Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Орал қаласы

Сабақтың тақырыбы: <<Ақжайық - ару мекенім>>
Сабақтың мақсаты.
Танымдық - оқушыларды Орал қаласының тарихы бай шежіресімен таныстыру, жергілікті ақындардың өлең, әңдерін айтқыза отырып, туған өлкесі туралы мол мәлімет беру арқылы білімін нақтылау, өздігінен ізденуге жетелеу.
Дамыту - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік - оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, өз қаласын сүю, мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Батыс Қазақстан облысының картасы, әндер жинағы, суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы.
І.Ұйыдастыру бөлімі.
ІІ. <<Оралым - көріктісің әсем қалам...>> кіріспе сөз.
ІІІ. <<Ақжайық - ару мекенім>> әдеби-музыкалық монтаж.
ІV. Қорытынды .
1.Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі <<Ақжайық - ару мекенім>> атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Оралым! Туған өлкем аялаған,
Саяңда салған ойнақ талай балаң.
Төсіңде төрт түлік мал қаптай жайлап,
Суың бал, шөбің шүйгін, арай далам.
Орал қаласы - Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында, Еуразия даласының нақ ортасында, Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк орай шалғынды, ағаш, бұталы.
Шежіресі тарихтың тереңіне кететін ертеден даңқа ие болған Орал қаласына 400 жыл.
Бұл қала танымдылығымен ерекшеленеді. Қаншама рет оны <<ел шетіндегі шалғай жер>> деп атасаңыз да, бір рет болып кетсеңіз ғана болғаны, көненің көзіндей сақталып келген ескі үйлер, тылсым тыныштығы ешқашан бұзылмайтын шағын көшелер, ағаштардың арасына жасырынған әшекейлі есік, терезелер жадыңызда мәңгі жатталып қалады да, содан тағы бір көруді ылғи да аңсап жүресіз...
Орал қаласы ел шетінде орналасқанмен де, мәдениеттен ешқашан да шет қалып көрген емес.
Қазақстандағы алғашқы кітапхана, театр, музыкалық училище, вокзал, қалалық парк Оралда ашылды.
Оралдықтар А.С.Пушкиннің атын ерекше қастерлейді. Өйткені, Орал ұлы ақын болған Қазақстандағы жалғыз қала. Татар әдебиетінің классигі Ғ.Тоқай Орал қаласында туып өсіп, қаламын ұштаған. Атақты қазақ қаламгерлері Ж.Молдағалиев, Қ. Мырза Әлі, Ә.Сәрсенбаев, А.Бақтыгереева, сазгерлері Мұхит, Ғ.Құрманғалиев, Е.Хасанғалиев, Р.Жаманова, Ш.Қажғалиев, Д.Қажымов т.б. өнерлері Ақжайық топырағынан сусындаған.
Орал қаласының өмірі ел тарихымен тығыз байланысып жатыр. Бұрынғы екі қабатты үйлердің орнын көпқабатты зәулім үйлер басты. Қазір қарасаң қала көз тоймастай өзгерді. Қала көшелері тазарып, сәндене түскен. Қаламызда көптеген мәдени орталықтар, спорт кешендері, тұрғын үйлер, білім ордалары, мұражайлар, ескерткіштер ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі қаланы кімге болса да мақтанышпен көрсетуге болады.
(Орал қаласының тарихи және көрнекті жерлерін слайд арқылы көрсету).

2. Әдеби-музыкалық монтаж.
Бастаушы:
- Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі туған жерінің перзенті, оны сүйе білу, аялау - адамның азаматтық борышы.

1-оқушы.
Төгілген қаламынан шуақ нұры, Самғаған зеңгір көкте күй қанаты,
Ақұштап, Қадір аға қуат жыры. Домбыра - Құрманғазы аманаты.
Жұбандар жырлап өткен атамекен, Жайықтың қойнауынан орын тепкен,
Исатай мұра қылған суат-қыры. Махамбет ерліктері - мұрағаты.
2-оқушы.
Қыз Жібек Төлегендер - наз үлгісі, Мекені Ару Жайық - ұлағаттар,
Аққу - қаз сұңқылдаған жаз күлкісі. Тамыры нәрін алған ұлы аттар.
Ғарекең, сал Мұхиттар күміс көмей, Сырымдар - шоқ жұлдызы мәңгі сөнбес,
Киелі сарқылмайтын саз үрдісі. Киесі табынатын жұрағаттар.
3-оқушы.
Кіндігі киелілер ақ мекенім!
Ұлылық ұлы күнін пәк кешемін.
Қойнауы қасиетті Жайығымның,
Ұғамыз сенімді жас бақ екенін!
<<Атамекен>>әні (әні: Е.Хасанғалиевтікі, сөзі: Қ.Мырза Әлі)

Бастаушы: Туған жер - барлық адамдардың алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
4-оқушы.
Ақжайығым - теңдесі жоқ байлығым, Ел бастаған өр еңселі ағалар,
Ақжайығым - күн шуағым, айбыным. Терін төккен, еңбек етіп даналар.
<<Өз еліміз - алтын бесік>> деген сөз, Қолға алды, жаңартуды көркейтіп,
Бабалардан бізге жеткен сайлы ұғым. Бой көтерді, көріктенген қалалар.
5-оқушы.
Ақжайығым - өнер құсы самғаған, Қасиетсіз, құдіретсің, мекенім,
Көкке ұшса, қос қанаты талмаған. Сені аңсап, арманыма жетемін.
Ақындарым Махамбет пен Жұбаным, Сен қуансаң, қуанам бар жаныммен,
Қадыр аға оның ізін жалғаған. Сен құласаң, мен де шөгіп кетемін.
6-оқушы.
Ақжайығым - мәңгі жырым, әнімсің,
Ақжайығым - менің қымбат жанымсың.
Бүкіл елден сұлулығың озғандай,
Сәулет қалам, тіршілікте сәнімсің.
<<Ақжайығым>> әні (әні: Д. Қажымовтікі)

Бастаушы: Туған жер - адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
7-оқушы.
О, туған жер, қадіріңді кім білген, Қайда жүрсем ойлап сені жүремін,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген. Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Сенде өткізген артық екен бір күнім, Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Басқа жерде той тойлаған мың күннен. Саған ғана аяғымды тіредім.
8-оқушы.
Туғанын тосып аңсаған, Салған ән, көрген бар түсім,
Топырағын сүйіп текті елдің. Сен болдың бір кез көшкен жер.
Ақжайық, Орал, мен саған, Бауырыңда жаным балқысын,
Атажұртым деп келдім. Теңімді қайтып шешкен жер...
9-оқушы.
Ақ жолмен алға төселген, Жанды су, Жайық - айбарлым,
Көш басын бұрдық <<Орал>> деп. Бабалар рухы жатырған.
Атыңнан Орал айналдым, Алланың өзі қолдаған,
Бауырын күтіп шақырған. Тәуелсіз, дарқан, текті елдің.

10-оқушы.
Ақжайық, Орал - ата-анам,
Баласы болсам деп келдім.
Мыңда бір тәубе, жасаған,
Азаматымын текті елдің!
<<Оралым - достық қаласы>> әні. (Әні: Ә.Сүлейменовтікі, сөзі: Қ.Қуановтікі)

Бастаушы: Қазақ халқының белгілі ақыны М.Мақатаев жырлағандай: Туған жерді сүю - парыз
Сүю үшін білу - парыз
Қасиетін ұғу - парыз
Күзетінде тұру - парыз. Адам өмірінде туған жердің орны бөлек.
11-оқушы.
Қазақтын дархан даласы, Жайығым толқып ағады,
Оралым, әсем қаласың. Алады баурап сананы.
Өскен сайын өзіме, Осындай сұлу өлкені,
Ыстық болып барасың. Іздесем қайдан табамын.
12-оқушы.
Туған жерім - жүрегім,
Саған көп қой тілегім.
Жылдан жылға көркейіп,
Жайнай түс өзің, тіледім.
13-оқушы.
Оралым - көріктісің әсем қалам, Оралым, сен биіксің деп білемін,
Бір сенен бақытымның нәрін табам. Әр кезде сен деп соғар тек жүрегім.
Әр қашан бас иемін, киелісің, Өшпесе сенің көркің мәңгілікке,
Арналған жүрегімнен жырды жазам. Тірлікті өзіңменен бір сүремін.
14-оқушы.
Оралым, асқақтаған нар қаламсың, Көз тояр әсемдігін артты бүгін,
Жүректен шыққан үнім арналарсың. Көгіңнен нұр шапағын шашты күнің.
Көргенде ару қалам сұлулығын, Сұлулық таңбасындай өшірілмес,
Еріксіз тамсанарсың, таңғаларсың. Оралым, қайталанбас мәрттігіңнің...
<<Атамекенге сағыныш>> әні.

Бастаушы: <<Ақжайық, Ару Жайық - арман өлкем. Атадан мирас болып қалған өлкем>> дегендей біз бүгін өз туған жерімізді, туған қаламызды жырлап, балалық жүрегімізбен шынайы сүйіспеншілігімізді білдірдік.
15-оқушы 16-оқушы.
Тұрасың мәңгі есімде, Ақ Жайық, Ару - ақ мекен,
Айналып соқпас көктемім. Көңілден сені шығарман.
Өмірдің керуен көшінде, Болған күн тақ пен бақ бөтен,
Ақ Жайық - өмір мектебім. Жайраңдап күліп шық алдан.
17-оқушы.
Ақ Жайық - алтын қанатын,
Қаққанда биік самғаған.
Отын бар биік жанатын,
Маздауын маған арнаған.
<<Ақ Жайық - Ару мекен>> әні.
3. Қорытынды.
Біз өмір сүріп жатқан өңіріміздің жайқалған әсем табиғатын сақтауға тырысайық. Өз тұрған үйімізді қандай таза ұстасақ, табиғатымызды да дәл солай таза ұстайық.
Бұл әдеби-музыкалық кештің тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Оқушылар Отанын, туған жерін, табиғатын сүюге үйренеді.


№ 30 орта жалпы білім беретін мектеп

Тәрбие сағаты:
<<Ақжайық - ару мекенім>>

Өткізген: Бахытжанова Г.З.

Орал қаласы
Қолданылған әдебиеттер
1. Ақшолақова Р.К. <<Киелілер кіндігі>>
2. Меңдіғалиева А.М. <<Ақжайығым>>
3. Мұхамбетова Р.Т. <<Туған жеріме>>
4. Беққалиева А.Е. <<Оралым>>
5. Молдағалиев Т. <<Туған жер>>
6. <<Жайықтан алдым жол басын>>
7. Мұңайдар Баймолда <<Азаматымын текті елдің>>

Ұқсас жұмыстар
Тарихқа тұнған туған өлкем
Орал - тарихи қала
Отан. құрмалас сөйлем
Біздің қаладағы мұражайлар
Біздің қала. біздің ауыл
Менің сүйікті қалам
Математика 2 сынып "өткенді пысықтау"
Біріккен сөз
Мұқағали өлеңдері - география сабағында
Орал тауының Қазақстандық бөлігіндегі таулар
Пәндер