Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен

Сөзмерген

/Тіл білгірлерінің сайысы /

Мақсаты:

  • Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру;
  • Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған слайдттар, электрондық ойын таблосы

Ойын барысы

/Сахнаға екі жүргізуші шығады/

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші: М. Горький атындағы білім ордасының шаңырағына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін"- деп қадап айтқан.
Иә, көп ұлтты қазақ халқы Кеңес Одағы тарағаннан кейін жанжал, қақтығыстардың қатерлі өртіне шалдықпай, тәуелсіз ел атанып, сан алуан қиындықтарды сәтімен артқа тастап, қаз тұрды.
2-жүргізуші: Бүгінде еліміз өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға әзірленуде. Әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрлері бар, бастан кешкен қасірет-қатпары да қалың, данагүл халқымыздың өміріндегі аса маңызды, тұтас ғасырға белгісіз 20 жылдық кезең аяқталмақ.

1-жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың . . .

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев жырлағандай Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ тілі -мемлекеттік тілі болып қабылданды!

2-жүргізуші: 2007 жыл - Қазақ тілін қолдау жылы болды.

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті кезіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеп,
Ақ қараны тіліп тұр сөзіміз.

1-жүргізуші: 2-сынып оқушылары сіздерге тіл туралы мақал мәтелдер айтып береді. Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Назарларыңызда 4-ші сынып оқушыларының дайындаған әдеби монтажын тамашалайық!

1-оқушы: Ли Камила

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

2-оқушы: Тен Алина

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.

3-оқушы: Ким Алена

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

4-оқушы: Ли Руслан

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

5-оқушы: Абдул-Оглы Гульнара

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

6-оқушы: Дюсембинова Наргиз

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

7-оқушы: Муч-Оглы Амина

Мәртебесі тіліміздің биік екен

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан

Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

8-оқушы: Цой Анна

Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.

9-оқушы: Абдыгапаров Алдияр

Қазақ тілім сенсің бар гүлім

Арналады менің саған бар күнім.

Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,

Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

1-жүргізуші:

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау - парызым бүгін менің! -дегендей бүгін орыс тілінде оқитын сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің аудандық семинары аясында 8 «Б» және 8 «В» сыныптар оқушыларының арасында

Байболатова Гүлнар Ізбасарқызының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Сөзмерген» қазақ тілін білгірлерінің сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

2-жүргізуші:

Ақталған ақ арманы, үміттері, Қашан көрсең жүреді күліп тегі. Қаумалаған ағайын, аманбысың, Аманбысың сайыстың үміткері. - дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

1-жүргізуші:

І-ші топ 8 «Б» сынып оқушыларын қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Сахнаға ІІ-ші топ 8 «В» сынып оқушыларын шақырамыз!

1-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысымен танылады, Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады-дей келе әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

2-жүргізуші:

Аудандық білім және дене шынықтыру бөлімінің әдіскері Ынтыбекова Нұргүл Ағдарбекқызы

1-жүргізуші:

Аудандық қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Михаил Юрьевич Лермонтов атындағы орта мектебінің мұғалімі Мырзаханова Ляззат Әділханқызы

2-жүргізуші:

Михаил Васильевич Фрунзе атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы орта мектеп-гимназия мұғалімі Тыналина Баян

1-жүргізуші:

№ 51 Сергей Ильич Морозов атындағы орта мектебінің мұғалімі Мыржикова Ажар

2-жүргізуші:

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен. Дәстүрі қазағымның сарқылмағын, Шарттарын сайыскерлер біле ме екен?-дей келе сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:

Шарттары: І- кезең Таныстыру

2-жүргізуші:

ІІ- кезең «Мықты болсаң, тауып көр» Мақал - мәтелдің жалғасын табу;

1-жүргізуші:

ІІІ- кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» Мақал - мәтелдің орысша баламасын табу;

2-жүргізуші:

ІV- кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» Сұрақтарға жауап беру;

1-жүргізуші:

V-кезең «Өлеңді сүйсең менше сүй» өлеңнің ұйқасын табу;

2-жүргізуші:

VІ-кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Фразеологизмдерді табу;

1-жүргізуші:

VІІ-кезең «Ойлы орталық» Капитандар сайысы «Егер мен білім министірі болсам, мен мемлекеттік тілге . . . » тақырыбы бойынша ой толғау.

2-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп,

Сөз алыппыз. Танысалық,

Ғажап ойын, Ғажап күн.

Тегіміз бар - басқа ұлтта,

Қазақ емеспіз,

Құрметтейміз де, білеміз,

Тілді бірақта!-дей келе, сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топ өздерін

таныстырып өтсін. І- кезең Таныстыру

1-жүргізуші: Сахнаға 8 «Б» сынып қатысушы тобын шақырамыз!

2-жүргізуші: 8 «В» сынып қатысушыларын қарсы алайық!

1-жүргізуші:

ІІ- кезең «Мықты болсаң, тауып көр» Мақал - мәтелдің жалғасын табу ;

1-ші топтың мақалдары

  1. Тіл тас жарады, . . . тас жармаса, бас жарады
  2. Дәлелсіз сөз . . . желмен тең
  3. Сөз тапқанға - . . . қолқа жоқ
  4. Жеті жұрттың тілін біл, . . . жеті түрлі ілім біл
  5. Көре-көре көсем боларсың, . . . сөйлей-сөйлей шешен боларсың
  6. Ине көзінен сынады, . . . шешен сөзінен сынады

2-жүргізуші:

2-ші топтың мақалдары

  1. Тілден артық . . . қазына жоқ
  2. Қаһарлы сөз . . . қамал бұзар
  3. Піл көтермегенді, . . . тіл көтереді
  4. Айтылған сөз, . . . атылған оқпен тең
  5. Бас кеспек болса да, . . . тіл кеспек жоқ
  6. Шебердің қолы ортақ, . . . шешеннің сөзі ортақ

2-жүргізуші:

ІІІ- кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» Мақал - мәтелдің орысша баламасын табу;

1-ші топтың мақалдары

  1. Жаман жолдастан таяғым артық

Крепкая палка лучше плохого попутчика

  1. Күлме досыңа-келер басыңа

Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой

  1. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем у кого друзей мало

  1. Отан оттан да ыстық

Родина греет жарче огня

1-жүргізуші:

2-ші топтың мақалдары

  1. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

Одежда хороша новая, а друг старый

  1. Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа

С добрым человеком сдружишься цели своей достигнешь. С дурным

сдружишься- в дураках останешься

  1. Ел іші-алтын бесік

Родная земля-подобна золотой колыбели

  1. Әркімнің өз жері -жұмақ

Для каждого человека своя Родина сравни раю

1-жүргізуші:

ІV- кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» Сұрақтарға жауап беру;

І-ші топтың сұрақтары

  1. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім?/Шәкен Ниязбеков/
  2. Бейбітшілік құсы?/Көгершін/
  3. ҚР мемлекеттік тілі?/Қазақ тілі/
  4. ҚР Мемлекеттік Гимнының сөзін жазғандар кімдер?

/Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/

  1. Ендігі өміріміздің бағдары не?/Ендігі өміріміздің бағдары - бәсекеге қабілеттілік/

2-жүргізуші:

ІІ-ші топтың сұрақтары

  1. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?

/Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов/

2) ҚР Мемлекеттік Гимнының әнін жазған кім? /Шәмші Қалдаяқов/

3) Қазақстанда қандай мереке 16 желтоқсан күні атап өтіледі? /Тәуелсіздік күні/
4) Қазақстанның астанасы қай жылы ауыстырылды? /1998 жылы/

  1. Ғарышқа ұшқан қазақ азаматтарын атаңдар/Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев /

2-жүргізуші:

V-кезең «Өлеңді сүйсең менше сүй» өлеңнің ұйқасын табу;

І-топтың өлеңдері

  1. Біздің Ту

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша,

Сөйлеп тұрған секілді!

/Тұманбай Молдағалиев/

1-жүргізуші:

  1. Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

/Б. Ысқақов/

2-жүргізуші:

  1. Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылады сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

/Әбділдә Тәжібаев /

1-жүргізуші:

ІІ-топтың өлеңдері

  1. Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!


Ұқсас жұмыстар
Қасиетті менің ана тілімде
Қуан анам
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Қазақ тлі. Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Сүйемін, өскен Отаным Мұқағали Мақатаев
Бабам тілі
Туған тілдің тұғыры
Тіл мерекесіне арналған тәрбиелік шара
Мағжан Жұмабаев сүйемін өлеңі жайлы ақпарат
Менің туған тілім - қазақ тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz