Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шәкәрімнің суреті
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімтану
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ мәдениетіне, әдебиетіне Ш.Құдайбердіұлының сіңірген еңбегі өлшеусіз. Сол еңбектерінің маңыздылығын оқушыға жеткізу арқылы, олардың білімдерін тереңдету.
Дамыту мақсаты: Шәкәрімнің дана тұлға, ғұлама ақын екендігіне оқушылардың көзін жеткізу арқылы олардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жан - жақты болуға, терең ойлауға, жалпы өнерді сүюге, адамгершілікке, білімділікке баулу.
Сабақ түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, дебат, тест.
Пән аралық байланыс: Тарих.
Көрнекіліктер: Шәкәрімнің өлең жинақтары, портреті, слайд.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
<<Адамдық борышын>> өлеңімен өзім бастаймын, қалған шумақтарын оқушылар бөліп айтады:
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып, қауымға келмейсің.
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт - Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
2- кезең. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
Кетермін, артымда сөз, әнім қалар,
Кейінгі жастар оқып, ортаға алар.
Бірі жөн, бірі теріс айтыпты деп.
Таласып, өздерінше сынға салар.
Тақтада берілген сұрақтарға нақты деректермен дәлелдеп жауап бересіңдер, өйткені бүгінгі сабақта дебат технологиясын пайдаланамыз.
3 - кезең.
Сұрақ беріледі. Осы төрт сұраққа толық жауап бере отырып Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірінен мағлұмат аламыз.
1. Шаһкәрім Абайдың шәкірті болмаған
2. Шаһкәрім мен Абай өлеңдерінде үндестік жоқ.
3. Қожа Хафиз, Науаи өлеңдерінің үлгісін қолданбаған.
4. Орыс әдебиетінің ұлы тұлғасы Толстойды танымаған.
4 - кезең.
Суретті тест. Суретті көре отырып, толық мағлұмат беру
Адам үшін - еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар бергенім.
1 сурет 2 сурет 3 сурет 4 сурет
5 сурет 6 сурет 7сурет 8 сурет
5 - кезең.
ТЕСТ. <<Иә>>, <<жоқ>> деген жауаптар арқылы тестіні орындау.
Алаяқ сұмдарға ерсең, болмас жолың,
Қазағым - ау, қазағым қайнар сорың.
Өнер - ғылым үйренсең, еңбек етіп,
Мазақ болмай елдікке жетер қолың.
1. <<Еңлік - Кебек>> поэмасының басында көрінетін Нысан абыз бейнесі реалистік бейне. (иә)
2. Шәкәрім поэмаларын қазақтың он буынды кезектес ұйқаспен жазған. (жоқ, он бір буынды қара өлең үлгісімен жазған).
3. <<От қанжар>>, <<Менің биім - өзіңнің ақ жүрегің>>- метонимиялы баламалар. (жоқ. Метафоралы баламалар).
4.<<ұлы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр>> - эпитетті метонимия (иә).
5.<<Қашқан жаудан құтылар>> деген кәне,
Надандықтан жиреніп, жылысалық..... -
<<Жастарға>> - деген өлеңінің 2 тармағы (иә).
6. <<Қалқаман - Мамыр>> поэмасын автор <<тарихи хикая>> деп атап, <<Мұтылған>> деген лақап атпен жарияланған. (иә).
7.Шәкәрімге домбыра тартуды үйреткен Абай. (жоқ) Абай Керей руынан шыққан әйгілі домбырашы Біткенбайды өз ауылына 1 жыл ұстап Шәкәрімге домбыра үйреттіреді.
8.Шәкәрім Абайдың қарасөздерін жалғастырып <<Мәнді сөздер>> атты философиялық трактаттар жазған. (иә)
6 - кезең.
Тың деректер. Ізденіс жұмысы. Оқушылар берілген тұжырымдарға дәлелді жауап беруі керек.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді, данышпан жан табалық....
1. Шәкәрімнің құдықта отырып көмілуі
2. Астында Абайдың күй арнаған <<Торжорға>> аттың болуы.
3. Шәкәрімнің суреті.
4. Зияттың 2 өлеңінің табылуы.
5. Жақпар - жақпар көлденең тауынан табылған бір сандық кітап.
6. Шәкәрім жұмбағы.
Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе
Етінен ет кесемін сөйлемесе
Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ
Сүйгенімді сөйлеттім әлде неше /қарындаш/
7. Шәкәрім афоризмі.
1. Өтіріктен тілін тия алмаған адам -
Арамдықтан ындынын тия алмас.
2. Сақ адам - сандығын бекіте алады.
Есті адам - тілін тия алады.
Ешкім ойын тия алмайды.
3.Тоғыз кедей бір алашаға сия алады,
Екі жуан жер жүзіне сия алмайды.
4.Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.
7 - кезең. Шәкәрім, Абай өлеңдерінен алған тағылымым. Карточкаларын таныстырып, оқу.
Еңбекке шыда, ебін тап та,
Сабырдың түбі сары алтын.
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі - өз халқың
8 - кезең. Ақын ата ізімен.....
Шәкәрімнің бір өлеңіне ұқсата отырып 1 шумақ өлең жазу.
Үйренуге қылма намыс,
Үйретуге болма кер.
Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай.
Тақтаға Шәкәрім мен Абай өлеңдерін іліп қою.
Шәкәрім
Абай
Киім жолдас болмайды
Жыртылады, тозады.
Көркің жолдас болмайды,
Қартаясың, солады.
Байлық жолдас болмайды,
Қолдың кірі ол дағы
Сары алтындай салмақты,
Ақыл жолдас болады.
Ақыл мен қайрат жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Мейірім, шапағат жол табар,
Ағайын мен туғанға.
Алдыңғы екі, соңғы бір,
Келе қалса қазаққа
Бара едің қай жаққа?
9 - кезең.
Шәкәрім атамыздың сауалына жауап.
Қырықтан соңғы қырымды.
Сынамақ болсаң түрімді.
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды.
Білімділерге бес сауал
Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын- бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын яки қазақша тәржіме етілсін. Бірлі-жарым араб, фарсы яки орысша сөз кірсе, қазақша тәржімесі жазылса екен. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен һәм не <<Айқап>> арқылы, не тура өзіме төмендегі адрес бойынша хатпенен жіберілсе екен. Екеуінің қайсысымен жазылса да, қол қойылған болып, адресі көрсетілуі тиіс, себебі, құдай жеткерсе, бұл туралы жиналған сөздедің бәрін жинап кітап қылып бастырмақ талабым бар. Бұл сұраған сөздерімді халық пайдасы деп ойлаймын; ол ойымды дұрыс көрсеңіз, жауапқа жеті тиын аямассыз деп үміт етемін. Бес сауал мынау:
1) Алланың адамды жаратқандығы мақсұды ма?
2) Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
3) Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет бар ма?
4) Ең жақсы адам не қылған кісі?
5) Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара жатыр ма? Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не?
Шаһкарим Хұдайберді оғлы
Адрес:Ст. Аркат,
Семипалатинская обл.
Чингизской волости,
Шахкариму Худайбердину
10 - кезең. Шағын дебат.
Тақырыбы : <<Шәкәрім тағылымы-XXI ғасыр жүйесіне келеді (келмейді)>>
11 - кезең. Қорытындылау.
12 - кезең.Үйге тапсырма.
Публицистикалық стильде жазу. <<Шәкәрім мұрасын оқыңдар>>
13 - кезең.Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz