Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғатымыз - адамға баға жетпес байлық
Сабақтың тақырыбы: <<Табиғатты аяла, сәнің оның бағала>>
Мақсаты :
а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой - өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақал - мәтелдер .
Сабақтың барысы:
Альбина: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді 4 <<в>> - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болатын <<Табиғатты аяла,сәнін оның бағала>> атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды.
Мұхамедәлі: Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз - адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі сабағымызда табиғат анамызды қамқорлау қажеттігі туралы әңгімелейміз.
Табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Адилжан:
Туған жер - алтын бесік , асыл анам,
Ауаңмен , ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім өзің тектес
Алысқа нәсібі шашыраған.
Арлан :
Жаралған Жер - ана зыр айналып ғаламды.
Арқасына қондырып , аялаған адамды
Адам жердің етене сүйініші, тынысы
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,
Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.
Альбина: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.
Бақтыбай:
Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Мұхамедәлі: Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміңе ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Исламбек:
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Альбина: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су.
Садыр:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емеспе?!
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол - ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Мұхамедәлі: <<Жау-жау жаңбыр>> орындайтын Альбина мен Айша.
Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластану өріс алуда. Бір кездегі үлкен әрі тұнық Сырдың қазіргі кездегі халыққа айтар өкпесі де бар.
Айгүл: Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450 - ден астам жануарлар, 50 - ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200 ден астам өсімдік түрлері өседі. Өзеннің өн бойында 383 - тен астам су тартатын қондырғыштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде.
Альбина: Табиғатта <<қастерлі нүктелер>>өте көп. Соның бірі - Каспий теңізінің экологиясы.
Қарақат: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына <<Теңіз газ>> кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр , қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.
Мұхамедәлі: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
Али: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы - 64,5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.
Альбина: Көрініс <<Табиғат>> Аділжан, Айша, Айгүл,Қарақат, Арлан.
Жер - ана:
- Балалар, адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарың -
ды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.
Күн:
Нұр - сәуле шуағым,
Беретін қуатым.
Ұлы емші боламыз,
Бізден күш аласыз.
Жылытып, қыздырып,
Нұрыма жүзіңдер.
Алтындай шуағым,
Сырқатты қуамын.
Ауа:
Жер шары - ұлы әлем,
Қоршаған біздерді.
Ауадан тыныс ап
Өседі ырыс - бақ.
Денсаулық дауада,
Демге күш ауада.
Су:
Сусында әрі дем,
Біз емші бәрінен.
Жуынсаң сергітер
Су - өмір жүрегі,
Денсаулық тірегі.
Оқушы:
Уа, Жер - ана, Мөлдір су, Таза ауа, Алтын күн!
Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?
Жер - ана:
- Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу, демалу, ақыл - ойды дұрыс қалыптастыру, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.
Жаңыл:
О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым - қорғаушың болып өсемін.
Альбина: Табиғат байлығының бір тобыжер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті - жасыл әлем. Өсімдік өлкеміздә түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. <<Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын>> деген өрнекті сөз - соның айғағы.
Баянсұлу:
Ормандар, жап - жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен Орман жұп, бір ұғым,
Орманды, Отанды қорғаңдар!
Озбыр қол орманды отаса -
Отанға қастандық қылғаны.
Арлан: Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді.
Айша: Сезеді кеудесінде көзі бар жан,
Білгенге асыл тастан сезім маржан.
Қайыспас қабырғасы өзім де орман,
Құлпырып көркейе бер, жасыл орман.
Мұхамедәлі: Табиғаттың сұлу - сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі - хайуанаттар. Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.
Бақтыбай: Қызғылт бірқазан - Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енгізілген. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында бұл құстың 2000-ға жуық жұбы мекендейді.
Адилжан: Ақбас тырна - далалық өңірлерді мекендейтін құс. Олар балапандарын көбіне көлдердің маңында басып шығарады. Қазақстанның <<Қызық кітабына>> енгізілген.
Айша: Үстірт арқар - Маңғыстау тқбегіндегі таулар мен үстірттердің батыс кемерінде мекендейді.
Али: Қарақұйрық - халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енгізілген жануар.
Альбина: Ал, достар, табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Қарақат: <<Құсты атпа, құмырсқаның илеуін бұзба>>.
Айша: <<Көкті жұлма, көктей соларсың>>.
Мұхамедәлі: <<Құлан - қырдың көркі, құндыз - судың көркі>> деген мақал бар.
Құлансағым ен даланы шарлаған,
Түз аңында онан жүйрік болмаған.
Құланды айтса көкірегінде қазақтың,
Тек жүйріктік орнаған.
Альбина: Табиғаттың бар ажарын сақтап, оның құлпыра түсуіне қорған болып қамқорлық жасайтын қорықтар.
Бақтыбай: Ақсу Жабағылы қорығы. Орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан облысы (Сайрам, Түлкібас аудандары). 1926 жылы ұйымдастырылған.
Айша: қорығы. Орналасқан жері - Қызылорда облысы (Арал ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.
Адиджан: Қорғалжын қорығы. Орналасқан жері - Ақмола облысы (Қорғалжын ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.
Исламбек: Алтынемел қорығы. Орналасқан жері-Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Капшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылық негізінде 1996 жылы ұйымдастырылған.
Али: Марқакөл қорығы. Орналасқан жері - Алматы облысы (Алакөл ауданы). 1998 жылы ұйымдастырылды.
Баянсұлу: Марқакөл сол қалпыңмен пәк боларсың,
Күлерсің, мұңаярсың, шаттанарсың.
Осынау жалт - жұлт еткен келбетіңмен,
Жанымның түкпірінде сақталарсың.
Албина: <<Құстар қайтқанда>> хор.
Қорытынды:
Мұхамедәлі: Иә, достар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан да туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау, баршамыздың міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы <<Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті>> деп жазылған. Әйгілі Қорқыт атамыз: <<Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын>> деген. Бұл айналаңдағы табиғат байлықтарын аялай біл дегені. Табиғат сенің саялы бесігің, аяла,қамқорлыққа ал, қорғаныш бол, тазалығын сақта!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz