Релаксациялық тренинг: Ақсу-Жабағылыға елестету арқылы көңіл-күйді көтеру және баланың тілдік-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері

http://online-ramka.ru/frames/preview/26df13bc0c8c0788a8579c9c70f6f278.png Психологиялық тренинг

«Жақсы көңіл күй - жан азығы »

(Семинарға қатысушы қонақтармен)

Релаксация: «Ақсу - Жабағылы» қорығына саяхат

(Баяу музыка әуені орындалады) .

Құрметті әріптестер!

«Алтын ұя» бөбекжайына қош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі менің тренингім ерекше болмақ.

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім - дей келе мен сіздерді біздің еліміздің мақтанышы «Ақсу - Жабағылы» қорығымен таныстырып кетсем деп отырмын.

Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады.

Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмып, ыңғайлы отырып алыңыздар. Олай болса, саяхатымызды бастайық. (Баяу музыка әуені орындалады) .

Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі, түрлі - түсті өрнектер пайда болды да жарқ етіп ашылып кетті. Ары қарай өтіңіз. Сіз «Ақсу - Жабағылы» қорығына кірдіңіз. Айналаңыз көз тоймайтын табиғи сұлулық. Жерге қарасаңыз жайқалып тұрған хош иісті гүлдер. Грейг, Кауфман қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Самал жел таза ауамен гүлдердің иісін сізге жеткізуде. Келе жатып, алдыңыздан Ақсу жене Жабағылы, Топшақ өзендері кездесті. Алдыңызда Көксай ары қарай Жасылкөл, Айнакөл. Сіз көлдің жағасына келіп отырдыңыз, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытты.

Аңдар, құстар тобы сізге қарап сүйіспеншілікпен иіліп, сәлем бергендей болды. Қандай ғажап табиғат деген, көк аспан, таза ауа, жылы су, айнала жап - жасыл. Керемет әсер. Терең дем аламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің көз алдымызда сұлу табиғат құбылысының әсері кетер емес. Басымыз артық ойлардан тазарды, көңіліміз қуанышты.

Ақырын көзімізді ашамыз. Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз.

Қазір мына алдарыңыздағы слайдтан елестеткен табиғат көрінісін жалғастырып көрсеңіздер деймін (слайд көрсету) .

Бүгінгі «Баланың тілдік - танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану» атты семинарымызда сіздерге үшін тек қана көтеріңкі көңіл -күй сыйлап, жақсы әсер қалдыруға тырысамыз. Бүгінгі оқу қызметтеріннен жақсы, керемет әсер аласыздар деп ойлаймын. Шығармашылық бір орында тұрмайды. Ендеше жаңа жолдар күтіп тұр деуге болады. Сол жолдарда сәттіліктер болсын!


Ұқсас жұмыстар
Мұғалілерге арналған тренинг: психологиялық көңіл-күйді көтеру және сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру және ұжымды біріктіру
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру, жүйке жүйесін тынықтыру және интерактивті формаларға дайындық
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған психопрофилактикалық тренинг: көңіл-күйді көтеру және қимыл-қозғалыс икемдігін дамыту
Оқушыларға арналған психологиялық-тәрбиелік тренинг: көңіл-күйді жақсарту, өзін-өзі тану және топтық қарым-қатынас
Көңіл-күйді музыка арқылы бейнелеу: 7 жастағы балаларға арналған сабақ жоспары
Дарынды оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру: коучинг жоспары
Абай шығармалары арқылы талапшылдықты қалыптастыру: семинар-тренинг пен инновациялық оқыту әдістері
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру
Мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйін көтеру және ұжымдағы сыйластықты нығайту тренингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz