Бала қайда

3-4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту

С. Нургалиева, «Айналайын»балалар бақшасының тәрбиешісі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым-қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары дәлелдеп отыр. 3-4 жастағы бала сөзінде жай-жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздар да айтады.

Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.

Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік, септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т. б ойындар ойнату қолайлы.

Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын - артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында, немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр, - деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде: Әжемнен хат келді. Мен қайттім (қуандым) . Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.

Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрату. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет.

Ересек пен мектепке даярлайтын балалардың сөйлеуге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар көп қолданылады.

Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады.

Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды. «Кім не істейді?» ойнында тәрбиеші мынадай жеке сөздерді айтады.

Шопан . . . (колхоздың қойын бағады. )

Сауыншы . . . (сиыр сауады)

Құрылысшы . . . (үй салады) т. б.

Үй жануарлары не істейді.

Сиыр қайтеді? Не істейді? - мөңірейді, шөп жейді, жайылады т. б.

Жылқы қайтеді? Не істейді? - кісінейді, шөп жейді, жайылады.

Ит қайтеді? Не істейді? - үреді, үйді күзетеді.

Мыналардың суреттерін беріп, ол туралы балаларға айтқызу қажет:

Мысық . . .

Қой . . .

Әтеш . . .

Ойын талабы: Сұраққа бөгелмей жауап беру. Жолдастарының айтқанын қайталамау. Бұл ереже баланы тапқырлыққа, зейінділікке үйретеді.

Дидактикалық ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады. Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды.

Бала тіліне образды сөздерді қалыптастыру үшін оқу жылының екінші жартысынан бастап арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол үшін «Сипатталған затты тап» (жасыл, бұйра, түрі ақ), «Қайсысы қалай дыбыстайды», «Мына заттар туралы сипаттап айт» ойындары пайдаланылады.

Балалардың сын есімдерді (салыстырмалы, күшейтпелі, шырай түрінде), сөйлеу процесінде үстеулерді қолдана білуге (жоғары - төмен, кеңірек - тарырақ, ұзын - өте ұзын, кең - өте кен ) жаттықтыру керек.

«Кім көрген?», «Дәл тауып айт», «Кім саққұлақ?», «Кім жақсы айтады?» деген ойындар ойнату тиімді.

Тәрбиеші өзінің іс жоспарында ойын аттарын, сөздік материалдарының тақырыптарын көрсетуі керек. Мысалы, «Бұл кім?» деген дидактикалық ойында бала әр түрлі мамандық иелері жөнінде айтуы берулері тиіс. «Менің ойлағанымды тап» деген дидактикалық ойын балалардың сөзге белсенділігін арттырып, тапқырлыққа үйретеді. Мұндайда сөйлесу тақырыбы - үй жануарлары мен жабайы аңдар, бөлмедегі, бақша алаңындағы ойыншықтар мен мүліктер, өсімдіктер, көлік түрлері жайлы болғаны жөн.

Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ойынның маңызы қарастырылған. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген. Тілі шыққан баланың балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері, тілінің дамуы ойын үстінде қалыптасады. Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі, сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.

Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, заман оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық - рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут қа болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа мектепке дейінгі жастағылар бірнеше сағатқа созылады.

Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді, өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге келтіреді.

Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқымен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларғажақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар көптеген құрылыс материалдары, күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқумен тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Балалар өміріндегі сюжетті-рөлді ойындардың орны. Мектепке дейнгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады. Алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен екінші әрекетті, бір затпен екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да соған сәйкес іс-әрекет жасай бастайды.

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т. б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын болғаны дұрыс.


Ұқсас жұмыстар
Тұрлаусыз мүшелер. 176-179 жаттығулар
Ғажайып әуе шарына саяхат
Шароль Перро Бармақтай Бала
Жемістер
Қай вагонға мінемін
Тәрбиелі тәртіптің құлы
Әдепті баланы тап
Қазақ хрестоматиясының авторы кім
6 «а» сынып оқушыларының жыр-шумақтар жинағы
Шоқан Уәлиханов кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz