Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бір топта мұғалімдердің көзқарасымен айтқанда үлгермі жақсы оқушылар, екінші топта кілең үлгерімі төмен оқушылар
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?
Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?
Тәжірибе кезеңіндегі атқарылған іс-әрекеттің нәтижелі болғандығын қалай анықтауға болады? Алдымен бастапқы деректермен жұмыс жасадым, яғни
мектептің бастапқы жағдайы. Сұхбаттасу, сауалнама алу нәтижесінде зерттеу сұрағымлы анықтадым.Мектептің даму жоспары мен өзімнің тәжірибе жоспарымды жасап, қызмет ету әдіс-тәсілдерімен, коучинг пен менторинг тақырыптарын анықтадым. Кері байланыс арқылы атқарған қызметтің қандай нәтижеге әкелгенін сараладым. Қолайлы қарым-қатынас, ықпалдасу, ынталандыру арқылы мектептің дамуына оң әсер етуге ықпал еттім. Екінші деңгей мұғалімі болмағандықтан, өзім коуч міндеттерін атқардым. Сондықтан, алдыма бірнеше мақсаттар қойып сол мақсаттарға жетуге тырыстым. Мақсаттар мен міндеттер:
* Мұғалімдерге коучинг пен менторинг туралы ұғым беру;
* Мұғалімдерге сапалы сабақа беру үшін бағалау түрлерін үйрету және жүзеге сыруын бақылау;
* Мұғалімдер мен оқушылармен ынтымақтастық, ықпалдастыру, мадақтау қарым-қатынас құру;
* Оқушылардың сұраныстарын қанағаттандырып, үміттерін ақтау;
* Менторлармен жұмыс жүргізіп, олардың рөлінің маңыздылығын түсіндіру;
* Тәлім алушыларға олардың ынта - жігерін мадақтап, қолдау көрсету;
* Ішкі уәжін қолдау;
* Сабақ беруде оң нәтижеге жету, 6 аптада жеткен жетістіктерді саралап, болашаққа бағыт- бағдар беру. Бұл мақсаттарымды төмендегідей іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырдым.
Мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында треннигтер мен сергіту сәттерін ұйымдастырдым. Бұл треннингтер мұғалімдердің мектепке өзгеріс енгізуге дайын екендіктерін айқындады. Әрине барлығы бірдей қатысып, құлшыныс танытқан жоқ. Мұғалімдердің біліктіліктің арттыру, аман талабына сай білім беру керектігін өздері де түсінеді. Сонда да кейбір мұғалімдер өз істеріне немқұрайлы қарап, жеке бас мәселелерін жоғары қояды. Ондай мұғалімдермен жеке сұхбат жүргізіп, біліктілікті арттыру қазіргі заманда қоғамдық қажеттілік, 21 ғасыр оқушысын тәрбиелеуде маңызды шара екенін түсіндірдім. Тәжірибе соңына қарай алыстан бақылаушылардың саны азайды. Көзқарастары өзгерді. Кембридж бағдарламасына сәйкес курстың <<Бетпе-бет>> кезеңінде үйренген білімімен, әдіс-тәсілдерді мұғалімдерге үйретіп, өзгеріс енгізуге бет алдым.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде өзім коуч болып, алғашқы коуч сессия сабақтарымды өткіздім. Маған өте қиын болды. Қиыншылықтарды өткеру үшін интернеттен, курстастарымнан көптеген мағлұмат пен көмек алдым. Бірінші коучингте мұғалімдерге коучинг және менторинг туралы түсінік бергенде, өзіммен олардың арасындағы сенімсіздікті сейілту үшін коучингті <<Бұғы>> видеоролигінен бастадым. Яғни, ондағы мақсатым, мұғалімдерді бір жағынан осы мұғалімдік қызметтеріне тәубе ету және де фильм кейіпкерлері сияқты 19 ғасырда қалып қоймас үшін ілгері, заман талабына сай дамуымыз керектігін ұғындыру. Өйтпесек, ғылым мен техникадан бейхабар болып, әлем елдерінен <<көште>> қалып қоюымыз мүмкін. Бірінші коуч сабағым сәтті өтті деп ойлаймын, өйткені мұғалімдер өзгерістің қажет екенінен көздері жетті. Бұл мен үшін маңызды болды. Себебі, менің құрған жоспарымды іске асыруда, шешуші орын ұжымның іс-әрекеті мен ынтасы, қызығушылығына байланысты. Коучингтерді өткізу барысында мұғалімдердің көзқарастарына сәл де болса өзгеріс енгіздім деп айтуға болады. Оны мен коучингтер барсында мұғалімдердің тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен, өзара ытымақтастықта орындағандарынан көріп ой түйдім. Әр коучингтің нәтижесін көріп, қуанатын болдым. Топтарға бөлгенде бірлескен оқу талаптарын орындай отыра топтарды СТО стратегиялары мен тренингтер арқылы бөліп отырдым. Тренингтер бір жағынан тапсырмаларды орындауда жалықтырмаса, екінші жағынан сергіту сәті ретінде өте пайдалы болды. Өзара бір-бірімен сыбырласып, сабақта да қолдансақ жақсы екен деп айтып жатты. ( түрлі-түсті қағаздар, қима қағаздар, санамақ т.б.)
Бастапқы жағдайды сәйкестендіріп, саралап, мұғалімдермен сұхбаттасу нәтижелерінде мектепте бағалау жүйесінің осал тұстары анықталды. Яғни мектеп мұғалімдері бағалаудың дәстүрлі түрін ғана білетіндерін ұқтым. Сондықтан, бағалау тақырыбында коучингтер мен менторинг жүзеге асырылды. Қысқа және орта мерзімді жоспарларды жүзеге асырдым.
Бірінші коучинг сессия тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы болды. Оны желілік қоғамдастық мүшелері Жалтыр мектебінің мұғалімдері: Екінші деңгей бағдарламасының сертификат иегері, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.К.Жаныгулова, Үшінші деңгей бағдарламасының сертификат иегері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Андасова, менти, физика пәнінің мұғалімі - А.Хиватдолда. Коучинг қолайлы жағдай туғызу тренингісінен басталды, бұл тренинг коучтер басқа мектептен болған соң біздің мектеп мұғалімдері кейбірі ыңғайсызданып, кеібірі бұлар не үйретер екен деген менсінбеушілік көзқарастарын жоюға үлкен ықпал етті. Топтар арасындағы сеңді бұзды. Келесі тапсырма АКТ қолданылуымен өтті. Мұғалімдер 4 топқа бөлініп, СТО технологиясына ноутбуктен мәліметтерді оқып, постерлер жасады. Әр топтың постерлері өте мағыналы, әрі түсінікті болды. Себебі, мұғалімдердің көпшілігі СТО технологиясын тұтастай пайдаланбаса да стратегияларын біледі. Бұл жұмыс өте қызықты болды. Спикерлер тақтаға шығып қорғады. Кері байланыста мұғалімдер стикерлерге коучингтің ұнағанын, көзқарастарының өзгергенін, ұсынысқа тағы осындай коучингтер болса екен деген ой айтты.
Келесі коучингтер: <<Оқыту үшін бағалау. Оқу үшін бағалау>> және <<Өзін-өзі бағалау>> тақырыптарында өтті. Бұл тақырып мұғалімдер үшін өте қиыны, әрі қызықты мәселенің бірі болды. Бастапқыда бәрі бағалаудың не екенін білетінін айтты. Дәстүрлі 5 балдық жүйе. Одан артық не керек дегенге саяды. Коуч бағалау туралы сөз қозғап, презентацияны көрсеткенде өздерінің қателескендерін мойындады. Әсіресе, Шынар Тасболатовна -жас маманның бағалаудың ым мен ишара, қол көтеру, аяқпен тарсылдату сияқты формативті бағалаудың түрлерін естігенде таңғалдырғаны маған ұнады. Жас маман қорықпай өзінің білмегендігін мойындап, өзіне сыни көзқараста бағалағаны жақсы болды.
Келесі тапсырма критериалды бағалауды үйрету мақсатында қойдың суретін салғыздым. Мұғалімдер бар ынта, суреткерлік шеберлікпен салып, сурет салуға кірісті. Аяқтағасын бір-бірінің сурет пішіндеріне қарап сенікі кішкентай екен, арық екен, құлағын салмапсың деген сияқты кемшіліктерін айтып бағалады. Бұл қарапайым бағалау болды. Бұл әдістен мұғалімдердің бағалау критерийлерін білмейтінін көруге болады. Критериалды бағалауды нақтылай түcу үшiн мынандай cұрақтар қoйдым: Ciз cуреттi қалай бағаладыңыз? Бағалау кезiнде неге баcты назар аударардыңыз? Cуретке қандай баға қoяcыз? Постерге әр топ өзiнiң критерийлерiн құра баcтады Сонан соң, слайдпен критерийлер кестесін көрсеттім. Екі бағалауды салыстырып, бағалауда неге назар аудару керек. Мұғалімдер үшін өте қызықты болды. Себебі, бағалау оқушылар үшін сабақтағы өте маңызды. Олар әсіресе, сабақта жақсы, ынталы жұмыс істесе, әділ бағаны күтеді. Әділ бағалау үшін оқушы да, мұғалім де іс-әрекеттің бағалаудың өлшемдерін білу керек. Сол кезде мұғалім мен оқушы арасында келіспеушілік болмайды. Бағалау арқылы оқушы өзінің қаншалықты табысты білім алып жатқанын айқындай алады.
Критериалды бағалау бағалаудағы объективтілік үдерісін қалыптастырады.
Сонымен қатар, оқушының бойында сенімсіздік, абыржу, қобалжуды төмендетеді. Сабақта формативті бағалау-ең басты стимул. Ым - ишарамен бағалау өзін сыни көзбен қарап бағалап, көбірек мадақтап, оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады. Оны біз ментилер өткізген сабақтарда анық байқадық. Бірінші биология сабағында (Карипбаева Ш.Т.) тақырыбы:
<<Адам ағзасындағы ұлпалар жүйке мен бұлшық ет ұлпасы>> бағалау топтағы спикер үлкен саусақ арқылы бағалады. Бұл сабақта оқушылар саусақпен бағалауға сенімсіздікпен қарады. Бірлескен оқу ұйымдастыруда топқа сандар арқылы бөлінді. Бір топта мұғалімдердің көзқарасымен айтқанда үлгермі жақсы оқушылар, екінші топта кілең үлгерімі төмен оқушылар. Сабақтың басында топ ережесін жасады. Сабақтың басында екініші топта қобалжу боды. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды мадақтап, ынталандырып отыр жоқ. Бір оқушы сабаққа мүлде қатысқан жоқ. Әдеттегідей мұғалім оқушыларды түгел қамтыған жоқ. Екінші топ оқушылары сабаққа белсенді қатысқан. Сөздік қорлары аз, өз ойларын толық жеткізе алмады. Сонда да олар бірінші топтан қалыспаймыз деп, өздері жанталасып бір - екі сөз айтса да біршама тапсырмаларды орындады. Бағалауды да әділ жасады. Неше жыл сөйлемей отырған оқушылар топта бірлесіп жұмыс істеп, сабаққа қатысуға тырысты. Сабақтан кейін кәсіби әңгіме өткізілді. Тәлімалушыға ұсыныстар айтылды. Топта жұмыс істегенде топ ережесін сақтау керектігін айтып отыру ұсынды. Күндегілік сабағына кері байланыс жасап отыру қажеттілігі түсіндірілді.
<<Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы. Рефлекс, рефлекстік доға>>, <<Мүше-лер және мүшелер жүйесі>>, <<Адам ағзасындағы ұлпалар эпителий және дәне-кер>> тақырптарында үш сабақ жүргізді. Бұл сабақтарда оқушылар белсенділігі мен ынтымақстағы жоғарылады. Төртінші сабақта сынып оқушыларының белсенділігі артқаны байқалды. Бір-біріне көмек көрсетіп, жақын арадағы даму аймағын құруға тырысты. Сабақтарда: Блум таксономиясы бойынша <<Түймедақ>> тәсілі, СТО- <<Жанды хат>>, тақырып бойынша постер, кластер, Алты қалпақ, ментальды карта, пазлдармен топқа бөліну, синквейін, иә/жоқ тағы басқа стратегиялар тиімді пайдаланылды. Бағалауда үлкен саусақ, жетістік парағы, екі жұлдыз, бір тілек, бағалау парағы арқылы бағалау жұмыстары жүргізілді. Бастапқы сабақ пен соңғы сабақты салыстырсақ, басында өз-өздері жеке-дара жұмыс істесе, кейін топ ережелірін сақтап, бірлесіп жұмыс істейтін болды. Сабаққа көздері жанып, бар ынталалымен қатысты. Үй жұмысын ата-аналардың айтуынша, бір-бірімен телефон арқылы хабарласып, ақылдасып орындап, үй жұмысын барлығы істейтін болды. Өз іс-әрекеттеріне сыни тұрғыда қарап, бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Нашар оқитын, ұяң оқушылар да сенімсіздіктен арылып, ашыла түсті. Басында спикер болуға ұялған оқушылар, өздері таласатын болды. Себебі, тақтаға шығып өз жұмыстарының нәтижесін көруге ынталанды. Басында қолдарымен шошайтып тұрса, келесі сабақта қалам ұстап, мәдениеттілікке талпынды. Өзін-өзі бағалауды жақсы меңгерді. Бір-бірін сын көзбен қарап, әділ бағалауға тырысты. Оқыту үрдiсінде оқушылар белсендiлігі артты. Тапсырмаларды мұғалiмнің көмегiнсіз орындады. Ойлау және есте сақтау қабiлеттері артты. Мұғалім сабақтта оқушыларға сенім арттып, бағыттаушы ретінде көрінді. Сабақтарда білім сапасы артты.
Екіншы ынталы тәлімалушы қазақ тілінің мұғалімі Өкеш Маржан болды. Өз еркімен өзгеріс енгзуге келісті. Дегенмен де бастапқы қиыншылықтарды көріп, (орта мерзімді жоспар құру қиын болды) орта жолда тастап кеткісі келді. Алғашқы 9 сыныпта қазақ әдебиеті <<Қобыланды батыр>> тақырыбында сабағын өткізді. Сабақ өте баяу, оқушылар белсенділігі төмен, тақырып ауқымды болды. 9 сынып жоғары болғасын ба, сабақта ынталары болмады. Бұл сабақтан кейін мұғалім тәлімалушы болудан бас тартты. Бұл үлкен кедергі болды. Сондықтан, <<Бетпе бет>> кезеңіндегі барлық білімімді жинақтап, мұғаліммен сұхбат жүргіздім. Тәжірибені ортаңғы сыныптан бастауды ұсындым. Себебі, оларда бағдарлама сәл болса да жеңіл, талдауға ыңғайлы. Тәлімалушы ойланып, ұсынысымды қабыл алды. Әрине, бастаған істі аяғына дейін жеткізу керек. Менің ойым жас маманның ынтасын түсірмей, өзіне деген сенімзідіктен айыру болды. Үшінші айдан кейін, мектепке барғасын міндетті түрде 9 - сыныппен жұмысты жалғастырамыз. Оң нәтижеге жетеміз деген ойдамын. Маржан екінші сабағын 7-сыныппен жалғастырды. Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы <<Аягөз қайда барасың?>> өлеңі. Бұл сабақта оқушылардың ынтасы жақсы болды. Сабаққа өздері мақсат қойды. Мақсат қою дағдылары қалыптасқан. Екі топқа бөлініп жұмыс істеді. Аягөз қайда барасың?>> өлеңін әр топ <<Фиш-Боум>> әдісіне салды. Әр топ берілген тапсырманы орындап,тақтаға шығып топ басшысы қорғады. Кейбір оқушылар Ресей отаршылығы туралы әңгімелеп кетсе, бақылауға алған үш оқушымның бірі жақсы оқитын оқушым - Алмаз басты оқиға Аягөз арқылы қазақ халқының сол кездегі отарлау саясатын жүргізу арқылы қанап жатқанын жеткізді. Сабақтың түсіну кезеңінде <<Авторға сұрақ қою>> стратегиясы бойынша әр топқа сұрақ таратылады. Бұл тапсырмада оқушылар мысалмен дәлелдей отыра өз ойларын жеткізді. Шығарманың аталуында қандай сыр бар? Аягөз кімнің жері? Бүгінгі бейбіт заманда ондай адамдар бар ма? Осы тапсырмада оқушылар белсене қатысты. Өз ойларын құрған ережені сақтай отыра бір-бірлерін тыңдай жауапқа белсенді араласты. Дарынды-талантты оқушылар пікірталасуға да, басқа топтың жауабына қанағаттанбай, өз ойларын жеткізгісі де келді. Бақылауға алған жақсы оқитын оқушым-Алмаз сұрақ арқылы өзінің мысалын келтіре отыра, қазіргі заман мен өткен заманның би шонжарлары мен әкімдерін салыстыра кетті. Осы жерде оқушы басқа мәліметтерге сүйене отырып, ойын жеткізгеніне, яғни нәтижеге қол жеткізіп отырған Алмаз ойын еркін жеткізгеннен басқа, тіл байлығы біраз болса да жоғарлағаны көрінді. Оқушының осы жерде мен сыни көзқараспен қабылдап, өзінің ойы арқылы жауап қайтарғаны мені өте таң қалдырды. Топ ішінде көшбасшылық жасай отыра басқа оқушыларға әсерін тигізді. Бұл жерде сабақта қиыншылқықтар да кездесті. Сыныпта жеңілдетілген бағдарламамен оқитын екі оқушы бар. Мақсат, Кәмила олардың әрекеттерін бақылай отыра, тапсырманы жеңілдеу беруге тырысу керектігі айтылды Бұл сыныпта 4 тізбектелген сабақ жоспарланды.Әрине бірінші сабақ пен төртінші сабақтың айырмашылығы жер мен көктей. Топтар өзара бірлесе келіп әр қайсысы ойларын жеткізуге тырысты. Бақылауға алған орташа оқитын екі оқушым Мақсат пен Кәмила осы тұста белсенділітерін көрсетіп жақсы жауап беріп отырды. Кәмила өлең жолынан Исатайдың бейнесіп тауып оқып ашты. Арасындағы дарынды оқушылар да өз ойларын айтып, келіспейтін тұстарын қарсылас топқа нақты дәлелмен айтып отырды. Көсбасшылық қабілеті жақсы байқалған оқушы Алмаз құр сөзбен емес, ұтымды сөзбен айшықты ойларымен жеткізіп отырды. Сабақтың бағалау кезеңінде оқушылар өздерін <<ИНСЕРТ>>, ым-ишара, бағалау парағы, саусақпен бағалау әдістері бойынша өздерін бағалай алды. Дегенмен де алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижеге жету үшін критериалды бағалау тәсілдерін үйрену керек.
Қарап отырсам, екі тәлім алушы, екі сынып, екі түрлі көзқарас, түсінік. Бірақ екеуінде де алға даму, өзгеріске деген сенімділік бар деп ойлаймын.
Ендігі сабақтарда оқушыларға сенімділік арты маңызды деп ойлаймын. Оларды: <<Сен жасай аласың>>, <<Оқи аласың>>, <<Әлі-ақ үйреніп кетесің>>, <<Мен саған сенемін>> ынталандыру сөздерімен білім алуға ықпал ету керектігін екі тәлімалушыға кері байланыста айттым. Алдағы уақытта менторларға әлі де ментилердің сабақтарына қатысып, қарым-қатынасты жалғастыруды ұсындым. Сонымен қатар, басқада әдіс-тәсілдерді қолдануға үйретуді тапсырдым. Бұл екі сыныпта екі мұғаім емес, барлық пән мұғалімдері 7 модульді ықпалдастырып сабақ берсе, нәтиже анағұрлым жоғары болатынын ойладым. Ойымды іске асыру мақсатында 3-4 сабақтарына орыс тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғаілмдерін қаыстырдым. Ондағы ойым, олар оқушылардың өз сабақтарында әрекеті мен мына сабақтардағы әрекетін көріп салыстырса екен деген ой. Неге? Қалай? бұл сабақтарда оқиды, ал менің сабағмда неге басқаша деп ойланса екен дедім. Шынымен де мұғалімдерде қызығушылық пайда болды. Бұл әрекетімнің дұрыс болғанына қанағаттандым. Тіпті өздері де оларды үйрету жөнінде ұсыныс жасады. Алдағы уақытта желілікке қабылдап, 7 модуль бойынша коучинг өткіземін деп жоспарладым.
Енгізілген өзгерістер нәтижелі ықпал етті деуге болады. Өйткені сабақтарға қатысу барысында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлаудың әдіс - тәсілдерін тиімді қолдана бастады; оқушылардың өзін-өзі бағалау арқылы
сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы артты. Мұғалім мәліметтеуші, бақылаушы, тексеруші, қызметін тастап, керісінше бағыттаушы, ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керектігін түсінді.
Қосымша дәлелдемелер:
1. Бағалау түрлері
2.Постерлер
2.Рефлексия
Коучинг: СТО және ОүБ
Сабақтардан көрініс

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz