Атлас таспалардан гүл жасау

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба: Атлас таспалардан гүл жасау

Сабақтың мақсаты :

Оқушылар таспа туралы мәлімет алып, әртүрлі гүлдер жасап үйренеді.

Оқушылардың атлас таспадан гүл жасау дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артып, функционалдық сауаттылықтары жетіледі.

Оқушылар істі сапалы, талаптарға сай орындауға, әсемдікті көре білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрi: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

Қолданылған стратегиялар: топтастыру, «Ойлан, жұптас, талқыла», «Өкіл» әдісі, бес бармақ

Құрал жабдықтар: түрлі түсті атлас таспа, ине, жіп, қайшы, от тұтатушы, сызғыш, моншақтар, ыстық желім, қосымша заттар.

Көрнекілiгi: тақырып бойынша презентация, атлас таспалардан жасалған гүл үлгілері, инструкциялық карталар

Пәнаралық байланыс : тарих, өсімдіктану, сурет, сызу, математика, музыка

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері
Мақсаты
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Күтілетін нәтиже
Сабақ кезеңдері: Қызығушылықты ояту
Мақсаты:

-оқушының көңіл - күйі сабаққа аударылады;

-тақырыпты меңгеруге бағытталады;

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушыларды түрлі - түсті таспаларды таңдау арқылы топтастырады.

Психологиялық дайындық жүргізеді.

«Атлас таспадан жасалған түрлі бұйымдар» атты бейнероликті көрсетіп сабақтың тақырыбын хабарлайды.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Өзін - өзі бағалау критериилерін топ мүшелеріне таратып береді.

Оқушының іс - әрекеті:

Түрлі - түсті таспаларды таңдау арқылы 3 топқа топтасады.

Таңдап алған таспалардың түсіне байланысты әр топ бір - біріне тілектер айтады.

Бейне роликті тамашалайды, сабақтың мақсаттарын айқындайды.

Өзін - өзі бағалау критерийлерімен танысады.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылығы артады;

-Коммуникативтік құзыреттіліктері артады.

Топтың басқа мүшелерінен қалыспау үшін тырысады.

Сабақ кезеңдері: Мағынаны ажырату
Мақсаты:

-оқушылар жаңа мағлұматтармен танысады;

-ой түйеді;

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Әр топқа мәтіндер таратып береді.

1 топ: Атлас таспаның тарихы.

2 топ: Түстердің үйлесімділігі.

3 топ: Атлас таспамен жұмыс жасағанда қолданылатын құрал - жабдықтар және қауіпсіздік ережелері: инемен жұмыс, қайшымен жұмыс, от тұтатқышпен жұмыс, ыстық желіммен жұмыс

Оқушының іс - әрекеті: Берілген мәтінді топ ішінде талқылап, «Өкілдер» басқа топқа барып түсіндіріп береді.
Күтілетін нәтиже:

-Ақпараттық құзыреттіліктері артады;

-Оқушылар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісе біледі;

-Басқаның пікірлерін тыңдай білуге үйренеді;

Сабақ кезеңдері: Ой - толғаныс
Мақсаты:

-оқушылар негізгі ойды талқылайды;

білімдерін нақтылайды, сарамандық жұмыс орындау барысында іскерлік қабілеттерін арттырады.

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Әр топқа нұсқаулық карталарды таратып береді.

Баяу музыканы қосады.

Шопен «Вальс цветов»

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды.

Үйге тапсырма береді: Ғаламтордан гүл жасау үлгілерімен танысу.

Бес саусақ әдісі бойынша рефлексия жасауға бағыттайды.

Оқушының іс - әрекеті:

Берілген нұсқау картасы бойынша атлас таспадан гүл әзірлейді, қорғайды.

Бағалау парағы бойынша есептеу жүргізеді, қорытындысын хабарлайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Бес саусақ әдісі бойынша өз ойларын айтып, қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже: -Атлас таспадан гүл жасау дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артып, функционалдық сауаттылықтары жетіледі.

А

Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі» КММ

Ашық сабақ тақырыбы:

Шығармашылық жоба: Атлас таспалардан гүл жасау

2016 - 2017 оқу жылы

Пәні: Технология

Мұғалім:Усманова Н. М.

Похожее изображение


Ұқсас жұмыстар
Тамақ дайындау технологиясы
Ақынның өмірбаянымен шығармашылығы
Жас түлек лентасын тағу
Қытай шаруашылығы
Бес білезік
Сарыарқа жайлы ақпарат
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. демографиялық саясат. 10-сынып
Топтарға бөлу
Батик. Матаға сурет салу өнері
Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz