Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сайрам қаласы

\s
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің <<Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты>>
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Наубетов С.
Қисынды ойлау мен сөйлеу арқылы шығармашылық
қабілетті дамыту
11-13 жастағы балалар үшін
ойын,оқыту,дамыту сабақтары.

Пікір бергендер:
1.Утепқалиев Серік- Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты
2.Капизов Салауат- Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 3.Қапарұлы Аманкелді- жоғары санатты физика пәні мұғалімі,
Ы.Алтынсарин төсбелгісінң иегері

Ұсынылып отырған дамыту сабақтары 6 сынып
сағаттарында,сыныптан тыс
жұмыстарда,шығармашылық қабілетті дамытуға
арналған. Факультатив сабақтарда,физиканы
тереңдете оқытуға дайындық сыныптарында
қолдану үшін өте қолайлы материалдар бар.
Еңбек мектеп психологтарына,студенттерге,мектеп
мұғалімдеріне арналған.

Мазмұны
Алғы сөз......................................................................5
Білім күнімен..............................................................7
Қазақстанның байырғы қалалары........................... 11
Бас қатырғы................................................................15
Мүмкін емес................................................................19
Экзотикалық жануарлар............................................22
Бұлт неге қашты?.......................................................28
Сөздермен ойын.........................................................33
Викториналық сұрақтар........................................... 36
Сандармен ойын.........................................................40
Алтын сақа..................................................................42
Математикалық почта................................................46
<<Қыс>> туралы не білеміз?...........................................50
Жұмбақ дүңгіршек......................................................55
Анама арналған гүл.....................................................60
Зияткерлер саябағы......................................................64
Кім тапқыр?..................................................................72
Дыбыс......................................................................... 76
Қысым........................................................................ .87
Жарық...........................................................................91
Салмақ..........................................................................94
Тығыздық.....................................................................97
<<Күш>> ұғымы.............................................................100
Кері итеруші күш.......................................................105
Ауа ағыны...................................................................107
<<Қозғалыс>> деген не?.................................................110
<<Жылу>> ұғымын білесің бе?......................................116
<<Жұмыс>> туралы не білеміз?.....................................123
Электр..........................................................................128
Магнит.........................................................................132
Ғарыш...........................................................................135
Жәй механизмдер .......................................................141
.
Ауа райы қандай?.........................................................142
Орман патшалығында..................................................146
Мамыр жетілігі..............................................................153
Қосымша материалдар.................................................160

Алғы сөз
<<Қисынды ойлау, сөйлеу,шығармашылық қабілет,Физика>> әдістемелік нұсқаулығын 6 сыныпта <<Физика>> пәніне дайындық, қосымша факультатив сабақ ретінде жүргізу үшін қолдануға болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,олардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған.Кейбір сабақтар ойын түрінде берілген.Сонымен қатар басқа да пәндерден оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған сабақтар, жаттығулар бар.Ойын сабақ ортаңғы буын оқушыларының қисынды ойлауын, білуге деген құштарлығын оятады.Ойнау арқылы құбылыстарды, өтілетін материалды есте жақсы сақтайды.Бұл еңбектегі негізгі материалдарды меңгеруде оқушылар есте сақтап қана қоймай құбылыс құпиясын,жұмбақ,мақал-мәтелдер мәнін, мағынасын өздері шешіп салыстыра алады. Жеке тұлғаның салыстыру,талдау, жалпылау,негіздеу,нақтылау қасиеттері дамып, есте сақтауы, көңіл қоюы, елестетуі, құрастырушылық қабілеті,қисынды ойлауы,кеңістікті бағдарлай алуы,әртістік шеберлігі,сөйлей білу қабілеті,сөздік қоры артады.
Сабақтарда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді шешіп олардың мағынасын айту арқылы ұлттық салт дәстүрлер рухында тәрбиелеуге қол жеткізіледі. <<Шығармашылық қабілетті дамыту>> курсы 34 оқу сағатынан тұрады.(Аптаға1 - сағат).
Сабақ ұзақтығы 45 минөт.
Жинаққа 34 сабақ енгізілді.Сонымен қатар логикалық жаттығулар,ойындар ұсынылып,Танграммен жұмыс жасауды үйрету,кейбір пішіндерді тор көзде бейнелей алуға, сөздердің, сандардың орналасу ретіне қарай шешуді үйрету жөнінде дайындық сабақтарын қосуға болады. Сабақтарды өткізуге оқушылар үшін торкөз дәптер,қаламсап, бояу қарындаштар, <<Танграм>> басқатырғышы кейбір сабақтарға қажетті физикалық құралдар,т.б. материалдар болуы керек.
Анықтама: <<Танграм>> басқатырғышы әлемде жиі қолданылатын басқатырғы.Ол осыдан 3000 жылдай бұрын Қытайда пайда болған. Шаршының 7 бөлікке бөлінген пішіндерін пайдалана отырып адамның,жануарлардың ,әр түрлі заттардың бейнесін құрастыруға арналған. Танграмнан құрастыруға болатын пішін үлгілері.Басқа үлгілер интерактивті тақтаның қорында бар.

Білім күнімен!
Мақсаты: Жеке тұлғаның ойлау, сөйлеу қабілетін, елестетуін дамытып,мектепке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: <<Мектебім>> әнінің мәтіні,гүл суреті, тор көз дәптер,қаламсап, бояу қарындаштар.
Сабақ жүрісі
Мұғалім:-Балалар! 1-қыркүйек білім күні,сендер үшін жаңа оқу жылы басталды.Бәріне де таңырқай қарайтын мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларындай емессіңдер.Алайда бұл күн сендер үшін жан дүниелеріңді толқытатын бақытты күн.Жазғы демалыс кездерінде алған қызықты әсерлеріңді сыныптастарыңмен бөлісуге алғаш қауышып жатырсыңдар.Ендігі жерде қиын да, қызықты ұзақ БІЛІМ еліне саяхатқа аттанасыңдар.Осы оқу жылының жарқын да толыққанды қызықты, немесе сүреңкі,әсерсіз, көңілсіз өтуі өздеріңе байланысты.Жыл бойы өздеріңді оқуға,білуге бейімдеулеріңе, ынталарыңа, табандылықтарыңа байланысты.Сондықтан мен сендерге осы жолда сәттілік тілеймін.
-Осы оқу жылын <<Мектебім>> әнімен бастауды ұсынамын. (Балаларға әннің мәтінін жететіндей етіп үлестіруге немесе интерактивті тақтада көрсетуге болады.Сазы музыкалық аспаппен сүйемелденеді).
-Мектепке қатысты мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды кім айтады?
Бой сергіту
1.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі барда, қолы жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.(Кітап)
2.Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (Оқу)
3.Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.(Сағат)
4.Тілі былдыр,үні сылдыр.(Жаңбыр)
5.Үйде тұр бір жұлдыз
Ол бар да түн күндіз.(Электр шамы)
6.Маржандарым тағылды,
Таң атқанша ағылды.(Шық)
7.Бар бір өңеш үйімде,
Құйғаным сол күйінде.
Ыстығымды суытпайды,
Салқынымды ысытпайды.(Термос)
8.Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.(Мұз)
9.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.(Электр тогы)
10.Жалғыз бағыт білері,бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,бірақ өзі көрмейді.(Құлабыз)
11.Көкке қараған, жұлдыз санаған.(Телескоп)
Мұғалім.Жазғы демалыс кезінде өздеріңнің білім қорларыңды жоғалтып алмаған боларсыңдар деп ойлаймын.Қазір мен сендерге әзіл тестілерді әр түрлі пәндер бойынша беремін .
1.Тест.Математика
1. 1 қыркүйек күні сыныптағы балалармен танысу кезінде Раушан апайларың бес Динараны,үш Арманды көрді.Әсеттер Динаралар мен Армандар санынан 2 есе көп,қалғандары Іңкәрлар.Егер сыныптағы барлық оқушы отыз болса,Іңкәрлар саны қанша?(6)
2.Келесі қандай сан? 4,7,9,11,14,15,19,____,___.
2.Тест. Сөйлем жалғау
Мұғалім.Кезекпен, біреуің мына қанатты мақал-мәтелдердің басын оқисыңдар,қалғанымыз оны жалғастырамыз.
1).Өнерлі өрге..................................(жүзеді)
2).Қына тасқа бітеді,.......................(білім басқа бітеді)
3).Оқусыз білім жоқ,.......................(Білімсіз күнің жоқ)
4).Бар барын жейді,.......................(Ұятсыз арын жейді)
5).Балапан ұяда не көрсе,..............(Ұшқанда соны алады)
6).Өлімнен......................................(Ұят күшті)
7).Әдепті бала арлы бала,.............(Әдепсіз бала сорлы бала)
8).Досы көпті жау алмайды,..........,(Ақылы көпті дау алмайды)
9).Сөз сүйектен өтеді,.............................(Таяқ еттен өтеді).
Оқушылар әрбір қанатты сөздердің мағынасын айтып түсіндірулері керек,соңынан мұғалім қорытындылайды.

3.Тест. Әдебиет
Мақал - мәтелдердің орындары ауысып кеткен(Слайдпен немесе интерактивті тақтамен көрсету)
1.Өжет адам ...... Нар көтереді.
2.Ер жігіттің екі сөйлегені............. Сынғаны.
3.Еменнің иілгені.......... Өлгені.
4.Ердің атын............. Алдырар.
5.Айласыз батыр............. Өлімді жеңеді.
6.Жүк ауырын.............. Еңбек шығарады.
Мұнда да әрбір қанатты сөздердің мағынасын айтып түсіндірулері керек,соңынан мұғалім қорытындылайды.
4.Тест. Сурет салу
Торкөз дәптерге мына гулдің суретін салыңдар да оған ат қойып, бояңдар.
Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды..
Мұғалім.Осы гүлді Білім күні кімге сыйлар едіңдер?
Сабақ аяқталды.Үйден әр оқушы 2 мақал - мәтел дайындап, оның мазмұнын айтып беруге дайындалулары керек.

Қазақстанның байырғы қалалары
Мақсаты:Жеке тұлғалардың Қазақстанның бұрынғы қалалары туралы білуін,ойлауын,елестетуін,көру есін,көңіл қоюын тәрбиелеп,әртістікке баулу.
Керекті құралдар:Қазақстан қалалары жазылған әр оқушыға біреуден берілетін кесте,саяхат картасы(Қазақстан),көгершін суреті(әр оқушы үшін),тор көз дәптер,қаламсап, бояу қарындаштар.
Сабақ жүрісі
Балалар Қазақстанның бұрынғы қалалары ұғымы астарында ескі қалаларға саяхат сапарлары жатыр.Ескі қалалар өзінің тарихы мен тағдырымен ерекшеленеді.Осы жерлерді біздің ата бабаларымыз ертеден бастап қоныстана бастаған.Аттың жалы мен атанның қомында өсіп, бір жерде қоныстанып, екінші жерге жайлаған ата-бабалар осындай ұлан ғайыр өлкені бізге аманаттап тастады. Осы жерді қорғау үшін қала бекіністері де салынған. Жаугершілік заманда көптеген тарихи ескерткіштер қирады.Кейбіреулері жөндеушілердің қолымен қайтадан қалпына келтірілді
. Мұғалім: Қазақстанның бұрынғы қалалары жасырылған төмендегі кестені қолдарыңа ала отырып олардан тауып тақтаға жазайық.
О
w
Т
Ы
S
Р
r
А
j
Р
С
l
Ы
Z
S
Ғ
U
А
m
Н
e
А
Z
Қ
С
N
А
Р
Q
А
Й
g
Ш
Ы
J
Қ
w
Т
А
Y
Р
А
R
З
Ш
t
А
М
b
Я
h
С
С
t
Ы

m
Т
S
Ү
Р
t
К
І
q
С
Т
V
А
S
Q
U
Н
N
Б
А
F
Л
P
А
Y
С
X
А
B
Ғ
N
Ұ
Н
R
С
О
P
З
Y
А
і
Қ
y
С
e
У
Я
q
Б
v
С
А
t
У
G
l
Р
L
А
N
Н
m
N
U
Тақтаға жазылған қалаларды көре,дауыстап оқи отырып (1-минөт),алынып тасталған соң дәптерлеріне есте сақтағандары бойынша әр оқушы іштей өз бетімен жазады.
Мұғалім:Есте сақтау не үшін керек?Ол әрбір адамның шығармашылық қабілетін дамыту үшін қажет.Шығармашылық дегеніміз шынайы бұрын болмаған нәрсені құру,ойлап табу,іске асыру.Дамыған шығармашылық қабілеті бар адам өзінің жүрегі қалаған нәрсені оңай табады .Ол үшін өмір әрқашанда сүреңсіз болмайды.Оның әр күні жарқырап тұрады.Шығармашылық қабілетті адам болу үшін үнемі көңіл аударуды,есті,ойлауды,елестету мен сөйлеуді әр түрлі әдіс- тәсілдермен жаттықтырып машықтану керек.Бүгін міне мен сендерге Қазақстанның бұрынғы қалалары бойынша саяхат сапарды ұсынамын.(Қазақстан қалалары бейнеленген карта ұсынылады).
Әр қалаға саяхат белгілі бір шығармашылық тапсырманы орындаумен ұштастырылады.
Отырар қаласы
Отырар қаласы Қызылорда облысы Қызылқұм ауданының орталығы Шәуілдір селосы маңында болған.Фараб деген де атауы болған.Қазақстанның орта ғасырлық үлкен қалаларының бірі.т.б қысқаша мағлұмат беріліп картадағы орыны көрсетілген соң төмендегі тапсырма ұсынылады. Тапсырма:Көбейту кестесін пайдалана отырып мақал-мәтелдерді шешу,(Интерактивті тақта)
Мақал-мәтел: 4, 18, 12, 14, 21
9, 18, 15, 18, 8
9, 5, 15, 14, 7.

Кілт:

4
7
9
5
1
К
Ы
Б
Ұ
2
М
А
І

3
Т
П
Ғ
Л
(Кітап білім бұлағы)
Мұғалім.Мақал-мәтел мазмұнын түсіндіріңдер.
Сығанақ қаласы
Сығанақ қаласы 12 ғасырда Қыпшақ мемлекеті бірлестігінің орталығы болды. Қазір ол жерде Сунақата елді мекені бар.т.б. қысқаша мағлұмат беріліп картадағы орыны көрсетілген соң төмендегі тапсырма ұсынылады. Тапсырма:Дәптерге торкөз бойынша көгершін суретін салу,жетпейтін нәрсені қосу,бояу,Әр балаға көгершін суреті үлестіріледі.Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасаған соң,тексеріп алған әсерлерін баяндайды.
Сарайшық қаласы
Сарайшық орта ғасырда Ұлы жібек жолы бойында Жайық өзенінің оң жағасында салынған көне қала болды.1580 жылы Дон,Еділ казактарының тағылық шабуылы нәтижесінде күлге айналып қирады.Қазір ол жерде Сарайшық елді мекені бар.т.б. қысқаша мағлұмат беріліп картадағы орыны көрсетілген соң төмендегі ойын ұсынылады.

<<Ол кім? Бұл не?>> ойыны
Бұл ойында <<аурухана>> тақырыбы бойынша жұмбақтар беріледі.
1.Жіңішке,темір,үшкір.................................. (Ине)
2.Крахмалданған,ақ,ұзын.............................. (Халат)
3.Әйнек,жіңішке,салқын.............................. (Градусник)
4.Оралған,залалсыздандырылған,ақ.............. (Бинт)
5.Шыдатпайтын,кенеттен болатын,жанға
бататын......(Ауру)
6.Ауруды басатын,тыныштандыратын........... (Дәрі)
7.Жауапты,ең басты,байыпты....... (Дәрігер)
Тараз қаласы
Тараз қаласы туралы дерек Византия елшісі Зимарх хабарнамасында айтылады,ал 630 жылы Сюань-Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады.Қала Аргу-Талас,Алтын Аргу-Таласулуш,Жамбыл деп те аталды.Қала 6-9 ғасырларда қарлұқтар қарамағында болды.т.б. қысқаша мағлұмат беріліп картадағы орыны көрсетілген соң төмендегі тапсырма ұсынылады.
Тапсырма:Интерактивті тақтаға төмендегі суреттерді салып көрсетіп есте сақтауға ұсыну.
Ескерту:Суреттерді көрсетіп есте сақтауға 15-20 секунд уақыт беріледі.
1-сурет.

2-сурет.

Сайрам қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам селосы аумағындағы орта ғасырлық қала.Исфиджаб деп те аталған. т.б. қысқаша мағлұмат беріліп картадағы орыны көрсетілген соң төмендегі тапсырма ұсынылады.
Тапсырма:Қимыл қозғалыс,мимика арқылы шығармашыл тұлғаны бейнелеп көрсету.
-Жазушыны.
-Суретшіні.
-Шаштаразды.
-Суретке түсірушіні.
-Театр әртісін.
-Мүсіншіні.
-Жүргізушіні.
Мұғалім: Сабақ аяқталды. Алған әсерлерің туралы баяндаңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері
Арабтар мен қытайлар арасында
Сауран қаласы
Xv-xvii ғ. қазақ хандығы қайталау сабағы
Ислам дініне дейінгі діни нанымдар
Суяб қаласы
Ғылым мен білімнің дамуы туралы
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы
Гипсті сумен
Бұхар әскерлері
Пәндер