Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Рухани адамгершілік құндылықтарды меңгерту

Ақмола облысы Степногорск қаласы
С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы
мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекхожина Жанар Еслямбековна

Рухани адамгершілік құндылықтарды меңгерту
Біздің ел бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: << Біз әрбір адамның ар - намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек. Яғни ол қоғамды құру үшін жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.Жеке тұлғаны қалыптастыратын үш негізгі факторларға тоқталғым келеді.

Жеке тұлға


Отбасы Қоғам Қоршаған орта

Біріншісі - отбасы оның ықпалы алпыс пайыз деуге болады.Екіншісі қоғам - оның ықпалы отыз пайыз. Үшінші - қоршаған орта - оның ықпалы он пайыз.
Сонымен қатар отбасының тигізетін әсерлері келесі болып табылады:
1. Отбасының мүшелерінің өзара қарым - қатынастары, бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы керек. Әке баладан анасы сыйлауын талап етеді. Ал шешесі баласын әкесін құрметтеуге, оны немен, қалай қуантуға болатынын үйретуге тырысады.
2. Ата - ананың тәрбие беру рөлі ата- ананың бала алдындағы абыройы. Егер әке үй - ішіне үнемі арсылдап, ашулана берсе, әр мардымсыз нәрсеге күндей күркіресе, орынды, орынсыз кезде сұрауға дөрекі жауап қайтарса, баланы әр үлкен, кіші міні үнемі жазалап отырса - бұл ықтыру абыройы. Бұл әке -террор. Ол ештеңені де тәрбиелемейді, ол тек балаларының өтірікші, жасқаншақ, қорқақ болуын молайтады, бала қатал, қайырымсыз болып өседі.
Мейірімділік абыройы - әке мен шешесі балаларына мейірімді періште
сияқтанады, олар бәріне рұқсат етеді, аяры жоқ, сарандық істемейді. Олар
тамаша ата - аналар, ал ата- анасының көлденең тұрмауы - балалардың
тілектеріне, қиянқылығына, жоқтан өзгені талап етулеріне жолды кең ашып береді.
Паралы абырой- балаға сыйлық беру немесе уәде беру арқылы тіл алдыру.
Сонымен, мұндай абыройлардың ешқайсысы да жақсылық әкелмейтіні белгілі болды.
Тәрбиелеу құпияларының бірі мынада: Баланың жағымды қылығын оятып, дамытып отыру керек те, жағымсыз қылықтарын мүлде оятпау, ал ондай қылықтары көріне қалса, сол сәтте тиып тастау немесе өз еркіңе бағындырып алу керек.
Нағыз абырой - өзіңіздің азаматтық қайраткерлігіңізге, азаматтық сезіміңізге, балалар өмірін білетіңізге, оған көрсетіп отыратын көмегіңізге және тәрбие жұмысына жауапты екендігіңізге негізделеді.
3.Өз халқының нағыз азаматын тәрбиелеуде ата - ананың міндеті ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяндық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіріп келеді. Өз ұлтымыздың әдебиетімен, мәдениетімен, салт - дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.
Қоршаған ортаның әсері баланың қаншалықта ата- анасының тәрбиесін нығыз алған бала бірден көшедегі іс - әрекеттерді өз бойына сініруі екіталай. Егер жас ағаштың жіп - жіңішке бұтағына торғай отырса, бұтақ өзінің өсу бағытын өзгертеді.Бала да сол сияқты, ол да өз жан дүниесінің даму бағытын өзгерте салуы үшін онша көп нәрсе керек емес.
4.Бала дүниеге келгеннен бастап ата - анасының оны киіндіріп, ішіндіріп, өмірге қажетті жағдайын жасау борышы.
Жаратылыстың барлығы екі қарама -- қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Ал адам бойындағы қасиеттер рухтан туындайды. Рухтың мекені -- адамның жүрегі.
Рухани бай адам -- ең алдымен әділ, шыншыл, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Рухани дамыту дегеніміз-өзінің өмірден орнын, жауапкершілігін түсініп өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың нeгiзi болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру. Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе-оқушылардың тұлға аралық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелгін, сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесіндегі баланын өз өміршден елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы тісінуіне баулу көзделеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі ойындар жургізу, әңгіме өткізу, түрлі әңгімелер құрастыру, көрген фильмдері талдау арқылы іскe асыруға болады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе-баланы құрметтеу.Әрбір жасөспірім өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігімен білім алуға ұмтылуы қажет екендігіне түсінуі тиіс.
Адамгершілік тәрбиесі-бұл тәрбиелеушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ыкпал ету.
Қaзipгi мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Егеменді ел болғаннан бepi жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа, саналылықпен, жауапкершілік, көздеген мақсатқа жету, кісілігін қадір-қасиетін сақтау, сенімділік жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіруі онын өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне үлкен ықпал тигізеді. Жасөспірімділердің жеке басының даралық ерекшеліктеріне-мінез жатады. Мінез дегеніміз-адамның өзіндік бағыт-бағдарының жан-дүниесінің ерекшелігің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойында имандылық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Басқаларға қамқорлық, қадірлеу, жауапкершілік пен адалдық -мінез сапасының нeгiзгi бiтicтepi.
Казақ халқы- рухани зор байлыктың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздын күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үнi, асқақтата салған әсем ән, ғашықтық жырлары, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпагын <<сегіз қырлы, бір сырлы>> өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келген тарихи шындық. Олай болса, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылқ, кішіпейілдік, әдептілік, елін-жерін, Отансүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңдіруге осы ата-бабамыздың салт-дәстурі басты фактор болып табылады. Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен ic бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие iciнeн шет қалмай белсене араласуына адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла ic-icтeyiнe тікелей байланысты.
Ол жөнінде Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заң жобасының 35-бабында: <<Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы олардың денсаулықтарың рухани әpi дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершлік жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті>> делінген. Шындығында адамгершілік-мінез негіздерінің астарында жалпыадамдық пен ұлттық құндылықтар бipiгiп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгіліл. Ceбeбi, жеке адамнын ойлау қабілетінін өсірмей немесе оның рухани дүниесін байытпай тұрып, саяси- экономиялық және мәдени салаларға міндеттердің орындауға және тәуелсіздік идеологиясын қалыштастыруға болмайды.
Казіргі кезенде қоғам мен мемлекет өзін таныған, Отансүйгіштік түсінігі мол, ұлтын сүйетін қоғамдық еңбегі мен кәciбi, дағдысы, іскерлік негіздері қалыптасқан рухани сау, табиғи мықты, жалпыадамдық және ұлттың мінез-құлық нормаларын icкe асыра білетін, рухани жағынан жетілген жан-жақты адамды тәрбиелеп, кәмелетке жетгізуге өте мүдделі.
Қорыта келе айтатыным, дұрыс ұйымдастырылған тапсырмалар жүйесі оқушының жауапкершілігі мен белсенділігін арттырып, өз еңбегінің нәтижесінің өзi үшін ғана емес, өзге үшін де бағалылығын түсінуіне мүмкіндік береді. Ал бұл жұмыс ата-анамен бала, мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік пен іскерлік негізінде құрылған қарым -- қатынасты қажет етеді.

Ұқсас жұмыстар
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
Өзін-өзі тану - өмір тану
Менің курстан алған әсерім
Студенттерге рухани адамгершілік білім беру
ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ
Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани - адамгершілік мәселелері
Ізгілік педагогикасының идеясы
Пәндер