылатын құжат атынан және терезе құрылымын өзгертетін жинау, үлкейту, жабу батырмалары орналасады.
  2. Мәзір қатары:

Файл -құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.

Правка - әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т. б орындауға болады.

Вид - Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.

Макет - Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.

Упорядочить -объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т. б өзгертуге болады.

Эффекты -объектіге түрлі эффектілер беру.

Растровые изображения - Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.

Текст -мәтінмен жұмыс жасауға арналған.

Инструменты - бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.

Окно -қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.

Ішкі терезені басқару батырмалары - жинау, жаю, жабу.


Ұқсас жұмыстар
CorelDraw бағдарламасының интерфейсі мен құралдары: объектілерді салу және түрлендіру
7-сынып информатика сабағы: векторлық графика және CorelDRAW бағдарламасының интерфейсі мен фигураларды салу әдістері
7-а сыныпқа арналған Компьютермен танысу: жүйелік блок пен ішкі құрылымы бойынша сабақ жоспары
CorelDRAW бағдарламасында ою-өрнектер салу: практикалық сабақ жоспары
CorelDraw бағдарламасында практикалық сабақ: құралдар, эффектілер және дизайн жобалары
Графикалық редакторлардың түрлері мен қолданылуы: CorelDRAW
Сабақ жоспары: Блокнот қолданбасымен танысу және WordPad редакторымен салыстыру
CorelDraw бағдарламасында эффект түрлері мен мәтін жасау тәсілдері
Microsoft Access бағдарламасымен танысу: практикалық өндірістік сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Пернетақтамен танысу сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz