5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру (§22)

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы,

Шүкірлік селосы,

Калиева Эльмира Мұратқызы,

ұялы тел. :+77759526608, жұмыс: 87153352728

электрондық почта: eliko_76@mail. ru

Сабақтың тақырыбы: §22. Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру (бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін айыру) біліктілігін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, есептер шығару

Жаңа технология: деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (теледидер), слайдтар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту) .

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№416, 421 (1, 2) .

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қандай жай бөлшекті дұрыс бөлшектер деп атайды?
  2. Қандай жай бөлшекті бұрыс бөлшектер деп атайды?
  3. Қай уақытта бөлшек 1-ге тең болады?
  4. Қандай санды аралас сан дейді

Жауаптарыңды мысал арқылы негіздеңдер.

3. Жаңа сабақ:

Қане балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, қалдықпен бөлуді еске түсірейік.

Мысалы,

29:7=4(1 қалд. ) 127:100=1 (27 қалд. )

29 7 127 100

28 4 100 1

  1. 27

Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру

Мысалы ,

59 9 бөлімі өзгермейді

54 6 бүтін бөлігі

5 қалдығы алымына жазылады.

Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру үшін:

  1. Алымын бөліміне қалдықпен бөлеміз;
  2. Бөліндінің мәні аралас санның бүтін бөлігін, қалдық аралас санның бөлшек бөлігінің алымын береді, ал бөлімін бұрыс бөлшектің бөліміндей етіп қалдырамыз.

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру үшін:

  1. Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәнін бөлшек бөлігінің алымына қосамыз да, шыққан қосындының мәнін бұрыс жай бөлшектің алымына жазамыз;
  2. Бұрыс жай бөлшектің бөлімін аралас санның бөліміндей етіп қалдырамыз.

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру

Мысалы,

\[5{\frac{7}{9}}={\frac{5\times9+7}{9}}={\frac{52}{9}}\]
немесе
\[5{\frac{7}{9}}={\frac{52}{9}}.\]

Ауызша №430, 431.

  1. Есептер шығару:

Деңгейлік тапсырма

І деңгей

№432

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырыңдар:

1)

\[{\frac{13}{4}}=3{\frac{1}{4}};\]
2)
\[{\frac{19}{7}}=2{\frac{5}{7}};\]
3)
\[{\frac{35}{9}}=3{\frac{8}{9}};\]
4)
\[{\frac{68}{11}}=6{\frac{2}{11}};\]
5)
\[{\frac{91}{16}}=5{\frac{11}{16}};\]

6)

\[{\frac{141}{10}}=14{\frac{1}{10}};\]
7)
\[{\frac{171}{13}}=13{\frac{2}{13}};\]
8)
\[{\frac{337}{16}}=21{\frac{1}{16}};\]
9)
\[{\frac{905}{31}}=29{\frac{6}{31}};\]
10)
\[{\frac{1000}{29}}=34{\frac{14}{29}}.\]

№435(1)

Мәтінді есеп.

Құрғақ қарағайдың 1 м 3 көлеміндегі массасы 650 кг, ал дымқыл қарағайдікі -750 кг. Дымқыл қарағайдың массасы құрғақ қарағайдың массасынан қанше есе артық.

Шешуі:
Жауабы:

\[1{\frac{2}{13}}{\hat{a}}{\hat{n}}{\hat{a}}\]

ІІ деңгей

№439

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдырыңдар:

Тең сандардың арасын сызықпен қос:

\[\frac{18}{5}\]
\[\frac{7}{5}\]
\[\frac{14}{5}\]
\[\frac{11}{5}\]
\[\begin{array}{c}{{\left(\sum_{\beta}\right)}}\\ {{\infty}}\end{array}\]

\[1{\frac{2}{5}}\]
\[2{\frac{1}{5}}\]
\[3{\frac{3}{5}}\]
\[1{\frac{\dot{\alpha}}{5}}\]
\[2{\frac{\dot{\alpha}}{5}}\]

Сергіту сәті:

Оң қолым алға, сол қолым алға,

Оң аяғым алға, сол аяғым алға.

Біз билейміз ча-ча-ча,

Бізде бәрі тамаша!

  1. Логикалық сұрақ.

Алтытаңбалы санның соңғы цифры 7. Егер оның орнын біріншіге ауыстырса, жаңадан құрылған сан берілген саннан 4 есе үлкен болады. Санды тап.

Берілген сан abcde7, жаңа сан 7abcde.

Шарт (7abcde) : (abcde7) =4.

abcde7 abcd87 abc487

x 4 e=8 x 4 d=4 x 4

7abcd8 7abc48 7ab948

ab9487 a79487 179487

x 4 c=9 x 4 b=7 x 4

7a7948 717948 717948

Жауабы: 179487. Тексеру:717948: 179487=4.

6. Қорытындылау.

- Бүгін тақырып бойынша алдымызға қойған мақсатқа жете алдық па?

- Сабақ несімен ұнады?

7. Оқушыларды бағалау.

8. Үйге тапсырма: §22, №433(тақтарын), 434 (жұптарын), 443 (қ) .

Пайдаланған әдебиеттер:

1. А. Е. Әбілқасымова, Т. П. Кучер, З. Ә. Жұмағұлова, Математика, 5 - сынып, 2010 жыл.

2. А. Е. Әбілқасымова, Т. П. Кучер, З. Ә. Жұмағұлова, Әдістемелік нұсқау, 5 - сынып, 2009 жыл.

3. Қызықты математика. Логикалық есептер жинағы. 5- 6 сыныптар. АЛМАТЫКІТАП, 2014 жыл


Ұқсас жұмыстар
Бұрыс бөлшектер мен аралас сандарды түрлендіру: есептер шығару (5-сынып)
Ойын технологиялары арқылы математикалық біліктілікті дамыту: бұрыс бөлшектер мен аралас сандарды түрлендіру сабақ жоспары
Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер - сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Дұрыс және бұрыс бөлшектер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу: ереже және сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер (12 сағат)
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу - сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Жай бөлшекті бөлу - сабақ жоспары және ашық журнал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz