Жеті лақ пен қасқыр ертегісі бойынша тіл дамыту сабақ жоспары (театрландырылған көрініс, Айналайын балабақшасы, Ақсу қаласы)

«Жеті лақ пен қасқыр»ертегісі

С. Нургалиева, «Айналайын»балалар бақшасының тәрбиешісі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Мақсаты:Балаларға ертегінің мазмұнын баяндау, кейіпкерлер арқылы түсндіру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Сұраққа толық және нақты жауап беруін сөздік қорын молайту. Сонымен бірге жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Ертегі бойынша көрсетуде балаларды дауыс ырғағын дұрыс келтіріп, ата-ананың тілін алуға, сөйлей білуге жаттықтыру.

Көрнекілігі:суреттер, ертегі кейіпкерлер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Балалар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді

-Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Үйшік», !Маша мен Аю»т. б.

-Бүгін біз «Жеті лақ пен қасқыр»ертегісін ары қарай жалғастырып тыңдаймыз.

Өздерін сол ертегі кейіпкерлерінің атрибуттарын киіп, саханалайсыңдар.

Театрландырылған көрініс:

Қатысушылар:

Лақтардың анасы-Диана

Лақтар:Мирас, Архат, Амина, Айханым, Айару, Ерхан, Сафия.

Қасқырлар:Ерхан, Амир

Жүргізуші:Ерте заманда бір ешкі болыпты, оның жеті лағы блыпты. Ол орманда әдемі үйінде балаларымен тұрады екен. Бір күні ешкі дүкенге сүт әкелуге барамын, есікті ішінен бекітіп:Менен басқаға есік ашпаңдар»-деп орманға жиналыпты.

Лақтар музыка үнімен ортаға шығып билейді, секіреді.

Осы кезде өз әнімен анасы, лақтарын жақсы көріп, бастарынан сипап «жаным», «лағым», шұнағым»дейді.

Лақтары анасын ортаға алып «Ақ мамам»әнін айтады.

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын, ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Ешкі:Есікті ашпандар!Мен орманға кеттім!-дейді.

Лақтары үйде ойнап, секіріп қала береді. Анасы орманнан қайтқан кезде мына өлеңді айтып, лақтарына өзінің келгенін білдіреді.

-Лақтарым, шұнақтарым!Есікті ашыңдар!

Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Осы кезде орманда жүрген қасқыр ешкінің әнін естіп қалады. Қасқыр үйге жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған дауысымен:

-Лақтарым, шұнақтарым!Есікті ашыңдар!

Аналарың сендерге сүт әкелді!-деді.

Лақтар:

-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.

Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауысымен әндетеді.

Кет, Қасқыр, біз саған есікті ашпаймыз, -деп жауап қатты.

Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауысымен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрайды. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті. Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты.

Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:

-Лақтарым, шұнақтарым!Есікті ашыңдар!

Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Лақтар қуанып есікті ашып қалады, қасқыр оларды алып кетеді. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алады. Кішкене лақ бауырларын қасқыр алып кеткенін айтады. Ешкі қасқырға келіп, лақтарының қайда екенін сұрайды.

Қасқыр қарнын сипалап:

-Мен лақтарыңды көрген жоқпын!

Ешкі: «жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік.

Қасқыр:-Жарайды, кел.

Ордан секірген кезде қасқыр орға түсіп кетеді. Қарны жарылып, ордан лақтар орғып-арғып шықты.

Анасы лақтарын құшақтап «жаным», «шұнағым»деп әндетіп билейді. Лақтар қасқырларды ортаға алып «Қасқыр қақпан»ойынын ойнайды.

Қасқыр түссе қорға,

Ұстамасқа бола ма,

Қол ұстасып тұрайық,

Қасқырға қақпан құрайық.

Қане, қане тұрайық,

Қасқырға қақпан құрайық.

-Балалар, кім лақтар туралы тақпақ біледі?

Нармин:Шөре, шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Көрініс біткен соң рөлдерді ойнаған кейіпкерлер таныстырылады, алға шығып сәлем береді.

Қорытынды:Балалар, қандай ертегі көрдіңдер?қандай кейіпкерлер ұнады?Несімен ұнады?

Бағалау:Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады, оларға жұлдызша беріледі.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:балалар ертегімен танысып біледі.

Түсінеді:ойындарды түсініп ойнайды.

Қолданады:ертегіні сахналай біледі.


Ұқсас жұмыстар
Астана қаласы №67 Шұғыла балабақшасы Қызғалдақ тобының ағылшын тіліндегі Жеті лақ пен қасқыр ертегілік қойылымының оқу-тәрбиелік жобасы
Тіл апталығы: 3-сынып оқушыларының Қасқыр мен жеті лақ сахналық қойылымы
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ж ж дыбысы мен әрпі - Қасқыр және жеті лақ ертегісі негізінде
Кіріктірілген сабақ: Жеті лақ ертегісі негізінде білімді жүйелеу және дағдыларды дамыту
Тіл дамыту бойынша технологиялық карта: Түлкі мен тырна ертегісі
Тіл дамыту: Жеті қазынаның бірі ертегісі арқылы сөйлесуді, түсінуді және мәнерлі сөйлеуді дамыту
Жеті қазынаның бірі ертегісі негізінде тіл дамытуға арналған оқу-тәрбие жоспары
Кіріктірілген сабақ Жеті лақ: бастауыш сыныпта тілдік, математикалық және табиғаттану дағдыларын қалыптастыру
Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту: №16 Шағала балабақшасының тәжірибесі
Бастауыш сыныпта Егінші мен қасқыр ертегісі негізінде нанның маңызын және еңбек тәрбиесін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz