Қазақ қызы - инабатты ару қыз

«Ата дәстүр - асыл қазына»

«Тұрмысына қарап, мәдениетін білемін,

мәдениетіне қарап, халқын түсінемін»

Шоқан Уәлиханов.

Қазақ халқы - салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр - ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Халқымыздың барлық әдет-ғұрпы, дәстүрі отбасынан басталады деп жатамыз. Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз. Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе. Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі - түрлі от шашулар шашып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурызда да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс, құт, несібе жасау, бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп арман - тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Оқушылардың бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын.

Мәселен, 22 Наурыз «Ұлыстың Ұлы» күніне арналған гимназияда аға тәлімгер Арай Сержановнаның және «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Гимназия аруы-2017» 9-10 сынып қыздарының арасында байқау өтті. Бұл сайысқа гимназия оқушылары ерекше мұқияттықпен қарады. Себебі қазіргі таңда салт-дастүрімізді, салт- санамызды, ырым мен тыйымдарды, т. б. жандандыру мақсатта ұйымдастырылып отыр. Яғни мақсаты:

  • Арулардың қазақ қызына тән ибалық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау;
  • Арулардың өнеріне баға беру:
  • Ұлттық құндылығымызды салт-дәстүрімізді жастар арасында насихаттау;

Сайыс жалпы 5 кезеңнен тұрды:

І. «Мен -қазақ қызымын» таныстыру сайысы

ІІ. Бейнефильм сайысы

ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» сайысы

ІҮ. «Халқы мықтының - салты мықты» сайысы:

1) . Сайыстың шарттары: салт- дәстүр және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру қажет.

Ү. «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы.

  • 1) Киім үлгісін көрсету;
  • 2) Шаш өру үлгісін көрсету

Байқау кезеңінің бір бөлігінде «Халқы мықтының - салты мықты» атты дәстүрге арналды. Осы кезең арқылы қазіргі оқушылардың яғни келешек біздің жас ұрпақтардың асыл қазынамыз салт-дәстүр ұмыт қалмағаны туралы білімін тексеру және оларға қосымша мәлімет беру. Қатысушыларды арнайы әділқазылар алқасы бағалады.

Сіздерге «Халқы мықтының - салты мықты» сайысының сұрақтарын ұсынсам деймін, себебі бұл сұрақ арқылы көптеген оқушылар, ата- аналар, қонақтар мұндайда салт- сана бар екен ғой, осындай ұғым береді екен -ау деп, таңырқап қалғандары да болды.

Олар: «Қонақтардың қарыз-парыздары, қонақтарды қарсы алу рәсімі, дастарханға отыру мәдениеті»; «Ет асату дағдысы, төрт сияқты бір жолда асуды шектеу ырымы, түзде азықтану салты»; «Қонақтарға мал сою, қонақасы беру салты, түстік беру»; « Тұсау кесу»; «Құрмет және аяушылық тәрбиесі»; «Қонаққа бас тарту, балаларға көз, тіл, таңдай беру»; «Баланың ата ана алдындағы қарыз -парызы»; «Өзін-өзі тегеп, тектеп отырғанға тәрбиелеу»; «Қыздарды құрметтеу және аналарды аялау»; «Дастархан тәрбиесі»; «Сыпайы және көркем сөйлеу мәдениеті»; «Аман-сәлем тәрбиесі»; «Көрген астан бермеуді - көргенсіздік» санау, дәм тұзды қадірлеу салты, аруақты үйлерден дәм тарту» салтының түсініктері сұралды. Сайысқа 9 қатысушы қатысты. Әрине, қазақ қыздарына тән қасиеттері, инабатты, көркіне ақылы сай қыздарымыз салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтардың барлығынада жауап берді, толық жауап болмағндарға әділқазылар алқасы сұрақтың мәнін ашып, толықтыра түсіндірді.

Сөйте келе, сайыстың жеңімпазы 10 «Б» сынып оқушысы Тұрсынғалиева Аружан аруымыз өзінінің қазақ қызына тән қылығыменен, инабаттылығыменен, бала кезінен қазақтың салт-cанасы, салт- дәстүрімен, ырымдарымен тәрбиеленіп келгенін дәлелдеп, бәрінен де оза түсті.

Мұнымен не айтықым келеді, яғни әр нәрсенің бастауы болады. Араға сан жылдарды сала келе, қоғам алмасып, адамдардың санасы өзгерген тұста, кейбір нәрселер де өзінің ізін жасырып қалатын сияқты. Сол себепті де, келешек жас ұрпақтың санасына, бойына ата-дәстүріміздің тарихын сіңдіру, жадына қалдыру, сақтап қалу ол- яғни сіз бен біздің парызымыз.

Семей қаласы.,

№37 гимназия

аға тәлімгер және

тарих пәні мұғалімі

А. С. Шакарова

Келісемін: Бекітемін:

гимназия директорының тәрбие гимназия директоры

жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Д. Стамбеков

Ш. А. Турсумбаева

«Гимназия аруы-2017» гимназияішілік байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты:

  • Арулардың қазақ қызына тән ибалық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау;
  • Арулардың өнеріне баға беру:
  • Ұлттық құндылығымызды жастар арасында насихаттау;

Байқауға қатысатындар: Гимназиямыздың жоғарғы сынып оқушылары (9-10 сынып) .

Ұйымдастырушылар:

  • «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы;
  • Аға тәлімгер А. С. Шакарова

Конкурстар:

  • Байқауға тіркеу уақыты: 01. 03. 2017ж. сағат: 13. 00
  • Өтетін орны: гимназия жиын залы

І. «Мен -қазақ қызымын» таныстыру сайысы (3 минут)

Сайыс шарты: қатысушы еркіне қарай өзін-өзі таныстыр. (көркем сөз, өлең, көрініс)

ІІ. Бейнефильм сайысы:

  1. Сайыстың шарттары: бір күндік өмірін бейнефильмде көрсету.

Ескерту: Бейнефильмді ұйымдастырушыларға алдын-ала тапсыру қажет. (316 каб. тәлімгер)

ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» сайысы (3 минут) .

Сайыс шарты: қыз сыны байқауына қатысатын арулардың дарыны мен ұштасқан өнерлерін көрсету. Қабілеті, дарыны мен икемділігіне байланысты барлық қатысушылар алдын-ала дайындаған «Қара жорға» биіне флешмоб билеу келетін, өнерлерін ортаға салу.

  1. Қара жорға флешмоб;
  2. Үй жұмысы: ою-өрнек оюып келу.

ІҮ. «Білгенге маржан» сайысы:

1) . Сайыстың шарттары: салт - дәстүр және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру қажет.

Ү. «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы.

Сайыстың міндеті:

1) . Сайысқа қатысушы қыздар ұлттық киім үлгілерін қазіргі заманға сай шеберлікпен танытып, қиялының ұшқырлығын көрсету.

2) . Қыздарды сәндік үлгілерін сахнада көрсету өнеріне машықтандыру.

Сайыстың шарты:

  1. Киім үлгісін көрсету;
  2. Шаш өру үлгісін көрсету

Сайысқа жарнаақы: 300 теңге. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен сыйлық беріледі.

1-Жүргізуші : Ассалаумағалейкум қазақ елі. Гимназиямыздағы биылғы жылдың басты жаңалығына айналып отырған Гимназия аруы-2017 байқауы.

2-Жүргізуші :Олай болса керекмет шоудың кәуіргі болайық. Сіздермен бірге 9-10 сынып оқушылары және 9 үміткер.

1-Жүргізуші: Иә иә деші маған

2- Жүргізуші: Иә Иә Нұрсултан

1- Жүргізуші: Мен сені есіме алам

2-Жүргізуші: Маған керек бір сұлтан

1-Жүргізуші: Қазағымның қыздарымен бақыттымын мен бірге

2-Жүргізуші: Сол қыздардың біреуімен жүргізейік кел бірге.

1-Жүргізуші: Асалаумағалейкум қазақ елі, көктемнің жылы лебі отанымызға береке бірлік, татулық пен тыныштық, табыс пен молшылық алып келсін.

2-Жүргізуші: Бүгінгі әдемі кеште сіздермен бірге болатын, осы байқаудан өзіме қыз таппай қоймаймын дейтін Нұрсултан Ерутулеков.

1 - Жүргізуші: қойсаңшы Еркежан бұндай ақпарат саған қайдан келіп түскен, олай болса менде сені таныстырайын. Гимназиямыздың Ұланбасы және тұрақты жүргізушісі Бейсембаева Еркежан.

2-Жүргізуші: Нұрсултан сен мүлдем үндемей тұрған кезде мына жерде шешімді туғаға емес, иманға қабылдайтын әділқазылар алқасымен танысайық.

1 - Жүргізуші: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шынар Ахатқызы

2-Жүргізуші: Сыр мен сымбат клубының жетекшісі Салима Оразкеновна

1 - Жүргізуші: Технология пәнінің мұғалімі Жанат Ариновна

2-Жүргізуші: Тарих пәнінің мұғалімі Еңлік Егіспековна

1 - Жүргізуші: Гимназия психологы Мейіржан Жанарбекұлы

2-Жүргізуші: сайыстың шарттарымен таныстырсақ:

І. «Мен -қазақ қызымын» таныстыру сайысы (3 минут)

ІІ. Бейнефильм сайысы:

ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» сайысы (3 минут) .

  1. Қара жорға флешмоб;
  2. Үй жұмысы: ою-өрнек оюып келу.

ІҮ. «Білгенге маржан» сайысы:

Ү. «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы.

  1. Киім үлгісін көрсету;
  2. Шаш өру үлгісін көрсету

1-Жүргізуші: Еркежан менде бір мүмкіндік болса сол тәжді озіңе ақ табыстар ем.

2-Жүргізуші: көр рахмет Нұрсұлтан, бірақ сен қазір бұл ойыңнан айнып қаласың,

1 - жүргізуші :
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
2 - жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

1-Жүргізуші: Иә, бүгін жылына бір келетін, тағатсыздана күткен Гимназия аруы-2017 байқауының кім болады екен?

2-Жүргізуші: Нұрсултан Не болды тәжді киіп үйге қайта берейінбе?

Жүргізуші: Еркежан мына жақта бағана қыздар шықтыда ойға батып кетіппін, негізі өз өзіме бағынбай тұрмын да артық сөйлеп қойдым ба деп ойлап отырмын.

Жүргізуші: сынға түсетін бұрымдылар да төрешілер де белгілі болды.

Жүргізуші: Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. - дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Мен қазақ қызымын» таныстыру бойынша және арттарындағы бейнерөликке де мән беріп бағалап, аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 2 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 3 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 4 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 5 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 6 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 7 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 8 аруымыз Қарсы алыңыздар

№ 9 аруымыз Қарсы алыңыздар

2 - жүргізуші
ІІІ бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» сайысы
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

1 - жүргізуші « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
1 - жүргізуші Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.

Ән:

1 - жүргізуші
IV бөлім «Білгенге маржан»
Бұл бөлімде аруларымызға сұрақ қою арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

Ән:

2 - жүргізуші V бөлім: «Сән үлгісі» «Қыздарға әсемдік жарасады» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: Ү кезеңнің ІІ бөлімі Шаш өру үлгісі . Қатысушылар өздері ұзын шашты қызға шаш өрімінің түрін көрсетеді. (3 минут) .

1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті - ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер ! Бүгінгі Гимназия аруы-2017 байқауы. байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

«Гимназия аруы-2017» гимназияішілік байқауының бағалау парағы

Ең жоғарғы ұпай: 5 ұпай

Әділқазылар алқасы:

Төраға: Турсумбаева Ш. А.

Баянова Е. Е.

Таласбаева С. О.

Жырғаланова Ж. А.

Амангелді М. Ж.

Мазмұны

9 А

Жумабекова Айдана

9 Ә

Төлегенова Айдана

9 Б

Мухамеджанова Адель

9 В

Елекбаева Амина

9 Г

Ашимханова Зере

10 А

Жангазина Айгерім

10 Ә

Мукашева бақыт

10 Б

Турсынгалиева Аружан

10 В

Казбекова Акерке

ЖАЛПЫ ҰПАЙ
№: 1
Мазмұны: «Мен -қазақ қызымын» таныстыру сайысы
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
ЖАЛПЫ ҰПАЙ:
№: 2
Мазмұны: Бейнефильм сайысы:
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
ЖАЛПЫ ҰПАЙ:
№: 3
Мазмұны:

«Өнерлі өрге жүзер» сайысы:

  1. Қара жорға флешмоб;
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
ЖАЛПЫ ҰПАЙ:
№:
  1. Үй жұмысы: ою-өрнек оюып келу.
Мазмұны:
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
№: 4
Мазмұны: «Білгенге маржан» сайысы:
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
ЖАЛПЫ ҰПАЙ:
№: 5
Мазмұны:

Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы.

  1. Киім үлгісін көрсету;
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:
ЖАЛПЫ ҰПАЙ:
№:
  1. Шаш өру үлгісін көрсету
Мазмұны:
9 АЖумабекова Айдана:
9 ӘТөлегенова Айдана:
9 БМухамеджанова Адель:
9 ВЕлекбаева Амина:
9 ГАшимханова Зере:
10 АЖангазина Айгерім:
10 ӘМукашева бақыт:
10 БТурсынгалиева Аружан:
10 ВКазбекова Акерке:

БАС ЖҮЛДЕ: І ОРЫН: І ОРЫН:

ІІ ОРЫН: ІІ ОРЫН: ІІ ОРЫН:

ІІІ ОРЫН: ІІІ ОРЫН: ІІІ ОРЫН:

Төреші:

16. 03. 2017ж.

«Білгенге маржан» сайыстың сұрақтары:


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты "кішкентай ару" 1-сынып
Ару қыздар байқауы
Мектеп аруы
Қазылар алқасының төрағасы
"қызға қырық үйден тыйым" 9-11 сыныптар
Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу, сұлулық бағдарламасы "сен сұлу"
<<бұрымды қыз>> байқауы
Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
"еркетай аруы" сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz