Сұлу дала

Тақырыбы: «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, Пәк табиғат-жүректің ән-жырысың»
мақсаты: Оқушыларды туған жер табиғатымен таныстыру,
табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу.
көрнекілігі: табиғаттың әсем көріністерін бейнелейтін суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
1. «Табиғат адамзаттың өмір нәрі,
Қажетіңнің табылар содан бәрі»
2. «Жері байдың елі бай»
3. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын»
4. «Судың да сұрауы бар»
5. «Бір ағаш кессең он ағаш отырғыз».
Кітапханашы: Табиғит-тіршілік атаулының құтты қоныс, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерді туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі-парыз. Бұл сөз-біздің қанымызбен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі.
Қазақ жері қазақ елі-біздіңата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.
Қазақстан өз азаттығын ғасырлар бойы аңсаған және соның жолында ата-бабаларымыз аянбай күресіп, қасық қанын да, шыбын жанын да қиғаны -бізге тарихтың тылсым шежірелерінен жеткен шынайы шындық.
Қазақстан қазіргі таңда аты әлемге әйгілі егеменді ел екені-Қазақстан халқы үшін, әсіресе қазақ ұлты үшін зор мақтаныш, үлкен абырой!
Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние, жер, күн, аспан, тау, тас, өсімдік, жан-жануар, жән дік атаулының бәрі-табиғат.
Сұрақ-жауап:
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың төрт мезгілі бар.
-Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыс, өзгерістерді білесіңдер ме?
Қар, жаңбыр, бұлт, тұман, бұршақ, жел-бұлар табиғат көріністері.
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, Оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.
Табиғат-адамға қажет баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз.
«Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,
Қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
Жайлауға, табиғаттың әсем көріністеріне арнап ақындарымыз өлең жазған, суретшілеріміз сурет салған, ал күйшілер күй шығарған.
Күй: «Саржайлау».
-Бұл күйді тыңдай отырып жайқала өскен көк шөптерді, гүлді, даланы, сылдырап аққан бұлақ үнін, көгалды көз алдарыңа елестетіңдерші.
«Табиғат-алтын бесік».
1-оқушы:
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
2-оқушы:
Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп, адам бойына бар махаббат шуағын ұялатқан аяулы ана.
3-оқушы:
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің каөркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысың
4-оқушы:
Қазына қара жерде дейді халық
Күн көрген осы жерден ырзық алып
Жер Анадан үзіліп кете алмаған
Кемеңгер небір дана, небір алып.
Ән: «Туған жер».
5-оқушы: Қазақстан қойнауында түрлі пайдалы қазбалар өте мол. Қазірдің өзінде оның қойнауынан пайдалы қазбалардың сан түрлері өндірілуде.
6-оқушы:
Қарасам Қазақстан картасына
Оранған бар байлықтың алқасына
Арайлы атамекен қуат берген-
Ол сенің қасиетті топырағың.
7-оқушы:
Қойнауы қазыналы асыл кендер,
Бауыры малға толы жасыл белдер
Табиғат аямаған бар байлығын
Көз тартар көркіменен айдын көлдер.
8-оқушы
: Табиғаттың бір бөлігі-құстар. Сондықтан да біздер құстарды қорғап, оларға үнемі қамқорлық жасауға тиіспіз.
9-оқушы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz