Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің жан дүниемнің гүл бағы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: <<Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп - лицейі>> КММ
Мерзімі: 08.02.2017ж.
Сабақ: №22
Тақырып: Өмірің өз қолыңда
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Өмірге деген сүйіспеншілік, қиыншылықтарды жеңе білу
Мұғалiм: Усманова Н.М.
Сынып: 6в
Оқушылар саны: 25
Мақсаты: Өмір, өмірдің мәні туралы түсінік беру; Адамның өмірі өз қолында екендігін оқушы санасына жеткізу.
Міндеті: - Адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру.
-Адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
-Өмірде болатын қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
6 сынып оқулығы, дәптер, презентация, нақыл сөздер, бейне таспа, аудио таспа
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
5Т - ұстанымын еске түсіру
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Тыныштық сәті
Менің жан дүниемнің гүл бағы...
Терең тыныс алыңыз... Өзіңізді жайлы, қалыпты ұстаңыз.
Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі- түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашыла кетті. Қақпаның арғы жағына өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі гүлдер сізге қарап, иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шеті мен шегі жоқ.
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі биледі. Гүлдердің ішінен сізге жымиып, күлімсіре қарап тұрған ерекше гүлге көзіңіз түсті. Түсі қандай?
Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз! Өзіңізді бағалай біліңіз.
Іштей қайталаңыз: Мен-ол мен. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын! Мен - бақыттымын! Менің қолымнан бәрі келеді.
Кім өз сезімімен бөлісе алады?
Қандай сезімде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру
Өмір туралы, өмірдің мәні, мағынасы туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер жазып келу.
2-3 оқушы жазғанын оқып береді. Ішінен бір - екі нақыл сөз бен мақалға талдау жасалынып, мағынасы түсіндіріледі.
-Өз өмірлеріңнен мысал келтіре аласыңдар ма?

Дәйексөз
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен.
С. Торайғыров (1893-1920жж.) - ағартушы, ақын
-Ұл балаларға 1 рет оқыту
-Қыз балаларға 1 рет оқыту
-Хормен 1 рет оқыту
-Дәптерге жазып алу
Сұрақтар :
-Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Әңгiмелеу
Аңыз әңгіме
Бәрі өз қолыңда
Сұрақтар:
-Шәкірт неге ұстазын сынамақ болды?
-Шәкірт ұстазын қалай сынады?
-Ұстаз шәкіртіне не деп жауап берді?
-Егер шәкірт көбелекті өлтіргенде не болар еді?
-Өздерің ұстаздың орнында болсаңдар не деп жауап берер едіңдер?
-Өмірің өз қолдарыңда екені туралы ойлар келді ме?
Оқушылар тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіріп, өмірлік ұстанымы және мақсаттары туралы, жеке ойларымен бөліседі.

Шығармашылық жұмыс
Әдеби үйірме (топтық тергеу) стратегиясы бойынша <<Өмір туралы>> аңыз атты әңгімені талдау
Оқушылардың қалауы бойынша топтастырылады.
Топтарға тапсырмалар:
1топ: Баяндаушылар - оқиғаның мазмұнын баяндайды.
2 топ: Зерттеушілер - басты оқиғаны зерттеп, сипаттайды.
3 топ: Суретшілер - әңгімедегі кейіпкерлерді, оқиғаны бейнелейді.
4 топ: Сілтеме табушылар - әңгіменің тақырыбын ашатын сілтемелер табады.
5 топ: Сұрақ құрастырушылар - әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді.
6 топ: Дәнекерлеушілер - әңгімені бүгінгі өмірмен, қоғаммен салыстырады.
Өмір туралы аңыз
Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:
- Менің істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер-, деп тапсырма береді.
Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстел үстіне қояды да, шәкірттерінен:
- Қараңдаршы, балалар, ыдыс толы ма?
- Толы, толы,- деп шуласа кетеді шәкірттері.
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады.
Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрайды:
- Ыдыс толды ма?
Олар ыдыстың толғанын айтады.
Данышпан енді тас толып тұрған ыдысқа құм салып, содан кейін оның үстінен су құяды.
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады.
Сол кезде данышпан шәкірттеріне бұрылып:
- Менің осы әрекетім жайында және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді.
Шәкірттері өзара кеңесіп:
-Ірі тастар адам өмірінде ең мәнді заттарды білдіреді. Олар: отбасы, Отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар адам өміріне әрқашанда мағына беріп, мәнге толтырады. Ұсақ тастар: жұмыс, пәтер, қызмет, яғни маңызы бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм - адамның күнделікті өміріндегі ұсақ - түйектер, - деп жауап береді.
Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені :
-Егер адам өз өмірін құм толтырылған екінші ыдыс сияқты өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды. Өмір ұсақ - түйекке көп мән бермей, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты өмір сүре алады.
Данышпан ризашылықпен былай дейді:
-Менің сендерге бір ғана тілегім бар: ірі тастарыңды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары - құм ғана.

Топпен ән айту
Әні Д.Байтлеуовтікі
Сөзі М.Балмолданікі
Балдәурен
1.Балдаурен көктем асығып жеткен, шағала күнде,
Базарлы маусым шырқаған даусым, тамсанып әсем.
Балауса балғын, көк майса шалғын, барады күнмен,
Тербеліп биге, жайқалып биле ән салып әсем
Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатымен самғаумен,
Көңілдің ұшырып аққуын,
Балауса, балбұлақ балдәурен.
2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық, көңілге сұлу,
Тоя ма көзің балдәурен кезім, бақыт-ау бақыт.
Далам-ау дархан, тауындай биік, өмірге сұлу,
Тоя ма көзің, айтшы сен өзің, уақыт-ау уақыт.
Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатымен самғаумен,
Көңілдің ұшырып аққуын,
Балауса, балбұлақ балдәурен.

Үй тапсырмасы
А.Сейдімбек <<Бетпақдала>> оқып келу. 74 - 76 бет

Соңғы тыныштық сәтi.
Бейнероликтен үзінді көрсетіп, сабақты қорытындылау.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар көзін жұмып отырады.
Мұғалім жай дауыспен:
<<Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттерге жүрегімізден орын табайық. Әрқайсымыздың өміріміз өз қолымызда екенін еш уақытта естен шығармайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді көздеріңді ашуға болады>>
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Менің эмоцияларым
Сыр мен сымбат
Қарттарым-асыл қазынам туралы ақпарат
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Ұлы даланың батыр қыздары. хиуаз доспанова
Қуан анам
Құрметті оқушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар
Менің әжем
Айналайын, ақ анам ( Ашық сабақ )
Ананың қолдары
Пәндер