Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Саяхат сабақ


Мольдинова Ләззат Маратқызы
Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласындағы
№ 7 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі

Саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
Балалардың алған білімдерін тиянақтай отырып, кеңейту, ойлау, ауызша
есептеу, дағдыларын дамыту,сурет бойынша есеп құрастыру, ауызша есептеуді
меңгерту.
б) тәрбиелігі:
шапшаңдыққа баулу, оқушылардың бойында елжандық, еңбексүйгіштік,
ұйымшылдыққа, адамгершілікке пен адалдыққа, шапшаңдыққа, қайрымдылыққа
үйрету, бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.
ә) дамытушылық:
оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын,
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін
қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Пәнаралық сабақ: Дүниетану, ана тілі, өзін-өзі тану.
Әдіс-тәсілдер: Проблемалық, көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Оқыту технологиясы: Арт технологиясы.

Сабақ барысы.:
1.Ұйымдастыру кезеңі: (электронды оқулықтан шаттық шеңбері)

2.Математика пәніне арналған өлең оқу.

3.Үй жұмысын тексеріп, бекіту.

4. Дәптерге ай мен күнді жазу.

5.Көркем жазу.

1. Психологиялық дайындық.
Тәуелсіз, егеменді еліміздің ұрпақтары қандай болуы керек.( алғыр, ақылды,
білімді)
- Ал, барлық білімнің патшасы қай пән?
- Математика.
- Біздің ұранымыз: « Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз».
Білімді тиянақтау:

Мұғалім: Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын
кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ішер суымыз осының бәрін
қайдан аламыз?
Ендеше, табиғатты асыраушы, қамқоршы анамыз деуге бола ма? Олай болса,
бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Біз «Табиғат-Анаға» теңіз
арқылы қонаққа барамыз.
Теңіз арқылы болса, қандай көлікке мінуіміз мүмкін? (слайд №1 )кеме
Саяхатымыз өте алыс және қызықты, бірақ қауіпті. Жолда әр түрлі
қиындықтар кезігеді. Сондықтан саяхатқа тек батыл, ержүрек, тапқыр,
көпшіл математиктерді ғана аламыз. Ондай балалар бар ма арамызда? Ал, оны
қазір тексеріп көрейік.
1-тапсырма:
«Компьютер» ойыны.
45 + 5 – 12 + 7 + 10 + 21= 76
35+ 5 +57 – 15 + 11- 12= 81
2-тапсырма:
Оқулықтан №1-ші тапсырманы орындау қажет.( слайд №2-3)таблица
46-6=40 27+1=28
46-12=34 27+30=57
46-18=28 27+68=95
46-30=16 27+25=52
46-9=37 27+13=40

- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадық. Енді қорықпай
саяхатқа шығуымызға болады. Ендеше жолға шығайық! Біздің кеме бір
аралға келіп жетті. (слайд № 4 )арал суреті Аралдың иесін жұмбақ
арқылы тауып көрейік.

Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауыс емес түгі ұқсас,
Жазбайды бір сұңқылдап.
- Тотықұс.( слайд №5 )
- Дұрыс, балалар, бізде сөйлейтін тотықұс күтіп тұр. Ол сендерден
теңдік, теңсіздік, өрнек туралы біле ме екендіктеріңді сұрайды. Қане,
өзіміздің білімімізді көрсетейік.
3- тапсырма:
Бірінші бағанға теңдіктерді, екіншісіне теңсіздіктерді, үшіншісіне
өрнектерді жазайық. ( слайд №6) кесте
35+50
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Тастан салған үйі бар,
Көшіп жүрер асықпай.
Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ іздеп ашықпай. ( слайд №7) тасбақа
Алдымызда «Тасбақалар» аралы. Арал иесі көп жасаған ақылгөй, дана
тасбақа. Сондықтанда оның беретін тапсырмасын ұқыптылықпен орындайық.
4-тапсырма: (слайд №8) сөзді есеп
Оқулықтан №3 сөзді есепті шығару.

Сергіту сәті.( музыкамен)
- Балалар, теңізде қатты дауыл болып, кеменің жүзуіне қиындықтар туып
тұр. Сол қиындықты жеңуіміз керек. Кеменің жүзуіне кім көмектесер
екен?
5-тапсырма: (слайд №9) салыстыру

Оқулықтан № 4 тапсырманы орындау.

- Міне, келесі аралға да жеттік.
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (слайд № 10) піл

Кішкене піл көптен бері қонақтарды күтіп отыр. Ол аңдар мектебінде оқып,
үй тапсырмасын орындай алмапты.
6- тапсырма: ( слайд№ 11) шаршы, уақыт ұғымына

Шырша, өркен, тауық сөздерінен әріптердің орнын ауыстыру барысында
математикалық термин шығару керек. Оған қалай көмектесер екенбіз?
Ендеше, осы орайда пілге қосымша мағлұмат берейік.
- Қандай бұрыштарды білеміз? (доғал, сүйір, тік бұрыштар)
- Уақыт ұғымына, ұзындық өлшем бірлігіне, салмақ өлшем бірлігіне, апта,
ай ұғымдарына мына мысалдарды шығару арқылы пілге жақсылық жасайық.
(тақтаға жазып қою)
1 сағ. 5 мин =65 мин
1 дм. 5 см = 15 см
1 кг =1000г
1 апта 3 күн =10 күн
1 ай 1 апта = 38 немесе 37 күн.

Кішкентай досымызбен қоштасайық та, жолға шығайық.
- Ой, балалар, бұл кім? Белгісіз арал. Біздің кемемізді жабайы адамдар
басып алды. (слайд №12) жабайы адам Олардың тапсырмасын дұрыс
орындамасақ кемемізді жібермей, суға батыруы мүмкін.
7- тапсырма: (слайд №13)
Оқулықтағы № 5 сөзді есеппен жұмыс.
- Жарайсыңдар, балалар, тапсырма орындалды. Тезірек кемемізге отырып,
саяхатымызды жалғастырайық.
- Ой, бұл не? Кемеге су кіріп кетіпті. Жабайы адамдардың біреуі бәрібір
кемемізді тесіп үлгеріпті. (слайд №14) тесілген кеме Қане, тесікті
тауып, бекітейік. Ол үшін мына жұмысты орындайық.
8-тапсырма: ( слайд №15) санды мақал
Санды мақалдар. Қане, тезірек?
- Қателер табылып, кемеміз қалпына келді.( слайд №16) кеме
- Міне, «Табиғат- Ана» тұратын аралға да таяп қалдық. Кемеден аралға
түсу үшін логикалық тапсырманы орындай қояйық.
1. Қақпаның астынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Сонда қақпаның ар жағында
неше машина тұр? 2
2. Қолтырауын Гена өзінің досы Қалқанқұлаққа күніне 2 ән салып береді.
Қалқанқұлақ 3 күнде неше ән салады? 6
Сонымен бізді табиғат ана күтіп тұр екен. Бізге не дер екен, тыңдайықшы.
Электронды оқулықтан көрністі тамашалау.
- Құсты да, өзен-көл, ағаштарды, барлық тіршілік атауларын сендерге
тапсырып жатыр. Ендеше, сендер не істеулерің керек?
- Бір сөзбен айтқанда табиғатты қорғауымыз керек екен.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың « Қазақстан- 2030» Жолдауында адамзат
табиғатты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалуы қажет екендігі
атап көрсетілген. Ендеше, табиғаттың панасы – біз екенбіз. слайд№17
2030-дың біз барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімді көркейтетін
Табиғатты аялау парызымыз.

Сонымен саяхатымыз аяқталды.
- Балалар, сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады – деп балалардан жауап алу арқылы, оқушылар өздері
қалаған жерлерге гүлдермен айналамызды безендіру арқылы жабыстырады.
- Үйге тапсырма.
- Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Сенім қаласына саяхат
Логарифмдік теңдеулер тақырыбына есептер шығару
сайыс сабақ. ойындар
<<Сан есімді қайталау>>
Жаттығу жұмысы.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы
Екінші бекет Дауыссыз дыбыстар бекеті
Менің сапарым
Бауырсақ ертегісіне саяхат
Құстар қалай қыстайды Оқушылардың құстар жайлы алған білімдерін кеңейту
Пәндер