Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аялаған анашым, Мәпелеген анашым

Тақырыбы: <<Көктем аруы-2017>>
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына ананы сыйлауды, құрметтеуді, үлкенге ізетті
болуды қалыптастыру. Оқушының бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: <<Көктем-ана, қыздар-гүл>> нақыл сөздері. Бөлме шарлармен,
гүлдермен безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар,қонақтар және балалар. Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы залға 8 Наурыз-Халықаралық аналар мерекесіне жиналып отырмыз. Біздің тәрбие сағатымыз <<Көктем аруы-2017>>-деп аталады. Бүгін біз осы мерекемізді бастамас бұрын ППТК меңгерушісі Насенова Светлана Бахтыгалиевнаға құттықтау сөзін береміз.
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар.
Аналардан туған нейбір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар!-деп.
Құттықтау сөз:
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін табамыз ба?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Жүргізуші: Әрине, бұл біздің аналар. Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ана-перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға, әжелерімізге, апаларымызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
1. Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде. Исатай
2. Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым. Саян
3. Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым. Руслан
4 Ардақты ана - аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың. Серік
Жүргізуші:Бүгін біздің қыздарымыздың арасында сайыс ұйымдастырылмақ. Бұл сайысқа 6 қызымыз қатысады: : Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға .
Байқауға қатысушыларды шақырамыз,
Сейтжан А,Асқарова А,Муфтиева Г,БолатД,Арыстангалиева,Джумагалиев А.
Сайыстың 5 туры бар:
1) Өзін-өзі таныстыру
2) Өз өнерін көрсету
3) Қонақ күте білеміз бе? Тағам дайындау
4) Сөз маржан( сұрақ-жауап)
5) Сән үлгісі
Әділ қазылар алқасымен танысайық:
1) ППТК әдіскері - Карабалиева Н.З.
2) Ата-ана- Қошқарбаева Нұргүл
Жүргізуші: Сайысымыздың 1 туры. Өзін-өзі таныстыру (әр қатысушы өзін таныстырады). Әділ қазылардан қыздарымызды бағалаулары сұралады.
Жүргізуші: Әлпештеген баласын,
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Ендігі әніміз: <<Мама!>> Орындайтын:Асқаров Асылжан.
Жүргізуші: Сайысымыздың 2 туры. Өз өнерін көрсету (әр қатысушы өзінің дайындаған өнерлерін көрсетеді).
Әділ қазылардан қыздарымызды бағалаулары сұралады.
Жүргізуші: Ыстықсың сен маған,
Асыл үніңмен.
Қуантайын сені,
Әсем биіммен.
Би: <<Джентельмен>>, билейтіндер: Бір топ балдар.
Жүргізуші: Сайысымыздың 3 туры. Қонақ күте білемізбе? Дайындап әкелген тағамдарының қоспаларын айтып түсіндіру.
Әділ қазылардан қыздарымызды бағалаулары сұралады.
Жүргізуші: Бүгін біздің құрметті де ардақты әже, аналарымыздың мейрамы сондықтан кезекті балаларымыздың әже,аналарына арналған тақпақтарына берсек:
5.Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді. Тұрарбек
6.Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым. Ералы
7.Ақ сүт берген балаңа,
Күш - жігерін жұмсаған.
Бұл өмірде жан ана,
Тең келеді кім саған. Эльдар
8.Еркелеттің өсірдің,
Мойыныңа асыламын.
Аман болшы ардақты анам,
Мен әрқашан қасыңдамын. Дарын
9.Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін. Темирлан
Жүргізуші: Сайысымыздың 4 туры. Сөз маржан (әр қатысушы билет суыру арқылы 2 сұраққа жауап беру керек).
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық.
2. Кабинетіміздегі әлеуметтік мұғалім қай бөлмеде отырады? (Есепшінің бөлмесінің қасында)
3. Түйе құс өзін құспын деп айта ала ма? (Жок өйткені ол сөйлей алмайды)
4. Иса мен Мараттың бойлары бірдей. Мараттың бойы Омардан биік, ал Төлеш Исадан биік. Сонда ең биік кім?(Төлеш)
5. Терезе мен жақтаудың арасында не тұр? (мен деген жалғау тұр)
6.Жанардың шашы Орынгүлдің шашынан ұзын, ал Назгүлдің шашынан қысқа. Кімнің шашы ұзын? (Назгүл)
7. Жаңбырлы күні қоян қайда тығылады? (сулы ағаш)
8. Бір топ аралар ұшып келе жатса, алдынан бір адам кездесіп олардан қашады. Сол кезде адам екі бөшке көреді.Біреуінде бал,екіншісінде қарамай екен, ал адам қай бөшкеге тығылады.
9. Көктемнің келгенің білдіретін құс атауын ата?(Көкек)
10. Әли мектепке келе жатып оң жағында орналасқан үйлерді санады. Үйлердің саны жиырма болды. Ол мектептен қайтып келе жатып дәл ортасындағы үйге кірді. Әли нешінші үйге кірді? (10)
11.Көктемнің алғашқы гүлі? (Бәйшешек)
12.Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
Әділ қазылардан қыздарымызды бағалаулары сұралады.
Жүргізуші: Ана деген асыл ұғым құдыретті жаратқан,
Айналаға мейіріммен нұрлы шуақ таратқан,
Жүрегімде сақталады, анашымның сөздері.
Жылағанда көңілімді баурап мені жұбатқан,-кезекті әнге берейік
Ән: <<<<Бір түрлі қыз>> Орындайтын:Абдулов М.
Жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Сайысымыздың 5 туры. Сән үлгісі. Әділ қазылардан қыздарымызды бағалауларын сұраймыз.
Жүргізуші: Кезекті әнге береміз Ән << >> Орындайтын: Арыстангалиева Г.
Жүргізуші: Қатысушыларды марапаттау.
Жүргізуші: Бірге жайнап, бірле лаулап көктеммен,
Жүректерге жарық берген, от берген.
Таң күзетін, түн ұйқысын төрт бөліп,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!
Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,
Сәл әлдиден басталады ән-күйін,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!
өмірдегі ең асыл жан-Ана. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, аналарымызды еш уақытта ренжітпейік.
Аналарға сыйлықтар үлестіру.
Жүргізуші: Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Сіздерді тағы да 8 Наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Осымен біздің балаларымыздың концерттік бағдарламасы аяқталды. Сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Ардақтайық ананы
Хор Құттықтаймын ана туған күніңмен
8-наурыз мейрамы туралы
Бүгін бізде үлкен мереке
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!
Ана -өмірдің шуағы. ертеңгілік, ересек тобы
Аяулы жан - анашым
Менің отбасым туралы
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. 6-сынып
Пәндер