Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Допты беру

Сабақтың мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік ескерту
Дайындық бөлім
- Сапқа тұру
- Сәлемдесу
- Рапорт қабылдау
- Сабақтың мақсатын түсіндіру
-5 Жүру жаттығулары
а) аяқ ұшымен жүру
б) өкшемен жүру
в) жартылай отырып жүру
г) толық отырып жүру
-Жылдам жүру

- Жүгіру жаттығулары
а) оң қапталмен секіру
б) сол қапталмен секіру
в) оң аяқпен секіру
г) сол аяқпен секіру
д) тез жүгіру
- Жалпы дамыту жаттығулары
1. Бастапқы қалып, аяқ иық тұсында, басты айналдыру жаттығулары
2. Бастапқы қалып, аяқ иық тұсында иықты айналдыру жат - ры
3.Бастапқы қалып, аяқ иық тұсында, қол кеуде тұсында, жауырынымыз бір - біріне тиетін етіп артқа сермейміз.
4. Б.қ, а.и.т оң қолды жоғары тік, сол қолды төмен тік ұстап артқа сермейміз.
3. Б.қ.а.и.т оң қолды жоғары тік көтеріп, сол қолды белге қойып солға иілеміз.
4. Бастапқы қалып, аяқ арасын ашып, <<Мельница>> жасау
5. Иілу жаттығулары

6. Аяққа арналған жаттығуар

7. Секіру жаттығулары

8. Тыныс алу жаттығулары

12мин

1мин

1 мин
2мин

4мин

5мин
5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5 - 6 рет

5-6 рет

6-8 рет

6 - 8 рет

15 рет

10 рет

3 - 4 рет
Әр жаттығуды жасау кезінде жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау, қателіктерін дер кезінде түзету.
Бір сызыққа, бой-бойымен тұру. Денсаулықтарын қадағалау, түгендеу.
Денені тік ұстау керек
Қолды жоғары тік ұстау керек
Қолды белге қою керек
Қолды белге қою керек
Қолды желкеге қою керек
Қолды алға шынтақты бүгіп табан толықтай жерге тию керек.
Қолды белге немесе алға артқа айналдыру керек
Қ о л д ы е р к і н қ о ю ғ а б о л а д ы
Шапшаң жүгіру керек
Дұрыс орындау керек
Оңға, солға айналдыру

Қолды иыққа қойып шынтақты 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру керек.
Қолды жазып, тік ұстаймыз.

Тік ұстаған қолды бүгуге болмайды.

Көтерілген қолды тік ұстау керек;

Оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа тигізу;
Оң аяққа,жерге, сол аяққа қолды тигізу.Тізені бүгуге болмайды.
Отырып тұру, қолды алға кеуде тұсында созу.
Оң, сол, қос аяқтап секіру.

Мұрнымен тыныстап, ауыздан тыныс шығару керек.
Волейбол ойыны - еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті құрал жабдықтардың өте қарапайым болуы оны бұқраралық сипатқа ие етті. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады.волейбол Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан бастап кіргізілді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылдан бері сенімді ойын жолына көшті.
Допты беру. Волейболда допты берудің екі тәсілі бар - төменне және жоғарыдан беру қолданылады.
Жоғарыдан беру:

Көрнекілік бойынша жалпы түсінік беріп кету.

Сыныпты екіге бөліп, кезекпе кезек допты үстінен беру.
Шағын волейбол элементтері бар эстафеталық ойындар:
oo допты жалғастыру.

- жылдам жүгіріс

- допты үстінен бер

Волейбол ойнау
28мин

5 мин

5 мин

Қалған уақыт

Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады. Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкене сәтсіздік кез келген қозғалыстың дәлдігін бұза отырып, кеуденің қисаюына әкеледі. Бастапқыда ойыншы тізе және жамбас буындарын баяу жаза отырып, денені допқа қарай бағыттайды. Қолдар,кеуде және аяқтар қозғалысқа біртіндеп қосылады. Аяқты жазу есебінен кеуде қозғалысқа түскен бойда қолдар бет деңгейіне келтіріледі және саусақтар допты қабылдау жағдайына ие болады: шынтақ шамалы ғана алға шығарылып, бас бармақ бетке бағытталып ұсталады. Ал допты қабылдағаннан кейін саусақтар беттен қашықтап, бас бармақ ілгері ұмсындырылады.
Допты қарсыласына бергеннен кейін сап артына жүгіріп барып тұру керек.
Сыныпты әр топта 4-5 адам болатын етіп 2-3-4 топқа бөлу.
Ойыншылар бір қатар құрып тұрып, әр команданың 1 -1 ойыншылары өз тобына қарама-қарсы қарап тұрып. Допты үстінен әр ойыншыға кезектестіріп береді. Ең соңғы ойыншы допты қағып алып бастаушы ойыншымен орын ауыстырады. Допты қаққан ойыншылар отыра қалады. Бастаушы ойыншы алға тұра қалады. Ойын 1 ойыншы айналып 1 келгенше жалғасады.
Жүгіріп барып допты қабырғаға 10 рет соғып қайтып келу.
2 ойыншы қарама - қарсы тұрып бір-біріне допты жоғарыдан волейбол әдісімен беру керек.
Ереже бойынша ойнау.
Қорытынды бөлім:

- Саптық жаттығуларды қайталау.

- Оқушылардың демдерін қалпына келтіру жаттығулары.
oo Бағалау

- Үйге тапсырма
5мин

2мин

2мин

1мин

Оңға,солға бұрылу, орнында айналу жаттығуларын, орнында тұрып қадам басу жаттығуларын пысықтау.
Жүру жаттығулары.Қолды жоғары көтеріп мұрнымен тыныстап, жерге еңкейіп, ауыздан тыныс шығару керек.
Сабақтың қорытынды бағасын айту. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктерді қайтадан түсіндіріп, жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушыларды атап өту.
Өтілген тақырыпты қайталау және ұлдар белтемірде 15 рет тартылу, қыздар шалқадан жатып денені көтеру -25рет.

Волейбол сабағындағы қауіпсіздік талаптары

Беруде оқушы төмендегі тлаптарды орындауға тиіс:
допты төбесінің үстіне көтеріп тастағаннан кейін саусақтардың ұшымен серігі жағынан допты қайтару.
Допты қабылдарда доптың ұшуын бақылау, оның бастың үстінде саусақ ұшының қарсы қимылымен қабылдау, ал қатты ұшып келе жатқан допты - екі қолмен төменнен білекпен;
Допты алақанмен қайтаруға болмайды;
Допты тор арқылы берген уақытта оған қол тигізуге, бір-бірін торға итеруге болмайды.
Допты ойынға қосу, шабуыл соққысында оқушы төмендегілерді орындауға тиіс.
серігі допты алуға дайын ба, жоқ па соған көз жеткізу.
Серігіне дейінгі қашықтыққа байланысты соққының күшін шамалау;
Допты соғуды ширыққан алақанмен орындау;
Қатты келе жатқан допты жоғарыдан екі қолмен қабылдамау;
Ойын кезінде оқушы төмендегілерді орындауға тиіс:
ойынның қарапайым ережелерін білу және сақтау;
алаңның өз жағындағы ойыншылардың қозғалысын бақылау;
мұғалім рұқсат беріп, ойын тоқтағанда, алаңдағы ойыншыларды алмастыру;
ойынды допқа қосу және мұғалімнің ысқырығы бойынша ойын әрекеттерін тоқтату;
өзге командаға допты тордың астынан беру;
Болмайды: допты ойынға қосқанда сызықты басуға ал допты қабылдағанда оны ұстап алуға;
Ойын кезінде болмайтындар:
бәсекелесін мазақтауға;
оның жағына шығуға;
торға қолдарды тигізуге және асылуға;
сабақ аяқталғаннан кейін, мүмкіндігінше волейбол торын айналып өтіп, сағат тілі бойынша алаңның екінші жағына ауысыңдар. Тордың астынан өткенде алаңдамай, кеуде мен басты еңкейте, алға қараңдар;

I Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойындар
<<Волейбол добын жоғарыдан беру, жоғарыдан тосу>>.

II Сабақтың мақсаты: а) Волейбол ойынының тактикаларымен
техникаларын, добын жоғарыдан беруді,жоғарыдан тосуды үйрету.

ә) Волейбол ойыны арқылы, жылдамдыққа,
ептілікке, биікке секіру қабілеттерін дамыту;
Саусақ күштерін, тез шешім қабылдау қабілеттерін
дамыту.

б) Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша дені сау
ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын
насихаттау. Жеңіске жету, алға ұмтылу
қасиеттерін тәрбиелеу; Адамгершілікке,
достыққа тәрбиелеу. Сабақта тәртіп сақтау
жағдайында бірлескен әрекеттер жетістігіне жету. Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру.

ІІ. Сабақтың типі: үйрету;
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
IV. Сабақтың әдісі: жекелей, топтық, түсіндіру, көрсету.
V. Қажетті құрал - жабдықтар: Ысқырғыш, уақыт өлшегіш, волейбол,
баскетбол доптары.

VI. Өтілетін орны: Спорт зал

<<БЕКІТЕМІН>>
_____________________
_____________________
<<____>>________________

Тақырыбы: <<Волейбол добын жоғарыдан беру, жоғарыдан тосу>>

Дайындаған: Жалау Мыңбаев атындағы
мектеп - гимназиясының
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Құлберген Ақтоты

2016-2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Допты дұрыс қабылдау
Волейбол добын беру, қабылдау түрлері
Қолды артқа ұстау
Допты соғып жүру
Волебол
Баскетбол. допты қозғалыс кезінде беру
Спорттық үйірмелер жоспары
Допты ұстау
Допты алып жүру
Баскетбол сабақ жоспары
Пәндер