Біз шыныққан балапандармыз: балабақшаға арналған дене шынықтыру және ойын сабақ жоспары

БІЗ ШЫНЫҚҚАН БАЛАПАНДАРМЫЗ

Мақсаты: Түрлі қызықты дене жаттығуларын жасау арқылы балаларды еркін қозғалуға баулу. Әуенге сәйкес нақты қимыл-қозғалыстарды орындауға үйрету. Қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін ұғып, тез және дұрыс орындауын бақылау.

Қостілділік құрауыш: доп-мячь, сылдырмақ-погремушка

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар

іс-әрекеті

Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық кезең
Тәрбиеші іс-әрекеті:

Жылулық шеңбер

Жылулық шеңбер:

Дөп-дөңгелек ала доп,

Қызыл, жасыл және көк.

Ала шықтым аулаға

Ойнайтұғын бала боп.

Негізгі жаттығулар

  1. Сап түзеп жүру, жүгіру, жай жүру.
  2. Дамытушылық жаттығулар.
  3. Кедергілерден өту.
  4. Ойын: «Түрлі-түсті текшелер»
  5. Тыныс алу жаттығулары.

-Балалар, бүгін күн біз үшін ерекше. Себебі бүгін біз осы уақытқа дейін үйренген, ойнаған ойындарымызды ойнап жаттығу жасап көңіл көтереміз. Бізге ол үшін құрсау, доп, текше, ойыншықтар, жапырақтар, кілемшелер және сылдырмақ керек. Ал, енді сап түзеп жүрейік.

Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Басты біз шайқаймыз

Қолды жоғары көтереміз,

Одан кейін түсіреміз.

Орнымызда жүгіреміз.

Кедергілерден өтеміз

Ептілігімізді сынаймыз,

Сылдырмақ үнін тыңдаймыз.

Түрлі-түсті құрсаудан секіреміз

Түстерін, біз, атаймыз.

-Керемет! Енді мына ойыншықтарды түстеріне, көлемдеріне қарай топтастырайық. Кішкентай ақ түсті ойыншықты ақ орамал жанына қоямыз. Үлкен қызыл түсті ойыншықтарды қызыл орамал жанына қоямыз.

Балаларіс-әрекеті:

Балалар шеңбер болап жүріп, әуен ырғағымен қимыл-жасайды.

Аяқтарын топылдатады. Қолдарын шапалақтайды.

Басын шайқайды.

Орында тұрып жүгіреді.

Ойыншықтарды тамашалап, топтастырады.

-Өте жақсы, тез жылдам, дұрыс орындадық. Келесі ойын доппен.

Ойын «Доптар»

Балалар өздеріңе ұнаған доптарды алып екі-екіден тұрып, бір-біріне лақтырып, қағып алады. Домалатады, екі аяқпен қысып жүреді.

Балалар назарын жабулы тұрған себетке аудару. Әуен ырғағымен себет ішіндегі көкөністерді алып басқа себетке жинайды.

-Балалар, берілген тапсырымаларды дұрыс орындап шыққандарын үшін мен сендерге сыйлықтар беремін.

Мына әдемі қорапшаны ашып көрейік. Бұл не?

Алма - адам денсаулығына өте пайдалы. Осындай қозғалысты дене жаттығуларын жасап көкөністер мен жемістерді көп жеп, таза ауада дем алып, өз денсаулығымызды күтіп жүрейік. Ал осымен сабағымызды аяқтайық.

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңбер жасап құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Ойын шарты бойынша қимылдар орындайды.

Көкөністерді себетке жинау.

Қоштасу шеңберін құру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі - берілген тапсырмаларды орындай алады;

Меңгереді - көлеміне, түстеріне қарай ажыратуды меңгереді;

Жасай алады - жаттығуларды біргелікте әрі дұрыс жасай алады.

C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Новая папка (5)\02_1.jpg C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Фото\Новая папка (2)\IMG_4287.JPG

C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Новая папка (5)\09_1.jpg C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Фото\Новая папка (2)1\IMG_4604.JPG C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Фото\Новая папка (2)1\IMG_4598.JPG C:\Users\Жансая\Pictures\Для фона\Фото\Новая папка (2)\IMG_3459.JPG


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі сабағы: Біз баламыз шыныққан, денсаулығы мықты спорттық сайысы
Акробатикалық жаттығуларға арналған дене шынықтыру сабақ жоспары
Көлік түрлері: балабақшаға арналған танымдық-ойын сабақ жоспары
Тіреліп секіру бойынша дене шынықтыру сабақ жоспары
Волейбол ойнауды үйретуге арналған дене шынықтыру сабағының жоспары
7-сыныпқа арналған дене шынықтыру: қазақтың ұлттық асық ойынының сабақ жоспары
Эстафеталық ойындар: 3-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағының жоспары
4-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы: Қамалды қорғау - сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған дене шынықтыру: волейбол бойынша қысқа және орта мерзімді сабақ жоспарлары
5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабақ жоспары: Жеңіл атлетика - жоғарғы және төменгі сөре
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz