Бала тілі - бал: отбасы тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен баламен қарым-қатынасты жетілдіру

Тақырыбы: Бала тілі - бал.

(ата-аналарға арналған дөңгелек үстел)

Мақсаты: отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,

- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Баланың ең бірінші ұстазы - ата-анасы.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

І. Танысу. «Ғажайып сандықша» ойыны.

Нұсқаулық: ғажайып сандықшаны ашып, ішіндегі айнаны алып, айнаға қарап өздерін таныстыру.

ІІ. «Аялы алақан» жаттығуы.

Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер болып тұрады, жаттығу сағат тілімен жүргізіледі. Сол жағындағы көршісінің иығына алақанын қойып, «сізді…. теңеймін немесе ұқсатамын. » (мысалы: жарқырап тұрған күнге) дейді. Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады.

ІІІ. «Ой қозғау» ата-аналарға сұрақ.

1. Балаңыздың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлесіз бе?

2. Балаңызбен қаншалықты қарым-қатынас жасап, әңгімелесесіз?

3. Балаңыз қандай дыбыстарға анық айтпайды?

4. Балаңыздың мінезі қандай ?

5. Балаңыздың ұнататын іс- әрекеті?

6. Бала - тілі бал дегенді қалай түсінесіз?

ІІІ . «Сиқырлы сөздер» ойыны.

Нұсқаулық: ата-аналарға бірнеше сөздер беріледі, сөздерді іштей оқып, ым-шарамен, іс-қимылмен сол сөздерді түсіндірулері қажет. (Сөздер: ағаш, күн, жұлдыз, мұғалім, жаңбыр, үй т. б. )

ІV. «Жанұя» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2 . Балаңыздың туылғандағы салмағы мен бойы?
3. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 . Балаңыз кеше қандай баға алды?
7 . Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыздың жақсы қасиеті?
9 . Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
10. Балаңыздың мұғалімдерінің толық аты-жөнін білесіз бе?

V. «Менің ойым» жаттығуы.

Нұсқаулық: мен сөйлемді бастап, ата-аналар өз ойларымен толықтырып мазмұндап айтулары қажет.

  • Бақытты жанұя - . . . - Ата-ана арманы - . . .
  • Бала бақыты үшін - Әке раманы - . . .
  • Әке мен ана - Отбасының беріктігі - . . .
  • Баланың тілі - Бала тәрбиесі - . . .
  • Біздің тілегіміз - Бала қылығы- . . .
  • Отан отбасынан . . . - Отбасы қорғаны- . . .

VІ. Қорытынды.

  • Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет, отбасыларыңызда шаттық пен қуанышты күндер бола берсін !

Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесінде әкенің рөлі және ата-ананың жауапкершілігі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Бақытым да, байлығым да - отбасы: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын тренинг
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың психологиялық тренингі
Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің рөлі: ашық тәрбие сағаты тәжірибесі
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың тәрбиелік ықпалын арттыруға арналған семинар-тренинг
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі: тіл дамыту, тәрбие және мамандармен ынтымақтастық
Мектепалды даярлық топтарында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту тренингі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен отбасылық тәрбиенің маңызы
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен балабақша-отбасы ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz