Программалық жабдықтама

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.
Сабақтың мақсаты : Программалық қамтамасыз етуді, программалық жабдықтаманың түрлерін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар.
Пән аралық байланыс:
математика.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың әдісі:
сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны
информатика пәнін оқытуда қолдану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.
І. Қызығушылықты ояту.
И
Н
Ф
О
Р
М
А
Т
И
К
А
Б
Т
Р
Е
П
Қ
А
Т
Е
Т
А
Н
Й
Э
М
Д
М
Й
Е
Р
Е
Р
Н
У
Б
Т
У
К
Е
С
Р
Е
В
А
Б
А
Г
Е
Й
Т
С
Н
Ә
М
Н
І
Д
С
К
О
М
Ь
П
Ю
Е
Т
Р
Т
С
- Ақпараттың ең кіші бірлігі
- Компьютердің енгізу құралы
- Үлкен компьютерлер
- Алып жүретін компьютер
- Компьютерлік желілердің орталық торабы
- 1024 Кб
- Ақпарат түрі
- Ақпарат түрі
- Ақпарат тасымалдауыш
- Күрделі құрылығылардың жиыны
- Ежелгі ақпарат тасымалдауыш
ІІ. Мағынаны тану.
«ББҮ» әдісі қолданылады. Төмендегі тақырып бөлімдерін игеруге 3 минуттан беріледі.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды.
Ш. Ой толғанысы .
Сөзжұмбақ шешеміз
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіндер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:
- Операциялық жүйе (мысалы, Windows) . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларрының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
- Драйверлер-компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді-құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Кең тараған құрылғылардың драйверлері операциялықжүйелердің құрамына енген.
- Утилиталар -компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор), фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар-браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Қосымшалар өте көп, жаңалары тұрақты пайда болып отырады.
Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суретермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары , анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.
Ой толғаныс.
Топтастыру. Оқушылар көмегімен орындалады.
Компьютерде практикалық жұмыс.
А деңгейі
Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар) (3-кесте) :
3-кесте.
Тапсырманы компьютерлік программаның бірінде орыңдаңдар.
В деңгейі
Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz