8-сынып: М. Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің идеясы мен көркемдік-құрылымдық талдауы

- «Түркістан» өлеңінің мазмұнына талдау жасату. А . Тұран елі, жері туралы сипаттама. Ә. Тұраннан шыққан атақты адамдар жайында пікірлер.
- Поэмадағы түрік пен түркі сөздерінің мағынасын ашу.
Түрік-ұлт. Түркі-туыстас туысқан халықтар атауы.
1. Өлең тіліне талдау жасау.
Эпитет : ер түрік, асыл қан, салқын жас, ерке бұлақ, түрік көк жал, ауыр ой.
Теңеу: отты желдей, қалың өрттей, теңіздей терең, найжағайдай өте шыққан.
Метафора: аппақ шаш-қар, түрі-от.
Аллитерация: Тұранның елі шексіз, шөлі қандай,
Тұранның кемері жоқ көлі қандай?
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Метонимия: Шыңғыстың қол бастаған екі көзі-Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе
Мақалдармен үндесетін сөздер:
Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле-
Атаға тартып туған бәрі-бөрі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
- Өлең құрылысына талдау
- шумақ, 4 тармақтан, 2 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
Поэманы оқи отырып талдау, жоспар құру, әр шумаққа ат қою
1 шумақ: «Түркістан екі дүние бесігі ғой»
2- шумақ: «Тұран-ер түрік мекені»
3, 4, 5, 6-шумақ: «Тұран табиғаты»
6, 7-шумақ: «Тұранның өзен-көлдері»
8-шумақ «Тұран таулары»
9-шумақ: Қазықұрт қасиетті тау болмаса, Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?
10-шумақ: Сиқырлы сырға толы Тұран жері
11-шумақ: Тұранға құмар болған елдің бәрі.
12-шумақ: Ақынның мақтаныш сезімі
13, 14-шумақ: Хандары-ардақты азаматтары (Шыңғыс, Шыңғыстан-Шағатай, Үгедей, Жошы, Төле)
15-шумақ: Тарағайдан тараған Темір(Қолбасшы Ақсақ Темір. ХІVғ. 1395 ж. )
16, 17, 18-шумақ Данышпандары-Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.
19-шумақ Тұран-қара шаңырақ. Қара шаңыраққа түсініктеме беру.
10, 21, 22-шумақ Хандары. Хандар ұстаған жол
24-шумақ Бабаң бейті-кие, құт.
- «Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
- «Хандар-халық қалаулысы»
- «Қожа Ахмет баба-қасиетті тұлға» ойтолғау, шығарма жазу