Салауатты өмір салтымыз

Жобаның тақырыбы : «Денсаулық-салауатты өмір кепілі»
Мақсаты :
- Балалардың барлық демалысын және мүмкіншілігін тиімді пайдалануын ұйымдастыру
- Жазғы демалыс лагерінде балаларды жеткіншектік кездегі зянды жағдайлардан, денсаулыққа нұсқан келтіретін қылықтардан аулақ ұстап, денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету
- Табиғаттан күш алып, оны қорғауға, денсаулыққа пайдалы жағдайда қолдана алуға тәрбиелеу
- Денсаулық-салауатты өмір кепілі. Қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-эканомикалық маңызы зор мәселелердің бірі- салауатты өмір салтын қалыптастыру
Міндеттері:
- Салауатты өмір салтын ата-аналар, әріптестер, оқушылар арасында насихаттау
- Лагерь тәрбиеленушілерінің өздерін дамытуына, өзін-өзі тани алуына және болашаққа өз беттерінше сенімді жоспарлар құра алуына жағдай жасау
- Жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушылардың денсаулығын шынықтыратындай жағдай жасау, ұлттық ойындар, спорттық сайыстар, эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыу
Күтілетін нәтижелер:
- Денемізді түрлі спорттық ойындар арқылы шынықтыру арқылы түрлі аурулардың алдын алу
- Ұлттық ойындарды ойнатта отырып епті, шапшаң, зейінді ұрпақ дайындау
- Бүлдіршіндердің жазғы демалыс лагерьіне деген құлшыныстарын арттыру
- Деніміздің сау болуы үшін қажетті жаттығу түрлерін үйреніп, әдетке айналдыру
- Елдің ертеңі білімді, жігерлі, өнерлі талантты ұрпақ тәрбиелеу
- Дені сау, рухы таза шыныққан азамат болуға баулу
- Отанға, бауырға деген шынайы сүйіспеншілікке жаттықтыру
- Қазіргі заман талабына сай жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан жеке тұлғаны дамыту
Кіріспе:
Спорт біздің өмірімізде аса маңызды орын алады. “Спорт - денсаулық кепілі” деп бекерге айтылмаған. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн.
Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті -дене тәрбисі
Біздің мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары жыл сайын жазғы демалысын мектептегі сауықтыру алаңында өткізеді. Оқушылар лагерге қабылданар алдында арнайы дәрігерлік тексерістен өтеді. Ата-аналардың өтініштері бойынша оқушылар жазға сауықтыру алаңына демалуға қабылданады. Мектепішілік іс-шараларда, әрбір отбасында спорттың алатын орны ерекше. Сонымен қатар жазғы демалыс лагерлерінде де барлық іс-шаралар спортпен тығыз байланыста өтеді. Иә, әрбір ұлттың болашағы оның білімді, іскер, талантты да мәдениетті, дені сау, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі жастарының қолында екені анық. Ал, жастарының денсаулығы нашар, зиянды әдеттерге әуес мемлекет - қашанда әлсіз, қорғансыз болмақ. Олай болса, мемлекет халықтан, ұлыстан тұрады. Ал ұлыс әрбір адамзат баласынан құралады емес пе. Мектеп табалдырығындағы әрбір бүлдіршіннің денінің саулығын қадағалар болсақ, білім мен ғылмының шырқау шегіне кедергісіз жететін боламыз.
Лагерь тәрбиеленушілерінің денесін шынықтыру-қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл жобаның негізгі мазмұны бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің болашағын дамытатын дені сау, рухы таза азамат тәрбиелеу.
Әйгілі ғалым Н. Амосов «Дене сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана қол жеткізуге болады»-деген екен. Сол айтқандай жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушылардың денсаулығын шынықтыратындай жағдай жасау, ұлттық ойындар, спорттық сайыстар, эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыу жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Біздің Жақсы №1 орта мектебінде жылда «Балдәурен» лагері жұмыс істейді. Онда 1-4 сынып оқушылары демалады.
Қалыптық және әдістемелік жұмстарды таңдау алдында 1-ші кезекте сауықтыру болуы керек, 2-ші білімділік қызметі, бала дамуына беталыс (сапалы тамақ, дәрігерлік күтім, таза ауада жүру, дене шынықтыру, сауықтыру мерекелерін өткізу, ойындар ойнату, демалыс, экскурсия ұйымдастыру)
Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі
мақсатары мен принцптері
,
«Балдәурен» лагерінің аясында
Салауатты өмірді насихаттау жобасы
Күтілетін нәтиже
Бала ағзасын лагерь аясында шынықтыруда, оның ең негізгі қажет бірнеше ұстанымдарын естен шығармауымыз керек.
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН Тәрбие жөніндегі Мектеп директоры:
мектеп директорының Раисов А. К
орынбасары: Каскаева Л. Б
Жақсы №1 орта мектебінің
«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде
өткізілетін іс-шаралар жоспары.
2012 оқу жылы
1. «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанаты
2. Денсаулық салауатты өмір кепілі
3. Бақыт деген-денсаулық. Мерекелік іс-шара
4. Әуелгі байлық-денсаулық. Ойын
5. Жерден-нәр, ауадан -дауа, судан-күш. Табиғатқа саяхат
6. Салауатты өмір-салтымыз. Көңілді эстафета
7. Менің денсаулығым-менің байлығым. Спортқа арналған
суретшілер байқауы
8. Шынықсаң шымыр боларсың. Спорттық сайыс
9. Қазақтың ұлттық ойындары күні
10. Спорт-денсаулық кепілі. Шығармашылық күні
11. Көңіл жақсы болғаны-өмір жақсы болғаны. Психологиялық тренинг
12. Салауатты өмір салтымыз. Концерттік бағдарлама
13. Дені сау адам-дәулетті адам. Топпен сайыс
14. «Балдәурен » лагерінің жабылу салтанаты
Жақсы №1 орта мектебінің
«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде
өткізілетін іс-шаралардың жалпы сипаты
Бақыт деген-денсаулық.
Мерекелік іс-шара
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту ;
Менің денсаулығым-менің байлығым. Спортқа арналған
суретшілер байқауы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz