Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұқсас сандарды ата

Сабақтың тақырыбы: << Не? Қайда? Қашан?>>.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту, буынға бөлу, сөз құрау, жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар айту. Сандарды білу, есептер шығару, геометриялық денелерді тану. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, берілген сұрақтарға шапшаң, әрі дұрыс жауап бере білуге, дүниетанымын кеңейтуге баулу.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі кеспе әріптер, текшелер, сандар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме?
Қатар - қатар тізіліп
Оқушыға ылайық.
Қолымызды түсіріп,
Түп түзу боп тұрайық.
Бірінші қатар жәй отыр,
Екінші қатар тез отыр.

Балалар, біз бүгінгі сабақты ойыннан бастасақ. Қане айтыңдаршы, үстелдің үстінен нені көріп тұрсыңдар?
Зырылдауық, конфеттер.
Ал енді тақтаға қарайық. Бұл жерде ертегі кейіпкерінің аты жасырылған.
Оның кім екенін конфеттегі тапсырманы орындаған соң ғана білетін боламыз. Тәрбиеші зырылдауықты айналдырады.
1 - тапсырма. 1. Жыл мезгілдерін ата.
2. Ай аттары.
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Бүгін аптаның қай күні?

Кім апта күндеріне қатысты тақпақтар біледі?
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік қызықты,
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Тапсырманы орындадық әріпті ашайық.(Қ)

2 - тапсырма. 1. Тура және кері санау.
2. Сандардың көршісін тап.
3. Жұп және тақ сандарды анықтау.
4. Бірліктер мен ондықтарды ата.
5. Ұқсас сандарды ата.
Осы сандар туралы санамақты кім айтады?
Бір дегенім - билік, барлық іске килік
Екі дегенім - ерік, қойма еркіңді беріп.
Үш дегенім - үміт, шақырады күліп,
Төрт дегенім - талап, босқа жатпа қарап,
Бес дегенім - бірлік, бірліксіз жоқ тірлік
Алты дегенім - арман, шығатұғын асу,
Жеті дегенім - жігер, жеңгеніңді тілер
Сегіз дегенім - сенім, сенген табар елін.
Тоғыз дегенім - талғам, оқуменен алған.
Он дегенім - өзім, бәрін білер кезім.
Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар! Тапсырманы орындадық, енді екінші әріпті ашайық. (О)

3 - тапсырма. (Сауат ашу сабағынан қойылады.)
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстардың түрлері?
4. Дауыссыз дыбыстардың түрлері?
5. Әріп дегеніміз не?
6. Алфавитте қанша әріп бар?
7. Сөз дегеніміз не?
8. Сөйлем дегеніміз не?
Тапсырманы орындадық. Енді үшінші әріпті ашайық. (Ж)

4 - тапсырма. Әріптер туралы жұмбақтар, жаңылтпаштар айту.
Қарда бар
Борда жоқ
Жарда бар
Орда жоқ. (А)
А - әріпінен басталатын сөз ойлап табу. Жаңылтпаш білеміз бе?
Алғыр аттар
Арғымақтар
Арғымақтарды
Әркім мақтар.
Жұмбақ шешіп көрейікші.
Сауысқанды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді
Сапсыз бірақ тәрізді
Бастап тұрған қай әріп? (С)
Жарайсыңдар! Тапсырманы орындадық, енді келесі әріпті ашайық. (А)

5 - тапсырма. Математика сабағына арналады.
1. Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі.(үшеуі)
2. Шығармақ боп неше есеп
Жиналғанда бес есеп
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есеп? (екеуі )
Жұмбақ шеш.
Бір - бірімен жарысқан 2 - аю, 1 - арыстан, 2 - қоян, 3 - түлкі.
Бәрі нешеу? Сен ойлан. (8)
Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар! Тапсырманы орындадық, енді келесі әріпті ашайық. (Н)
Сергіту сәті.

6 - тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Тапсырма орындалды. Келесі әріп (А)

7 - тапсырма. Біздің балабақша, менің Отаным сөздерін оқып шығу.
Ашайық, келесі әріп (С)

8 - тапсырма. Сұрақ - жауап.
1. Кеңістікті бағдарлай аласың ба??
(оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен.)
2. Жабайы жануарларды ата.
3. Еңбек етсең ерінбей,
.........................................
(Тояды қарның тіленбей.)
4. мемлекеттік рәміздерді ата.
(ту, елтаңба және әнұран )
Балалар Ы әріпі шықты.

9 - тапсырма. Берілген сөздерді суреттегі отбасы мүшелеріне қайсысына қатысты екенін тап. (ата, әже, әке, ана, аға, әпке )
Соңғы әріпті ашайық. Бұл әріп - Р. Жасырылған сөзді барлығымыз оқиық.
ҚОЖАНАСЫР.
Ол кісіні ортаға шақырып, өз өнерімізді көрсетейік.
Ән << Бала тілегі>> хор.
Сабақты қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Сызықтық функция
Тақырып Қосу және азайту
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Сан құрамы
Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау
Сайыстың шарттары
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Санды көру
Екілік сан
Пәндер