Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Тақырыбы: Тәуелсіздік - тұғырым.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының әнұраны.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Оқушылардың сөзі
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда <<Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған>>, <<Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын>>, <<Тәуелсіздік керек>>,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға <<Бұзақылар>>, <<Ұлтшылдар>>, <<Нашақорлар>>,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
1-оқушы
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
4-оқушы
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
5-оқушы
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл
ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .
7-оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8-оқушы
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9-оқушы
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
10-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке <<Халық қаһарманы>> атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен <<Алтын жұлдыз>> тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға <<Желтоқсан қаһарманы>> атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
11-оқушы
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада - Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Осылайша игі істердің жалғасы көбейе берді.
12-оқушы
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
15-оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
17 оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
18 оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Мұғалім сөзі
-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде <<Тәуелсіздік таңы>> атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz