Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өлеңді жаттау. Ашық сабақ

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы <<Ақын ініме>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: әдеби-теориялық білімдерін тереңдету,сауатты жазуға,дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа,тез ойлауға машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды білімге,адалдыққа,адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның өмір жолы,шығармашылығына құрылған презентация, ақынның кітабы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) сынып тәртібі мен тазалығына мән беру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
2. <<Екі шыбын>> жатқа айту

Сұрақтар:
1. <<Екі шыбын>> өлеңі қандай жанрда жазылған? (Мысал)
2. Өлеңде айтылатын өзекті ойдың мәнісі
3. Автор оқушыларына нені ескертеді?
4. Ең соңғы шумақтағы өзекті ойдың мәнісі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі
2. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
3. Оқушыларға мәнерлеп оқытады.

Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері ,ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.
Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.
Енді осы өлеңді болымсыз түрде оқып көрелік.
Міне,ақынның нағыз айтар ақылы енді белгілі болды.
4. Сұрақ-жауап
* Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
* Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?
* Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
IV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу
Ақын ініме
1.Авторы - А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист,аудармашығмысалшы,саясаткер.
2.Тақырыбы- тақырып - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.
3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Идеясы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.
5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты
6.Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты
7.Бунақ- белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
8.Буын саны- дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.
9.Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп,оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.
10. Әдеби-теориялық ұғымдар.
10.1. Троп - сөздерді тура мағынасында емес,бұрма мағынасында қолдану,шындықты бейнелепойды өзгертіп айту.
Теңеу: доңыздай, балдай,Аплатондай
Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт
Дөрекі сөздер: қақыр,лапыр,пақыр,айғырсып.
Ирония- кекесін,келемеждеу
Сүйікті милләтіңа болам десең,Нашардың көбірек же хақын ,інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр,інім.

Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп,жақты сөйлеп,лапыр,інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып таба-табақ шақыр,інім.

10.2. Фигура-айшықтау.
Арнау- жазушының көбіне - көп ақынның өзіне не өзгеге,кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы,көпшілікке қайырыла сөйлеуі,олармен іштей кеңесуі.
Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.
11. Түсіндірме сөздік
Милләт-араб сөзі,халық,ұлт. Аплатон,Платон-ертедегі грек оқымыстысы, правосы-құқы
12. Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден ,жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Ақынның ақыл-кеңесін болымсыз түрде,қарасөзбен жазып келу.

VI.Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қою.

<<Атамекен орта мектебі>> ММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы <<Ақын ініме>>
7-сынып

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі : Борашова С.

2012-2013 оқу жылы

<<Атамекен орта мектебі>> ММ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Агентомания ( агенттің пайдасы мен зияны)
10-сынып

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Өсербаева Ә.

2012-2013 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Ән-күй (музыка) сабағы 2 сынып орыс мектебі
Алтын қақпа тапсырмасы
М.өтемісұлы «қызғыш құс»
Оқушылар тілегі. Барлық оқушылар
Оқушылар тілегі
Оқушыларды бағалау, Өзіндік бағалау
Қыстырма сөз
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Өлеңді ермек үшін жазбауы
Орыс тілі жаттау
Пәндер