Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ауыл қала

Сабақ тақырыбы: Қала мен ауыл
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1.3.1. Өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау, 1.1.3.2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекті жерлерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Өзінің тұратын қаласын, ауылын, көрікті жерлерін, тұратын жерін , елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттайды
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

2 мин



1 минут

3 мин

Психологиялық ахуал. (Тренинг)
"Сиқырлы таяқша" ойыны
Елестетіп көріңдерші, сендердің әр қайсыңның қолдарыңда ғажайып туғызатын сиқырлы таяқша бар. Сендер онымен қалаған жерлеріңе бара аласыңдар. Ауылдағы ата- әжелеріңе барып, мүмкін бір нәрсені әсемдегілерiң келетін шығар. Өзіңдерiңнің өзгертулеріңді дәптерлеріңе жазып немесе суретін салып отырыңдар. Осылайша, әрқайсысы сабаққа дайын болады...
Қызығушылығын ояту
Ребус шешу (пәнаралық байланыс: математика)
1
2
3
4
5
а
қ
ы
л
у

1
5
3
4
а
у
ы
л

2
1
4
1
қ
а
л
а
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-жетелеуші сұрақтар қою...
Ендеше осы сабақтан не білгің келеді? (тақырыбы мен мақсаты анықалады)
Суретке назар аудару .

Оқушыларға фотосуреттер беріледі (жұппен жұмыс)
(пәнаралық байланыс: жаратылыстану)

Фотосуреттерде не бейнеленгенін талқылап, қала мен ауыл суреттерін топтастырады
Әр топ фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі.
"Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?"
"Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?"
Бағалау: мадақтау. Жұлдызшалар тарату

Дескриптор:
-фотосуреттерде не бейнеленгенін айтады
-ауыл мен қала суреттерін ажыратып топтастырады
-қала мен ауылдың негізгі ерекшеліктерін: айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атайды

Сиқырлы таяқша

Кесте, сандар қатары, ребус

Тұсаукесер - слайд , сюжетті суреттер

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

мин

Оқулықпен жұмыс
40-41 беттегі суреттермен жұмыс.
Мұғалім оқиды....-оқушылармен талқылайды
Петропавл қаласы туралы айтылып өтіледі.

Ізден: Өзің тұратын жердегі орталық көше қалай аталады?
Бағалау: Мадақтау арқылы (Жарайсың!!!)
(Тілдік мақсатты оқулықпен жұмыс істегеннен кейін жүзеге асырамыз)
Қала- город- city
Ауыл- аул (деревня)- aul (village)
Топқа бөлу: 3-топ (1,2,3 санау арқылы)
Топпен жұмыс (саралау)
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін келесі тапсырма түрін ұсынамын. Кластер құру. (Берілген суреттер қиындыларынан кластер жасау)
1-топ

2-топ Ауыл мен қаланың көліктерін ажыратады

3-топ Венн диаграммасы

Бағалау: әр топ жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды, қаншалықты жұмыстары ұнады, қандай ескертулер бар (өзара)
Дескриптор:
-фотосуреттерде не бейнеленгенін айтады
-1-2 топ кластер жасайды
- қала мен ауыл адамдары немен айналысатынын ажыратады
-қала мен ауыл көліктерін ажыратады
- 3-топ Венн диаграммасына қала мен ауылдың айырмашылығы мен ерекшелігін жазады
Сергіту сәті.
<<Орнымыздан тұрып, қазір ауыл мен қаланың жолдарымен жүреміз>>
1. Қаладан - қалаға дейін сомалетпен ұшамыз
2. Аэропорттан үйге дейін жеңіл көлікпен барамыз
3. Ауылда атқа мініп шабамыз
4. Көлге суға түсуге велосипедпен барамыз

Дәптермен жұмыс 25 бет
Қалада кездеспейтін заттарды тауып, оларды қызыл қарындашпен қорша
Дескрипторлар:
-қалада кездеспейтін заттарды табады;
- оларды қызыл қарындашпен қоршайды.

Жеке жұмыс
(пәнаралық байланыс: сауат ашу)
<<Синквейн>> (5 жолды өлең)
Ауыл қала

Дескрипторлар:
-қала\ ауыл сөзіне 5 жолды өлең құрастырады

Оқулық, сюжетті суреттер
Оқулық 40-41 бет

Сюжетті суреттер, флипчарт, қайшы , желім

Жолдар, жолдар>> деген ән жүріп тұрады

Сабақтың соңы

2 мин

2 мин


1 мин
Бекіту (белсенді оқу)
Оқушыларға алдын ала сигналдық карточкалар таратылады. Қала- қызыл ауыл - жасыл

Белгілері
"Қ" -- "А"
1.
Көп қабатты үйлер
қ
2.
Университеттер,колледждер

3.
Қосалқы шаруашылық

4.
Зауыттар мен фабрикалар

5.
Бау-бақша

6.
Омарта

7
Ауыл мен қала көліктері

8
Жидектер теріп жүрген адамдар

Кері байланыс.
Жетелеуші сұрақ қойылады.
-Кімдерді <<қалалық>> деп атайды?
-<<Ауыл тұрғындары>> айналысады?
- Сенің қайда тұрғың келеді?Неліктен?
-<<Екі жұлдыз, бір тілек>> ойыны. Оқушылар қала/ауыл жақсы көретін және бір ұнатпайтын жерін айтады.

Рефлексия.
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс - түсіндім
Сары түс - әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс - түсінген жоқпын

Бағалау
Оқушыларды мадақтау. Кәмпиттер тарату

Ауыл мен қала суреттері

Ұқсас жұмыстар
Біздің қала. біздің ауыл
Ауыл
Тақырыпты оқып, мазмұндау
Шаруашылықтағы даму
Менің туған жерім
Бағалау парақшалары
Бағалау критериі
Шағын қала
Қала халқы және ауыл халқы
Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті
Пәндер