Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топ басшы

Қазіргі сабақта қолданып жүрген жаңашыл әдіс- тәсілдер
Самсалиева С.А.
<<Жаңа ғасыр>> №175 гимназия
тарих және құқық пәндерінің мұғалімі,
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсының Бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасының сертификат иегері
Мемлекеттің болашағы жайындағы мәселеде ұстазға жүктелер міндет ауыр. Себебі болашақты бүгінгі мектеп оқушылары жасайды. Сондықтан қоғамның болашағын оқытып, тәрбиелеп жатқан мұғалімнің заманауи білімдерді, технологияны, ұстанымдарды игерген кәсіби деңгейі жоғары, қарым- қатынас нормаларын меңгерген, адамдық қасиеті болуы қажет.
Философияда <<Бәрі өтеді, бәрі де өзгереді>> деген қағида бар. Егер XX ғасырдың басында тарихта <<Сауатсыздық жойылсын>> қозғалысы болып халықты жаппай сауаттандыруға күш жұмылдырылса, XXI ғасырдың басы компьютер сауаттылығына бағытталды. Осының бәрі өмірдің бір орнында тұрмауына байланысты өзгерістің керек екендігінің дәлелдері болып табылады. Қазіргі кезде осы өзгерістерге байланысты біліктілікті арттыру курстары жаңаша құрылып, деңгейлік жаңа форматты курстар жүргізілуде.
Осы деңгейлік курстың бірінші деңгейін тәмамдағандықтан мен әріптест еріммен өз ойымды былай бөліскім келеді:
Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы болды. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс, аудиториямен сұрақ- жауап арқылы талдау)
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Талдау барысында оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді <<Диалогты оқыту әдісі>> және <<Қалай оқу керектігін үйрету>> туралы түсінік, сыни тұрғыда ойлауға үйретуде оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс- тәсілдердің түрлерін қолданудың тиімділігі туралы , оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда бағалаудың түрлері туралы, бағалаудың әр түрлі формалары білу қамтылған, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана оқыту , компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу, талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын деңгейлік тапсырмалардың қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы , оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту- бұл оқу барысында сыныпта жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау, оқытуды басқару және көшбасшылық модулінде оқушыларды шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы туралы пікір алысады.
Осы модульдерді іс- тәжірибемде қолдану барысында мына мәселелерге ерекше назар аудардым. Ең алдымен әлем елдерінің тәжірибесіндегі нәтижелі әдіс- тәсілдерді іздестірдім.
Қазіргі кезде кейбір алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында жаңашыл реформалар жүргізіліп жатыр. Ондай реформалар ТМД аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Жаңа ғасырда Әлемдік дамыған мемлекеттердің білім беру жүйесінде білім беру әдістерінің жаңаруы, білім берудің мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде дамытылған үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отырғаны бәрімізге белгілі.
Әлем елдері тәжірибесінде әрбір мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар.
Әлем елдерінің ішінде Балтық жағалауы елдері , соның ішінде Латвияның білім беру жүйесіндегі реформалары мені елеңдетеді. Себебі бұл мемлекеттер Кеңестік жүйеден алғашқылардың бірі болып бас тартты емес пе. Сондықтан реформа жасауға басқаларынан бұрын кірісуі заңды да шығар.
Латвия да 12 жылдық білім беру жүйесін қабылдаған.
Латвия Республикасы Сеймінің << Латвия 2030 жылға дейін>> даму стратегиясында білімнің қолжетімділігін жүзеге асыру және білім беру ұйымдарындағы өзгерістер мәселелеріне тоқталған. Осы жерде маған
<< Оқушылардың жұмыс топтары>> мәселесі ерекше ұнады. Топтық жұмысты біз бұрыннан - ақ іс - тәжірибемізде қолданып жүрміз, алайда оның қыры мен сырына үңіле бермейді екенбіз. Бұл жерде оқушылардың әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында жеке емес, топтарға бірігуінің тиімділігі атап көрсетілген.
Латвияда бастауыш мектептердегі білім беруге үлкен мән беріледі.Мектеп- латын тілінен аударғанда- баспалдақ дегенді білдіреді, ал сол баспалдақтың алғашқы төртеуінің жан- жақты игерілуі өте маңыздырақ. Нақтылай түссем, оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, шығармашылық үрдіске тарту үшін жұптық, топтық жұмыстар арқылы жағымды эмоционалдық ахуал жасау тиімділігі жөнінен маңызды әдіс болып табылады. Топтық жұмыс формасы сабақта жұмысқа қабілеттілік ортасын жасап, әр оқушының оқу қызметіне тартылуына, әрқайсысының өз қателігін көруге ,оның себебін анықтауға, тапсырманың орындалуы жолының дұрыстығына көздерін жеткізеді.Топтық жұмыста мұғалімдер оқушыларды өз сыныптастарының пікірін тыңдауға, пікірталас пен диалогтың мәдениетіне,саналы тәртіпке,топтық жұмыстың өзінде-ақ өзінің даралығын көрсетіп, құрдастарымен қарым- қатынасқа түсуге үйретеді.
ХХ ғасырдың 30- жылдарынан бері Л.С. Выготскийдің дамыта оқыту әдісі тиімділігі жоғары әдіс болып табылады. Оқытудың негізгі принципі
<< обучение не плетется в хвосте развития, а ведет его за собой>> принципімен жүзеге асатын бұл әдіспен Латвия мектептері де айналысқан.
Латвияның <> атты мектебінде баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру дамыта оқыту әдісіне негізделеді, ол үшін топтық жұмысты белсенді түрде қолдану оқушыны ұжымда табысты жұмыс істеуге көмектесетіндігі дәлелденді. Топта ұжыммен жұмысты ұйымдастыра алған оқушы лидер болуы заңды да. Бұндай мектепті нағыз ойлау мен іс- әрекеттің интеллектуалды мектебі деп атауға толық негіз бар.
Латвиядағы топтық жұмыстың оқу қызметіндегі орны мен рөлі туралы
<< Эксперимент>> педагогикалық орталығының жетекшісі С.Т. Танцоров топтық жұмыстың орнын анықтап алу үшін және қандай іс- әрекеттерде топтық жұмысты пайдалану нәтижелі болады?- деген сұраққа жауап беру үшін <<мұғалім кім, оқушылар кімдер? немесе мұғалім не істейді?, оқушылар не істейді>> деген ой- пайымдарға назарымызды аударады. Оны мен төмендегі кестеге салып көрсетуді жөн көрдім.
Оқушы
Мұғалім
Оқушылар оқу әрекетінің өз бетінше әрекет ететін субьектілері болуы керек

Мұғалім өзінің іс- әрекетін зерттей білуі керек. Ол тек қана баяндаушы немесе өте жақсы әңгімелеуші ғана болмау керек, онда ол дамытушы білім болмайды.
Бұл өзіне оқу мақсатын қоя білуге қабілетті, өзін- өзі анықтай алуға қабілетті

Мұғалім- оқу орнындағы оқу жағдайын ұйымдастырушы. Мұғалімнің дайындап келген сабағын педагогикалық қызметтің арнайы жобасы деп түсінуіміз керек, онда оның ойы, пайымы, мақсаты ,рефлексияға бағытталуы айқын көрінеді.
Қойған мақсатына қарай өзінің оқу әрекетін бақылауға қабілеттілік

Мұғалім оқушылармен қарым- қатынасты ұжымдық деңгейде құрады, оқушының кез- келген сұрағына анық және сыни тұрғыда қарау, бірлескен іс- әрекетте түзету мен өзгертуге дайын болуы керек.
Ойына алған нәтижеге жету қабілеті
Мұғалім- оқушының оқу әрекетінің <<аудиторы>>. Оқушыға ақыл- кеңес беруде,іс- әрекетін бағалауда нақты болу керек
Бұл үшін ойлау және ұйымдастыру әрекетінде барынша серпімді болу деп түсінеміз.

Оқушылардың белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу белсенділіктері болу керек, оған жан- жақты тәсілдерді қолдану арқылы жету керек.

Оқушылар өзінің оқу әрекетіне проблема қоя білуі керек. Олардың білетіні мен әлі де білуге тиістіні ойлау және ұйымдастыру қабілетінің арасындағы алшақтық өз көзқарасы бойынша игерілуі керек

Оқушылар оқу әрекетінде рефлексияға қабілетті болу керек.

Енді оқушылармен жүргізілетін топтық жұмыстың рөлі мен орны туралы бастапқы ойымызға қайта оралатын болсақ, кестедегі тұжырымды жинақтай келіп , топтық жұмыс туралы кемінде төмендегі үш түсінікті білу керек және ол төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың технологиясын білу ═
Оқушылар еркін және қарапайым
түсінеді

Топтық жұмысты ұйымдастырудың технологиясын білу ═
Оқушылар еркін және қарапайым
түсінеді

Топтық жұмыста кері байланыстың болуы ═
Оқушылардың проблемаларды шешу әдісі
Топтық жұмыста кері байланыстың болуы ═
Оқушылардың проблемаларды шешу әдісі
Топтық жұмыстың ең негізгі маңызы- ұжымдық ойлау═
Әртүрлі көзқарастарды жинақтау
Топтық жұмыстың ең негізгі маңызы- ұжымдық ойлау═
Әртүрлі көзқарастарды жинақтау

Қорыта келе, әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін,ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой.
Жаңашылдық, өзгеріс керек екені деңгейлік бағдарламасының тыңдаушысы ретінде маған түсінікті болды десем, осы тәжірибені Қазақстан мектептерінде соның ішінде өзімнің мектебімде ендіруге толық негіз бар деп ойлаймын. Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады.
Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы тең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын.
Оқу үдерісінде кейбір әріптестерім оқушыларды топпен жұмыс жүргізуге үйретеді. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады.
Мұғалімге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс- әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойлану үдерісі екенін мен осы деңгейлі бағдарламаны оқу барысында түсініп жатырмын. Әріптестеріме осы тұс әлі де болса олқы болса толықтыра жатарсыздар деп есептеймін.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. << Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле>> деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.
Өзгерісті не арқылы жасаймын деген мәселеде , маған көмекке келетін коучинг пен тәлімгерлік жөніндегі жұмыстар . Жоспарымның келесі бағытын осыған арнадым . Мақсат: ой бөлісетін, идеялас адамдарды топқа тарту, өзін әлі де болса көрсете алмай жүрген әріптестеріме кәсіби көмек беру еді. Өзгерісті ендіру үшін мен бірлесіп жұмыс жасау үшін тәлімгерлерімді, бұрын деңгейлі курс оқыған әріптесімді, сондай - ақ тағы да басқа қызығушылық танытқан әріптестерімді тарттым.
Иә, тақырып таңдап алынған соң дереу жоспарын жасауға кірістім. Әрине оңай бола салған жоқ. Біз түрлі жоспарлар жасай аламыз, сол жоспарларымызбен іс- әрекет жүргізіп , ол іс- әрекетімізге рахмет те алып жүрміз. Бірақ осы жоспарды жасау , өзгеріс қажеттілігін түсінген маған қиындау болды. Бұл бұрынғыдай жалаң сөзден ғана тұрмайды, осы жоспар негізінде өткізген коучинг арқылы сен мұғалімдерді тақырып көлемінде дайындайсың, жаттықтырасың.
Осыдан кейін сенің іс- әрекетіңе қанағаттанған адам болса осы әдіс арқылы сабақ өтуді ұсынуы мүмкін, ал олай болған жағдайда сенің іс- әрекетіңнің нәтижелі болғанының дәлелі осы болады.
Осындай жағдайды мен << Топтарда жұмыс істеудің тиімділігі>> атты коучингті өткізу барысында басымнан кешірдім. Коучингкке 6 ақ адам қатысты бірақ бәрінің эмоциясы көрініп тұрды. Коучинг барысында мына бір нәрсе әсерлі болды деп ойлаймын.
Мен тәжірибе күні бастала салып қарап жүрмедім ғой, менің ұтымды жағым 1 қыркүйектегі <<Бір халық, бір ел , бір тағдыр>> тәрбие сағатын , 3 қыркүйектегі отбасы күніне арналған тәрбие сағаттарын жаңа әдіс- тәсілдердің элементтерін пайдаланып өткізгем. Міне коучинг барысында сөзім дәлелді болу үшін мұғалімдерге сол кездегі сандық, сапалық деректерді ұсындым.
Оны көріп отырған әріптестерім :
* Топтарды ұйымдастыру ережесі болады екен ғой
* Топтарға бөлудің түрлі тәсілдері бар екен ғой
* Топтарда жұмыс істеу ережесі бар екен ғой
* Топтағы бірлескен жұмыс осылай екен ғой
* Топтағы жұмыс нәтижесі маңызды екен ғой деп, осы
туралы пікірлерін қалыптастырып , рефлексия жасады.
Қорытындысында :Топтық жұмыс- оқытудың өте ықпалды тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл оушыларға - қолайлы қарым- қатынасқа түсуге, уақытты ұтымды жоспарлауға, жаңашыл көзқарастар мен идеяларды топпен талқылауға ,топ ішінде рөлдерді анықтауға, топ мүшелерінің тапсырмаларды бөліп тапсыруға, тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді- деген
түйінді ойлармен коучингті аяқтадық.
Тағы да бір коучинг тақырыбы << Сын тұрғысынан ойлау>> деп аталды. Нұсқаулықта << Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік>> деп атап көрсетілген. Сондықтан мен коучингке осы тақырыпты арқау еттім.
Коучингкке 14 адам қатысты . Бұл мен үшін қуанатын жағдай. Себебі адамдарға қазір ештеңе қызық болмай қалған ғой. Адамдарды таңқалдыру өте қиын. Менің мақсатым таңқалдыру да емес, бірақ мұғалім деген қасиетті атты арқалап жүрген әр ұстаз қоғамның дамуынан шет қалмай, шәкірттерін алға сүйреп, оларды ынталандырып отыру үшін үнемі өзі де білімін жетілдіріп отыруы керек. Осы коучингтегі мақсатым әріптестеріммен бірге сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсатымен, негізгі түсініктерімен , тәсілдерімен танысу, оларды іс-тәжірибеде қолдануға бағыттау болды.
Коучингтің жоспарына сәйкес жағымды ахуал қалыптастырудан бастадым. Онда мұғалімдер аты- жөнін айтып , ең басты қасиеті туралы айтып, бүгінгі күнге әріптестеріне сәттілік тілейді. Коучтан басталған осы сергіту барлық мұғалімдер тарапынан жағымды ахуалдың орнауына септігін тигізді.
Мұғалімдерді 2 топқа бөліп алғаннан кейін
<< Идеялар, түсініктер , ұғымдар кәрзеңкесін...>> толтыру үшін теориялық материалмен жұмыс жүргіздім. <<Сын тұрғысынан ойлау>> тақырыбында материал беріледі.
Топтар талқылай отырып <<түйінді>> сөздерді стикерлерге жазып отырады. Бір- бірінің айтқанын қайталамайды. Стикерлерді постерге жапсырып кәрзеңкелерге салады
Біткеннен кейін әрқайсысы кәрзеңкеге не салды, соны қорғайды.
Түйін сөздердің барлығы адамның ойлау қабілетімен тікелей байланыстылығы анықталады. Сіздердің айтуыңызша сын тұрғысынан ойлау талқылау үдерісі, проблемны шешу, мәселелердің құрылымы, бір сөзбен айтқанда кері байланыс екенін анықтаймыз.
Арнайы дайындалған слайдтарды көрсете отырып, сын тұрғысынан ойлау:
- ой қозғау(өзгелердің ойына сыни көзқараспен қарау,көрген- білгенін талдап, салыстыру, реттеп, сұрыптап, жүйелеу)
- шақыру( өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету,іс- әрекетте белсенділік таныту , уәж(негіздеме) қалыптастыру,мақсат қою)
- іске асыру(жаңа білімді меңгеру, түсінік қалыптастыру және білімдерін жүйелеу, ақпарат алу)
- рефлексия(жаңа білімді беру, толық түсінік, бағалау және өзін- өзі бағалау бойынша жұмысы) сияқты әрекеттер орындаған жағдайда жүзеге асатындығын айтып өттім.
Блум таксономиясын пайдаланып <<Алма>> тақырыбында топтық жұмыс жүргіздім. Бұл коучингке қатысушылардың өте қызығушылықпен орындаған тапсырмасы болды. Бірінен кейін бірі орындалған тапсырмада сын тұрғысынан ойлаудың білу-түсіну-қолдану-талдау-синтездеу- бағалауға дейінгі төменгі үдерістен жоғарыға қарай кезең- кезеңімен танымдық ойлау дағдысы жүзеге асырылды.
Өз кезегінде мұғалімдер тапсырманың төменгі мақсаттарын ғана жүзеге асырады екенбіз ғой деп өздерінің әдіс- тәсілдеріне сыни баға беріп отырды.
Келесі іс- әрекет мына тапсырмадан басталды. Ақылдың алты қалпағы .
6 қалпақ таратылады. Сурет ұсынылады . Мұғалімдер өз қалпағының негізінде 6 қырынан қарап ой бөліседі
Келесі іс- әрекет. Видеоролик көрсету.
<< Қошқар мен теке>>
Тапсырма: оқиғаның үзінділерін ретімен хронологиялық тәртіпте орналастыр . Логикалық шынжыр жаса. Сын тұрғысынан ойла.
Инсерт (+-) әдісі арқылы рефлексия жасалып, қорытындыланды.
Міне, жоғарыдағы әдіс- тәсілдерді айта келіп өзгерістерге қадам жасадық деп айтуға негіз бар.
Негізінде өздерін оқушы ретінде көретін мұғалімдер мол табысқа жетеді дейді ғой, менің бір тәлім алушым өзін солай сезінді. Осы тәлім алушымның бойынан мынадай құндылықтар анық сезіліп тұрды:
1. Кәсіби мүдде. Тәлім алушы болғанынан рахат алды, өзі ғана рахат алып қоймай көңіл- күйімен басқаларымен бөлісіп, айналасына жағымды ахуал туғызып отырды.
2. Елгезектік. Қандай тапсырма болмасын бар мүмкіндігін сарқа пайдаланып, өзара қарым- қатынасты бағалауда сергектік танытты.
3. Білуге құштарлық. Кеңес алуға да , кеңес беруге де дайын. Шыншыл.
Негіздемем: тәлім алушымның сандық , сапалық деректері
Мұғалім түсінігі тұрғысынан :
- Сын тұргысынан ойлайды. Өзінің жартылай ізденгіштік қасиетін таныта отырып, оқыту үдерісін талдауға қабілеті көрініп отырды.
- Түсінігі мен ұстанымы. Тәлім алушым мұғалім үнемі даму үстінде болатындығын және бұл әртүрлі жылдамдықта көрінетінін түсінді.
Дәлелім: тәлім алушыммен ресми, бейресми сұхбаттарым.
Білім саласында:
oo Бастамашыл, жаңа әзірлемелерге қызығушылық танытады.
oo Кәсіби өсуі туралы әріптестерімен талқылайды, кәсіби қоғамдастықтың белсенді мүшесі.
oo Өзі әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде бірлестігін жұмылдыра алуы, басқа да мұғалімдерді оқыту мен дамыту үдерісіне тарта алуы.
Дәлелім: Тәлім алушыммен жасаған сандық, сапалық деректер.
Тәлім алушымның тиімді әрі шығармашылықпен жұмыс істеуіне осы қасиетерін пайдаландым, өз кезегінде менің тәлімгерлік және коучтік рөлімнің ашылуына септігін тигізді.
Тәлім алушымның осындай қасиеттерінің бүкіл тәлімгерлік циклі барысында байқалып отыруы: 1. менің тәлімгерлік жұмысымды осы мүдделер тұрғысында құрып, нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызды.
2. менің де тәлімгерлік және көшбасшылық қасиеттірімді аша түсті.
Жұмыстың жаңа жолдарын , оқытудың әдіс- тәсілдерінің мәнін ұғындыра отырып ол әріптесімнің өзгерген , белсенді сабақтарының куәсі болдым. <<Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?>>- деген коучингкке қатысқаннан кейін осы тәлім алушым топтық жұмыстың тиімділігін көрсететін сабақ өткізуге сұранды. Оны өткізу барысында мына нәрсенің басын ашып алдық:

Тәлім алушымның оқу стратегиялары
Менің кеңесім
Ешбір ережесіз бөле салу.
Топтарды ұйымдастыру ережесіне назарын аудару.
Әрбір жаңа сабақта топты бейресми бөлу. (топтардың ауысып отыруы топ мүшелері арасындағы жағымды қарым - қатынасқа әсері бар)
Топты құруда қатып қалғандық (тәлім алушым бұрын тұрақты бірге жұмыс жасайтын топты құрып алатын,ашық сабақ өткізу барысында олар бірге отыратын)
Топтарға бөлудің түрлі әдіс- тәсілдерін білу:
- Күн ретімен бөлу
- Жыл мезгілдерімен бөлу
- Санамақ арқылы бөлу
- патриоттық тақырыптағы сөйлемдердің реті арқылы бөлу
- мозайкалық суреттерді құрастыру арқылы бөлу т. б.

Арнайы ереже қарастырылмайтын. Бірақ топ басшысы міндетті түрде сайланатын.
Топтарда жұмыс істеу ережесінің болуы.
Топтың жұмысы тиімді болу үшін билік пен жауапкершіліктің бөлінуі:
Топ басшы
Баяндамашы
Тайм- кипер
Сарапшы
Топтың тапсырманы орындап шығуына ғана назар аудару
Топтағы бірлескен жұмыстың -белгілі бір мақсатты көздейтіні.
Әлеуметтік( бір- бірімен пікірлерімен , идеяларымен алмасады,
Бірлесіп мәселені шешеді, ұжымдық нәтижеге қол жеткізеді.)
Танымдық (баламалы пікірлер, идеялар ұсынылды,
Маңызды дағды және түсінік қалыптасады)
Эмоционалдық
(топтың белсенді мүшелерінің біліміне сүйену,күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы орта қамтамасыз ету)
Жұмыс нәтижесіне озат оқушы ғана жауапты деп түсіну
Топтағы жұмыс нәтижесі.
Ақпаратты бірлесіп игеріп, тапсырмаларды орындау үшін белсенді қатысып, ақпаратты өңдеу және қорыту.
Осындай талқылаулар барысында тәлім алушымның 3- сыныпта өткізген
<< Ханшайым бейнесін модельдеу>> тақырыбындағы еңбекке баулу сабағында топтық жұмыс- оқытудың ықпалды тәсілі ретінде, оқушыларды топқа бөліп, топтың алтын ережесін сақтай отырып, табиғи материалдан ханшайым бейнесін моделдеп, ханшайымға әр топ өлең жазып, шығармашылық тапсырма орындады.
Жинақтасам : оқушылар топта жұмыс істегенде коучинг барысында видеороликте көрсетілген << Ақылды құмырсқалардай>> болды.
Бұл коучинг пен тәлімгерліктің тиімді болғанының көрсеткіші деп есептеймін.
Коучинг нәтижесінде оған қатысқан 14 әріптесім:
1. Сын тұрғысынан ойлаудың білім беруді дамыту үшін маңызымен танысады,
2. логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін біледі
3. осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдыларға үйренеді.
Коучингке қатысқан мұғалімдер коучпен бірлесіп және менің басшылығыммен өткізген
Сын тұрғысынан ойлау тақырыбына құрылған сабақтарында :
Мәселені түсіну( қызығушылық тудыратын сұрақтар)
Мағынаны тану( оқушылар жұмысты талдап жинақтауға дағдыланады, берілген сұрақтар бойынша өзіндегі білімдерді еске түсіру, жауаптар іздеу, мәселені зерттеу үшін жаңа мағлұматтар іздеуге талпынады.)
Ой толғаныс ( ойлау процесінің жоғары сатысында мәселені талқылау , алған білімін пысықтау) мәселелерін оқушылармен нәтижелі көрсетті.
Бір сабақтағы сабақты қорытындылаған кездегі төрт жол өлең стратегиясын қолдану өз нәтижесін берді.( онда ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды беру, өз сезімін қысқа сөзбен қамту сияқты әрекеттер болды).

<< Ханшайым біздің ақылды
Өзі сондай сымбатты
Барлық қыздар бақытты
Ханшайым болар арманы>>
Бұл тақырып туралы терең толғаныстан шығады, бай түсініктен қалыптасады.
Бір әріптесімнің сабағына қолданған кластер жасау әдісі, ЖИГСО әдісі өз нәтижесін берді.
Мемлекеттердің тарихын түсіндіруде 4 топқа бөліп әр топқа мемлекеттің саяси құрылысы , шаруашылығы, сыртқы саясаты, зерттелуі сияқты қомақты тапсырмаларды өз беттерінше меңгеріп , топтық талдау жасап постер қорғату оқушылардың белсенді қарым- қатынасына негіз болды.
Тұжырымдамалық кесте қолдану арқылы өтілген ортағасырлық екі мемлекетті (Оғыздар мен Қимақтар) салыстыру бекіту кезеңіне нәтиже алып келді. Оқушылар осы арқылы зерттеу жасау, талдау, талқылау , тұжырым жасауға дағдыланады.
Сөзімнің соңында:
<< Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі>>- деген екен В.О. Ключевский. Мен бүгін сіздердің ойларыңызға қозғау сала алсам өзімнің іс- әрекетімнің белгілі бір пайызы орындалды деп есептейтін едім .
<< Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керек. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті.>>- дейді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында.
Уақыт талабына сай болайық .

<< Мәңгілік ел>> ұлттық идеясы аясында Отан тарихы ғылымын зерделеу( іс- тәжірибесі бойынша)
Алматы қалалық мұғалімдердің тамыз мәслихаты
2014жылғы 18 тамыз
Өзгерістерге бағытталған деңгейлі бағдарлама талаптары - нәтижелі б

Ұқсас жұмыстар
Спорт біздің досымыз!
Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы туралы
Логарифмнің қасиеттері
Дау - жанжал себептерін синаттау
Табиғат қорлары табиғат
Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
"зерде" интеллектуалды ойын сайысы!
Диалогтік оқыту, Екі балақай арасындағы әңгіме
Отбасында кім басшы
«мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы
Пәндер