Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ соңындағы тыныштық сәті

<<Өзін-өзі тану>> сабағының жоспары
Мектеп: № 67 гимназия
Мұғалім: Мұстаяпова Гүлжайна Болатқызы
Сынып: 4 <<А>>
Тақырыбы: <<Жақсылықтан жақсылыққа>>
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, жанашырлық ұстамдылық

Сабақ мақсаты: оқушылардың <<сүйіспеншілік>>құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
oo Оқушылардағы жақсылық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
oo Оқушылардың бойындағы ұстамдылық, ойлау тереңдігін дамыту;
oo Оқушыларды мейірімділікке,жанашырлыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:(құралдар мен материалдар) Оқулық, дәптер, үнтаспа,
түрлі-түсті
карындаш.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
5.Т ережесі
1. Татулық
2. Тыныштық
3. Тәртіп
4. Тазалық
5. Талап
ІІ.Тыныштық сәті. <<<<Нұрға бөлену>>>>
(Жағымды күйге ену)
<<Нұрға бөлену>>
Балалар ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: <<Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын>>
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!

-Балалар,қандай әсерде болдыңыздар?
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 114-117 беттегі,26-сабақ К.Демешевтің <<Мөлдір бұлақ>> ертегісін оқып келу.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
-Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
-Халықтың сусыз қалуы себебі неде?
-Жалаңбас бала қандай әрекеттер жасады?
Ескерту

ІҮ. Дәйексөз.
<<Жақсылыққа жақсылық жаса>>
Халық нақылы
Балалар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтайық.
* Дәйексөздің мағынасын калай түсінесіңдер?
Дәйексөзді дәптерге жазып алыңыздар.

Ү. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы
Бұлақ сылдыры
Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді. Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес- түссіз жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте береді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам: <<Су...>>- дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.
Шал торсығын алып, жатқан адамның беті- қолын жуып, су ішкізеді. Әлгі адам есінг жиған соң, шал оның алақанына қарап: <<Сен менің жауым екенсің. Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іште, өмір сүр>>,- дейді де түйесіне мінгізіп керуеннің соңынан жіберіпті. <<Өзіңізі қайтесіз?>> десе, <<Менің демім санаулы>>,- дейді шал. Жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесесе екен дегендей ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.
Шал ақ матаға оранып, құмға жата кетеді.
Күндер, айлар өтіп керуен кері қайтады. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе, көл жиегі көкорай шалғын, қамыс екен. Кереншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды. Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні секілді.
Сұрақтар:
-Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
-Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық болып табылады?

ҮІ.Шығармашылық жұмыс.
<<Жақсылық тамшысы>> (оқушыларға алдын-ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр оқушы өзінің жасаған жақсы істері туралы жазып, тақтаға іледі.

YII.Топпен ән айту.
<<Болайықшы осындай >>
Сөзі - әні: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер-азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым-ай!

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

YIII .Үй тапсырмасы
Оқулықтағы 118-122 беттегі,27-сабақ Ә.Табылдиевтің <<Атаның өнегесі>> мәтінін оқып келу.
IX. Сабақ соңындағы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
<<Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады>>

Ұқсас жұмыстар
Кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар
Үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз
Өзін-өзі тану пәні тақырыбы: достық -татулықтан басталады
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Жалғау
Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер.
Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Сабақтың дәйексөзі
Дауысты дыбыстар
«өзін – өзі тану» пәні бойынша ересектер тобына арналған тақырыптық жоспар
Пәндер