8-сынып химиясы: §14 Химиялық реакция теңдеулері - тренинг сабақ жоспары

Атырау қаласы. Индер ауданы.

Есбол селосы

Кулагино ұлттық гимназиясы

ІІ санатты химия пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: § 14 Химиялық реакция теңдеулері

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,

химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.

Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре

білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін

жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: тренинг - сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі : Дәріс, сұхбат, топтастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н. Нұрахметов, т. б. Химия - 8сынып

2. Д. М. Кирюшкин, т. б. Химияны оқыту методикасы

3. Н. Нұрахметов, т. б. Химия жұмыс дәптері - 8 сынып

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
  • Бір - бірімізді тыңдаймыз;
  • Бір ғана адам сөйлейді;
  • Өз ойларымызбен бөлісеміз;
  • Бос сұрақтар болмайды;
  • Уақытты үнемді пайдаланамыз.

Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» сұрақ - жауап.

  1. Химиялық реакция дегеніміз не?
  2. Химиялық формула дегеніміз не?
  3. Массалық үлес қалай белгіленеді?
  4. Валенттілік дегеніміз не?
  5. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?

Топтық жұмыс.

І топ тапсырмасы:

1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al 2 S 3 , Na 2 S, PbS, Fe 2 O 3 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

3. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р 2 О 5 , в) Fe 2 O 3 әрбір элементтің массалық үлесін

есептеп шығарыңдар.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl 3 , Н 2 О, Мg 3 N 2 , SiCl 4 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

3. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H 2 SO 4 , в) SO 2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.

ІІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: МgО, К 2 О, SnO 2 , Na 3 N, MnCl 2 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

3. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық

қосылыстың формуласын табыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1. Химиялқ теңдеу.

2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:

  • Химиялық теңдеу.
  • Реагент
  • Өнім

1. Химиялық теңдеу дегеніміз - химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Әрекеттесуші заттар - реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

1. Реагенттердің формуласын жазу:

H 2 + O 2

2. Өнімнің формуласы:

H 2 + O 2 → H 2 O

3. Химиялық теңдеуді теңестіру:

2H 2 + O 2 → 2H 2 O

Сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

І топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.

2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру

2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.

2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

І топ тапсырмасы: 28 беттегі №73 тапсырманы орында

ІІ топ тапсырмасы: 28 беттегі №74 тапсырманы орында

ІІІ топ тапсырмасы: 29 беттегі №75 тапсырманы орында

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

«Кім жылдам» аукционы

Са Р H 2 C

О 2 ?

О 2 ?

Сl 2 ?

О 2 ?

Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Не білемін?:
Не білдім?:
Не білгім келеді?:

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 14. 42 беттегі. 4, 8 жаттығулар.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакция теңдеулері мен зат массасының сақталу заңы
Сандық химиялық есептерді шығару: формулалар, реакция теңдеулері және стехиометриялық есептеулер
Натрий қосылыстары: қасиеттері, реакция теңдеулері және қолданылуы (8-сынып, §66)
Химиялық реакциялардың теңдеулері және зат массасының сақталу заңы: 8-сынып сабақ жоспары
№3 мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі Үсенова Әлия Әділханқызының 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары: Химиялық реакция теңдеулері
Қашықтан оқытуға арналған 8-сынып химиясының сабақ жоспары: химиялық реакция теңдеулерін құру
8-сынып: Химиялық реакция типтері - орынбасу және алмасу
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары - 8-сынып сабақ жоспары
10-сынып химиясы: химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері және әрекеттесуші массалар заңы
8-сынып: Химиялық реакция типтері - қосылу және айырылу (лабораториялық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz